Қазақ филологиясы в15. 110 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде педагогикалық зерттеу



бет12/50
Дата20.05.2022
өлшемі295.85 Kb.
#458423
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
аза филологиясы в15. 110 аза тілі мен дебиеті п нінде педаг

Модалділік. Бағалауыштықпен байланысты қарастырылатын категория -лардың келесі бір тобы –модалділік категориясы. Қазіргі лингвистикада модальдылық әмбебап категория болып табылады. Сөйлеушінің айтылған ойға қатысын және сонымен бірге алуан түрлі құралдардың көмегімен актуалдануы бағалауыштықты модальдылықтың құрамдас бөлігі ретінде тануға әкеп тірейді [3].
Этикалық баға. Этикалық баға объектісі – адамды бағалауға негіз болатын әрекеттер, қылықтар. 
Жағымды этикалық бағаэтикалық норманың, яғни белгілі бір мөлшердегі ережелердің сақталуын талап етеді. Жағымды этикалық бағаны білдіретін сөздер тобының түйінін «қоғамдық тәртіп нормаларын, мораль талаптарын сақтайтын» мағынасы бар предикаттар құрайды: өнегелі, адамгершілігі мол, ізгілікті, көргенді, рақымды, саналы, таза, (ауысп.), мінсіз, күнәсіз т.б. Жағымсыз этикалық бағанымынадай предикаттар білдіреді: адамгершілігі жоқ, рақымсыз, әдепсіз, азғын, бұзық, ардан безген, арсыз, сұмырай, адам емес.
Эстетикалық баға. Бұл бағаның объектілері эстетикалық құндылықтар болып табылады. Зат пен құбылыстың эстетикалық талаптары қанағаттандыру/қанағаттандырмау қабілеттілері түрлі деңгейде көрініс табуы мүмкін және осыған байланысты эстетикалық баға жағымды не жағымсыз сипатта болады. Қарама-қарсы жағымсыз эстетикалық бағалауды мынадай предикаттар білдіреді: ажарсыз, көріксіз, реңсіз, сұрықсыз, құбыжық, ұсқынсыз т.б. 
Гедонистикалық (сезімдік) баға. «Сүйсінерлік, рахатқа бөлейтін» деген жағымды гедонистикалық баға мағынасының көңіл сүйсіндірерлік, жағымды, жұмсақ сияқты предикаттар білдіреді: Адамды жұртқа жағымды -лығына қарай бағала. Тамақты жағымдылығына қарай іш (ҚТС). Утилитарлық (пайдалылық) баға. Бұл бағалау объектінің белгілі бір іске жарамдылығы немесе пайдалылығы туралы сөз болғанда орын алады. 
«Пайда келтіретін» мағынасындағы педикаттар қатарына мыналар жатады: жарамды, тиімді, пайдалы, игілікті берекелі, қажетті. «Пайда келтірмейтін» предикаттары: пайдасыз, құр бекер, босқа, нәтижесіз, жарамсыз [3]. 
Баскесер – қарақшы жендет. Ажалдан бас тартпайтын өңкей бас кесерлер (Б.Тұр.) Субьектісі бар. - Логикалық қыры абсолютті баға, яғни салыстырмалы баға жоқ, себебі обьектіні басқа бір обьектімен салыстыру мәні жоқ екенін оңай аңғаруға болады. 

  1. Жағымсыз. Себебі, бағаланып отырған обьектінің жағымды емес екендігін коннотаттық мағынасында бағалау шкаласы күшейтіліп (өңкей бас кесерлер), айтушы обьектінің мейірімді емес қарақшы жендет екендігін білдіріп тұр. 

  2. Салыстырмалы бағалау, себебі бір ғана обьекті емес обьектінің көп екендігін көрсетіп тұр. -лер көптік жалғауы арқылы субьектінің көп екендігі көрініп тұр. 

  3. Аффектілік. Ерекше айқындылық бағалауыштың бойынан көрініс тапқан. Себебі, өңкей бас кесерлер деген жерде алынып отырған обьектінің барлығының ап-айқын бас кесерлер екендігі аңғарылады. 

  4. Вербалдық. Тілдік бірліктер арқылы беріліп тұрғаны анық. 

  5. Этикалық. Адамды бағалауға негіз болатын әрекет,қылықтың жағымсыз түрі. Қоғамдық тәртіпке қайшы келетін, адамгершілік қағидаларын сақтамайтын өңкей бас кесерадамдар. 

Жүрек жұтқан - еш нәрседен қорықпайтын батыл, ер-азамат. 
«Тап солай» десіп, шұлғи-шұлғи иланып еді. Осымен қатар, Құнанбайдың жүрек жұтқан ерлігі, айла-тәсілі өзінен-өзі атамай-ақ, әйгіленіп жатты (М.Ә.)
Қорыта келгенде, адамның өзіндік болмысын, күрделі табиғатын, қимыл-қозғалысын, психологиялық күй кешуін, физиологиялық қалпын т.б. жай-күйді ой-санасымен қатысты ұғымдардың жүйеленуінен қалыптасқан соматикалық фразеологизмдер әуел бастан-ақ адамдардың өзін-өзі тануға ұмтылуынан пайда болған. Фразеологиядағы соматикалық код ғасырлар бойы адамның ойлауы мен дәстүрлі түсінуін өзінің бойына сіңірген тілдің өзіндік ерекшеліктері мен әмбебаптығын айқын көрсетеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет