Қазақ филологиясы в15. 110 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде педагогикалық зерттеу


Өздерінің жасаған өнімдерін қорғау



бет24/50
Дата20.05.2022
өлшемі295.85 Kb.
#458423
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
аза филологиясы в15. 110 аза тілі мен дебиеті п нінде педаг

19.Өздерінің жасаған өнімдерін қорғау
Мақсаты – өз жұмысының түйінін жасау білу біліктілігін дамыту

Өз тәжірибесімен бөліседі. Өзара ұсыныс, пікірлерін білдіреді




10 минут

20.Қашықтықтан оқу кезеңінде мектепте орындауға арналған тапсырмалар
Түйін: мұғалімдердің өзін-өзі реттеудегі негізгі түсініктер бағытында ойларын жинақтауға мүмкіндік беру

Портфолио құру
5-апта 1-тапсырма (1 және 2-бөлімдермен байланысты) танысады. Сұрақтар қояды.




15 минут

21.Теориялық сәт
«Қалай оқу керектігін үйрену», «Метатаным»
Мақсаты — өзін-өзі реттейтін оқудың мәні мен сипатын теориялық тұрғыда түсінуін дамыту, АКТ құралымен жұмыс жасау біліктілігін жетілдіру

Тақырып бойынша әр топ өз таныстырылым мазмұнын құрады

Мұғалімге арналған нұсқаулық
Ноутбук

10 минут

22.Күн қорытындысы. Кері байланыс
Мақсаты — танымдық біліктерін дамыту, өз түйінін жасауға жетелеу, тақырып бойынша түсініктерін байқау

Еркін микрофонды қолдана отыра ауызша түсініктеме беріп, өз түсінігін негіздей




Жоспарға түсініктеме. Мұғалімдер оқушылар тарапынан туындайтын мәселелерге: оқуға қызығушылықтың болмауы, әлеуметтік ортадағы мінез-құлықтарының әлсіздігіне басымдылық танытады. Сондықтан тақырыпты мұғалімдердің назарын өзін-өзі реттеуге қатысты кездесетін кедергілерді сипаттайтын жағдайларды қарастыруға, шешу жолдарын, тәсілдерін анықтау, танымдық,эмоционалдық, әлеуметтік, ынталандырушылық салалардың маңыздылығын түсіну мақсатында таңдадым. Нәтижесінде кедергілер себебін, өзін-өзі реттеудің мәнін түсінеді, өзін-өзі реттеудің тәсілдерін анықтайды. Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында сұрақтар легін ұйымдастыруды жоспарладым. Мұғалімдерді топқа аудан бойынша бөлемін. Бұл әр аудан мұғалімдерінің тақырыпқа қатысты ортақ мәселелерін, бастапқы түсініктерін анықтауға көмектеседі деп ойлаймын. Күннің екінші жартысында шабыттандыру, ынталандыру мақсатында «Менің бойымдағы қасиеттер» жаттығуы бойынша бөлемін. Мұғалімдердің құрдастық оқыту, мұғалім тарапынан қолдау, бағыт берудегі қажеттіліктерін, сұраныстарын ескеремін. «Маржанды тіз»,«Сұрағым бар» әдістерін топтық жұмыста қолданамын. «Газет» әдісін тақырыптың мазмұнын түсіну, түйіндеу үшін қолданамын.
Іс-әрекетті басқару, реттеуде «Өзіндік таныстырылым», «Менің қозғалысым» жаттығуларын жоспарладым. Нәтижесінде өзіндік бақылауға, бағалауға мүмкіндік алады, өзін-өзі реттеуге көмектесетін жағдайларды сараптайды деп ойлаймын.
ПШО-да ұсынылған ресурстар мазмұны мұғалімнің өзін-өзі реттеуде теориялық білімдерін толықтырып, мазмұнын зерделеп, сараптау арқылы танымдық, ынталандырушылық, әлеуметтік саладағы біліктерін дамытады.
Кейбір мұғалімдер ашық сұрақтарды құруда, жауаптар беруде біршама қиналатындықтан төменгі, жоғары деңгейдегі сұрақтарды қоюды қарастырамын. Мұғалімдер түсінігін ауызша, кейбіреуі жазбаша жеткізуге бейім болғандықтан, өзін,өзара бағалауды, кері байланысты ауызша түсіндірме түрінде, жазбаша жүргізуді жоспарладым. Меніңше, мұғалімдерді тақырып төңірегінде танымдық біліктерін дамытуға,бағалауға, түйінін жасауға жетелейді.
Мұғалімдердің өзін-өзі реттеу бойынша ойлануына мүмкіндік беруді ескеріп, «Ой толғаныс», өз өмірінде нені үйренгені, не үшін үйренгенін сараптау, қалай оқу керектігін үйренудің мазмұнын ашу мақсатында «Мен неге үйрендім?» әдісін қолданамын.
Өзін-өзі реттеуге қатысты бейнематериал бойынша топтық жұмысты ұйымдастырамын. Негізгі ойларды келтіре білулері үшін бақылаушылар тобын құруды көздедім.
Сессия соңында тақырыпқа қатысты түсінікті жетілдіру мақсатында «теориялық сәт» кезеңін жоспарладым. Кері байланысты еркін микрофон арқылы ауызша жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет