жинағы. Алматы, 1977. ІІ-т. 183-б.
23.
Сонда. 183-б.
24. Аймауытұлы Ж. Журнал туралы // Абай. 1918. № 1.
25. Сонда.
26. Әуезов М. Құнанбаев Абай. Мақалалар мен зерттеулер, Алматы, 1967.
171-б.
27. Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының екі томдық толық
жинағы. Алматы, 1977. ІІ т. 178-б.
28. Сонда. 166-б.
29. Сонда. 208-б.
30. Сонда. 171-б.
31. Құнанбасв Абай (Ибриһим). Шығармаларының екі томдық толық
жинағы. Алматы, 1977. II-т, 219-б.
32. Чернышевский Н. Г. Таңдамалы филос. шығ. М., 62-б.
33. Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының екі томдық толық
жинағы. Алматы, 1977. II т. 204-б.
286
34. Сонда. 161-б.
4.3 Шәкәрім философиясы
ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлы ойшылдарының бірі – Шәкәрім
екенін соңғы жылдары ғана мойындай бастадық. Шәкәрімнің әрбір сөзі діни-
философиялық тұжырымдарға толы, Қожа Ахмет Иассауидың ілімінен үнде-
сетін жері де көп. Әсіресе, “ Үш анық” деген еңбегінде жаратылыстың сырын,
жан мен рухтың тереңдегі мәнін ашуға тырысады. Сөйтіп, рухани
құндылықтардың өзіндік категориялық пішінін айшықтайды. “Адам ақиқатты
бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді… Өліммнен соң бір түрлі тіршілік
бар. Екі өмірге де керекті іс-ұждан. Ұждан – дегеніміз ынсап, әділет, мейірім” -
дей келіп, Шәкәрім кейінгі еңбектерінде адамгершіліктің бұл көріністеріне
“Шыдам”, “Шыншыл”, “Харакет”, “Ақ ниет” деген іргелі этикалық мағынадағы
ұғымдарды қосады /1/.
Шошыма достым сезімнен
Сөз құдайдан шыққан бу,
Ұқпасаң көр өзіңнен,
Жұтқызайын нұрлы су.
Байлаймын да көзіңді,
Патша қылам өзіңді.
Ұғып отыр сөзімді,
Ел билетем жеті ру.
Мейірім, Ынсап, Әділет,
Шыдам, Шыншыл, Харакет.
Түп қазығы: Ақ ниет
Бұл жетеуін ел қылу.
Ешкімге зиян тигізбей,
Кәріптің көңілін күйгізбей,
Сайтанға беттен сүйгізбей
Жүрегіңді нұрмен жу.
деген екен Шәкәрім философ өз заманында.
Бұл жердегі байқалған бір заңдылық аталған жеті қасиеттің адамның
бойында беки түсуі, нағыз өмірлік ұстанымға айналуы сол субъектінің өзіне
байланысты, ешкім туа жаман да, жақсы да болып тумайды. Жақсылыққа,
Ақиқатқа ұмтылуы арқылы адам өмірдің келбетін өзгертеді, жеке тағдырының
ғана емес, қоғамның да даму үрдісін анықтайды. Сондықтан адамның жеке
белсенділігі оның құндылықтық бағдары ең негізгі мәселе екенін атап
көрсетілген. Дегенмен, әрбір халықтың ұлттық ділін, дүниетанымын білу үшін,
азаматтарының мәдени келбетін тереңірек тану үшін діни сананың әр түрлі
көріністерін жан-жақты қарастыру қажет. Сонымен қатар басқа елдердегі
тарихи, мәдени процестердің кейбір көріністеріне салыстырмалы талдаулар
287
жасап, өзіміздің ұлттық терең түптамырларымызда айқындай түсеміз және
рухани құндылықтарымызды шынайы бағалаудан өткіземіз.
Қазақ халқының біртуар ұлы Шәкәрім Құдайбердіұлының адамзат тари-
хындағы алдыңғы қатарлы ойшылдар арасынан өзіндік ерекше орын алатын-
дығы дау тудырмайды. Себебі оның шығармашылығы Тәңір, адам және әлем,
сонымен бірге олардың өзара байланыстары тәрізді бүкіл болмыс заңдылық-
тарын қамтиды.
Шәкәрімнің рухани мұрасын ой сарапқа салып қарайтын болсақ оның
шығармашылығы философияның негізгі концепцияларын қамтитынын және
өзінің ұлы ұстазы Абай дүниетанымымен үндесіп, көбіне оны толықтырып,
ауқымын кеңітіп, әрі тереңдете ашып, айшықтай түсіп отыратынын көреміз.
Шәкәрім шығармаларының мағыналы болуының өзіндік себебі – оның фәни
өмірдің сыр-сыйпатын терең түсініп, оның ықпалынан ерте шығып, рухани
жолға түсуінде жатыр.
Ол өзінің қырық жасына дейінгі өмірінде болыс болып ел билеп те, жар
сүйіп бала көріп те, дәулетті ортада туып, байлықтың қызығын сезіп-біліп,
сонымен бірге қоғамның келеңсіз жақтарын ерте көріп, өмірдің реніш-қуанышы
мен ыстық-суығы, ащы-тұщысын молынан татады.
Бұл туралы «Құмарлық деген бір ит бар» деген өлеңінде жазады. Дүниенің
қызығы оның ой құмарын толық қанағаттандыра алмай, енді күйбең
тіршіліктен бас тартып, өзінің ұлы ұстазы Абай өнегесі бойынша өмірдің түпкі
мәні туралы ізденіске түседі. Ақынның осы хал-жағдайын оның «Қырық
жылдан өтіп жасым» атты өлеңінен де көруге болады. Сөйтіп, ол өмірдің мүлде
жаңа сатысына аяқ басады. Шәкәрім Абайдың берген ақылы бойынша араб
елдеріне, Түркияға, Мысырға сапарлап, сонымен бірге Парижға барып француз
ғалымдарымен ой жарыстырып, білімін жан-жақты толықтыра отырып, өзінің
философиялық ой-өрісін қалыптастырады. Ғылым-біліммен сусындау үшін
түрік, араб, парсы, орыс тілдерін де оқып үйренеді.
Өзінің шығармашылық мақсат-міндетін ойшыл отыз жылғы еңбегінің
нәтижесі, қазақша жазылған алғашқы философиялық шығармалардың бірі
болып табылатын «Үш анық» атты шығармасында былай деп білдіреді:
«Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі
жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке,
тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің
қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді.
Енді бірі бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны
былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді.
Менің ойымша, осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу ақылы сау адамға
қатты міндет. Неге десең адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсақ біліп
жаратушы Ие бар, өлген соң да бір түрлі өмір бар деген жолдың шын өтірігін
білуіміз керек. Егер шын болса, соның да қамын ойлап, адамдарды түпкілікті
бақытқа жеткізу үшін, егер өтірік болса, оған әуреленбей жалғыз ғана осы
дүние қамын қылу үшін (тырысу керек), олай болса бұл екеуін қалай
тексереміз?» /2/.
288
Ойшыл осы екі жолдың дұрысын анықтай келіп, бірінші жолды, яғни «біліп
жаратушы Ие бар, өлген соң да бір түрлі өмір бар» деген пікірді хақ деп біледі.
Бүкіл әлемді бір Жаратушы жан жаратқан, сонымен бірге ол жаратылыстың
үлкен мақсаты бар. Бүкіл әлем мен адам баласының өмірінің мәні сол мақсатты
орындау болып табылады. Әлем көріністері, сонымен бірге қоршаған табиғат
сол мақсатқа жету жолында адам баласының құралы болып табылады. Осындай
ой жүйесі бойынша Шәкәрім өз шығармашылығында Тәңір, адам және әлем
мәселелерін бірге қарастыра отырып олардың тығыз байланысын, сырлы
үйлесімін анықтайды.
Бұның ақиқатына жету үшін бүкіл зиялы қауымның алдына Шәкәрім өзін
толғандырған мынандай үш сұрақты шығарады:
1. Бұл өмірге қайдан келдім?
2. Осы өмірден кейін қайда барамын?
3. Осы өмірді дұрыс өткізу үшін не істеуім керек?
Бұл сұрақтар оның шығармашылығының негізгі жүйесі болып, қара сөздері
мен өлеңдерінде жиі көрініс беріп отырады. Мысалы, 1919 жылы алпыс бір
жасында жазған «Көңіл» атты өлеңінде көңіліндегі арманын былай білдіреді:
«Келіп қайдан, барам қайда?
Не қылғаным болар пайда?
Қалам ба мола боп сайда?» -
Деген ой тырнаған көңіл!
Жиырма жыл жүректі тесіп,
Бірі олай, бірі бұлай десіп,
Алынғанша анық шешіп,
Тынымдап тынбаған көңіл! /3/
Осы сұрақтарға жауап іздеу барысында Тәңір, адам және әлемге жеке-жеке
түсінік береді.
Тәңір туралы өзінің «Жаралыс басы қозғалыс» атты өлеңінде ол әлемнің бір
Жаратушысы барын айтып қана қоймайды, сонымен бірге Оның көркем
сипаттарын, әлем тіршілігі мен өмірінде мән-маңызын ашып көрсетеді. Тәңір -
барлық себептердің себебі, мәңгілік және ең Жоғарғы Жан. Адам қауымдары
ұлттық, сана-сезім, ой-өрістерінің дәрежесіне байланысты Оны түрлі атаумен өз
тілінде атағанымен, Ол - жалғыз біреу. Басқа Жаратушы жоқ. Қозғалыс болмаса
жаратылудың болуы мүмкін емес, сондықтан жаралыс басы – қозғалыс екені
белгілі.Алғашқы қозғалыстың себебі болуы керек. Ол – Тәңір. Сөйтіп, бір
қозғалыстан екінші қозғалыс туып, бүкіл әлем өзгеріп, өсіп-өніп, бір түрден
екінші түр пайда болып тіршілігін бастайды. Ал ол тіршілікті бастаған алғашқы
қуат, яғни себептердің себебі – Жан. Себебі өлі нәрсе қуат көзі бола алмайды.
Тіршіліктің басы, яғни себептердің себебі алғашқы қуат – Жоғарғы Жан. Ол
Жаннан басқадай сан алуан жан өсіп, өздерінің тағдырларына байланысты түрлі
тән құрастырады. Әлемнің алуан түрлі сансыз көп құбылысы туралы осы
ойларын данышпан былай деп білдіреді:
Жаралыс басы – қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.
Жан де мейлің, бір Мән де
289
Сол Қуатпен бол таныс,
Әлемді сол Мән жаратқан.
Қозғалмаса көшпейді,
Көшпеген нәрсе өспейді.
Өспеген нәрсе өзгермес,
Түрден ол түрге түспейді,
Қозғалыс түрлеп таратқан.
Қозғаған қуат - жан дейміз,
Жан өсті жаннан сан дейміз.
Сол жандар әсер берген соң,
Жаралды сансыз тән дейміз,
Жанына қарай тән солар /4/.
Адамның сыр-сипатын қарастырғанда Шәкәрім адам болмысының үш не-
гізден құрылатынын айтады. Олар – мәңгілік жан, уақытша берілетін тән. Жан -
Жоғарғы Жанның бөлігі болғандықтан өзгермейтін, жоғалмайтын мәңгілікті
болса, ал тән уақытша және өзгеріп отырады.
Үлкен Жан мәңгілікті, сондықтан Онан шығатын басқа кіші жандар да
жоғалмайтын мәңгілікті. Жандар дән, ұрық және жұмыртқа арқылы түрлі
тіршілік иелерін тудырып, ол тәндер бір түрден екінші түрге түсіп жатады.
Бірақ Тәңірді танитын Есті жан, яғни нұрлы ақылмен сипатталатын жан - адам
баласына ғана берілген.
Осыны ақыл ұқпай ма?
Дене жанын тықпай ма?
Бастапқы есті жанды ақыл
Адамнан келіп шықпай ма?
Осыдан өзге шын бар ма? /5/
деп адам – өмірінің маңызын көрсетеді.Себебі Шәкәрім сөзімен айтқанда
«Бастапқы есті жанды ақыл адамнан келіп шығады». Бұл арада «Бастапқы есті
жанды ақыл» деген сөз тіркесі мәңгі тірі жан тән алмай тұрғанда да бар жанның
ақылы деп түсінетін болсақ, адам өмірінің мәні басқа өмір түрлерінен
айырмашылығы осы танымдық ерекшелігімен белгілі болады. Жан тек адам
денесінде ғана өзінің бастапқы есті ақылына ие болып танымдық қызметін
атқара алады. Бұл оған басқа тәндерде жоқ, тек адамда ғана болатын Тәңірді
танып, өзінің түпкі мақсатына жетуіне мүмкіндік беретін ерекшелік береді. Бұл
ойды өзінің отыз сегізінші қара сөзінде /6/ ұлы Абайдың да ескертетіні белгілі.
Шәкәрімнің «Дене жанын тықпай ма?» деген сөзі адам болмысы туралы оның
тек тән емес жаннан тұратынына меңзейді. Шәкәрім сөзімен айтқанда бас көз
тек қана материалдық нәрсені көріп, яғни адамға рухани әлемді сезінбей,
рухани көзге перде болатын баянсыз дүниеге байлануына себеп болады. Рухани
әлемді ғана емес адамның жанын көру үшін бас көз емес жүрек көзі керек. Бұл
тек қана рухани жоғары жетілген адамдарда ғана болады. Сондықтан жанды
көре алмай, көпшілік қауымның, тіпті кейбір діни адамдардың да жан жоқ
дейтін тұжырымға келуі осыдан. Ал кемеңгер Шәкәрім адам ғана емес, тіпті
жан-жануар, өсімдік, жел, су, тастарда да жанның бар екені туралы былай
дейді:
290
Табиғат неше түрлі жан жаратты,
Не үлкен, не кішкентай тән жаратты.
Керексіз, жансыз нәрсе жаратқан жоқ,
Есепсіз қанша мыңмен сан жаратты.
Бұл сөзге біреу мәңгүр, біреу нанды,
Ақылмен білген адам әбден қанды.
Жел мен су, тас, топырақ, шөп пен ағаш...
Ғаламда не бар болса, бәрі жанды.
Өсімді, ең күшті жан адамда тұр,
Алдында жақсы да тұр, жаман да тұр.
Өзгенің бәрі - жалғыз адам үшін,
Жаралып орны-орнымен ғалам да тұр.
Несін сүй, несін сүйме, ерік өзіңде,
Нәпсің де, ақылың да тұр көзіңде.
Сынау үшін жаратқан бір Иең бар,
Тексерілмей қалмайсың бір кезінде /7/.
Ақынның терең мағыналы осы өлеңінен көп нәрсені аңғаруға болады.
Шәкәрімнің айтуы бойынша барлық тіршілік иелерінің арасында ең күшті
өсімді жан тек қана адамда тұр. Сондықтан оның ой-өрісі басқа тіршілік ие-
леріне қарағанда жоғары және оған қалау еркі берілген. Басқа тіршілік ие-
лерінде ерік жоқ, оларды инстинкт басқарады. Ерікті қалай пайдалануына
байланысты адам баласының алдында жақсы да тұр, жаман да тұр. Ерікті дұрыс
пайдаланса адам баласы Шәкәрімнің «Тура жолда қайғы тұрмас» атты өлеңінде
көрсететін бүкіл болмыс мақсаты болып табылатын «Тәңірісіне бармақ ол».
Ең күшті жан беріліп, оған қоса ерік пен Тәңірді тануға мүмкіндігі бар
ерекше ақыл берілгендіктен өмірдің түпкі мақсатына тек адам ғана жете алады.
Осыған сай оның жауапкершілігі де зор. Басқа тіршілік иелері, сонымен бірге
бүкіл әлем сол ұлы мақсатқа жету үшін адам баласына мүмкіндік жасаулары
керек. Сондықтан «Өзгенің бәрі жалғыз адам үшін, Жаралып орны-орнымен
ғалам да тұр». Осы ұлы мақсатқа жетудегі кедергі - адамның нәпсісі. Егер
берілген ерікті дұрыс пайдалана алмай, нәпсіге еріп тән құмарына беріліп кетіп,
негізгі мақсатты тәрік етсе, онда адам хайуандар қатарына түсіп, соған сәйкес
жазасын тартады. Шәкәрімнің осы ойларын мына өлеңінен де көре аламыз:
Шын таза жан тазалықпен,
Тәңірісіне бармақ ол.
Мейірім, нысап, әділетте,
Ағызам деп нұр бұлақ.
Мына жақта нәпсі жатыр,
Қиянатты жастанып.
«Бармайық, - деп, - қойшы, батыр»,
Етегінен жұлқылап.
...Әділет пен мейірім, нысап -
Құлшылығым Тәңіріме.
Қиянатқа жанды жұмсап,
Жанбан отқа шырқырап /8/.
291
Шәкәрім ақыл туралы былай дейді:
Рух деген – дінсіз таза ақыл,
Мінсіздің ісі шын мақұл.
Айуандағы ақыл ол емес,
Аз ғана сөзім – аз тақыл,
Құраныңды оқы нанбасаң.
Аз ақыл ондай көпте бар,
Айуанда айла, еп те бар.
Өсімдіктерде сезім көп,
Көбелек жейтін шөп те бар,
Әлімнен сұра алдасам /9/.
Ақыл - денеге емес, жанға қызмет жасауға тиісті. Осы мақсатқа пайдала-
нылса оны ойшыл таза ақыл деп атайтыны содан. Таза ақыл тек қана бұл фәни
өмірдің былғанышынан арылған адамдарда ғана болуы мүмкін, ал басқа
қарапайым адамдар мен хайуанаттарда нәпсімен былғанған денеге құл «аз
ақыл» ғана бар. Адамның мінез-құлқын қалыптастыратын ой-өріс, ақыл-есін,
бүгінгі күндердегі эзотерикалық ғылымдарда нәзік денелер, аура, психоэнер-
гетикалық жүйе және тағы басқадай аталып жүрген адамның нәзік болмысын
Шәкәрім бұл жерде ақыл деп, кейбір өлеңдерінде көңіл деп атайды. Адамның
үш болмысы бір-бірімен тығыз байланыста екенін Шәкәрім былай түсіндіреді:
Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр,
Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр.
Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.
Жан тыныштық таппайды тән қамын жеп,
Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп,
Ыстық, суық, аштықтан сақтау үшін
Зұлымдық пен Айланы қылады сеп /10/.
Ақылдың фәни өмірдің шырғалаңына түсіп тән қамы үшін зұлымдық пен
айланың жолына түсетінін ойшыл осылай түсіндіреді. Жан мен тәннің өзара
байланысын мына өлеңінен де көруге болады:
Бар нәрсе жоғалмайды, өзгереді,
Жан жоғалмас деп ойла, соны біл де.
Жан тән жасар, тән жанды жарата алмас,
Терең ойлап, сөзімді құлаққа іл де /11/.
Осылай ойшыл адам болмысы жаннан, ақылдан, тәннен тұратынын, олар-
дың өзара үйлесімінен түзілетінін білдіреді. Жан мәңгілік, өлмейді де жоғалып
та кетпейді, баянды құндылыққа ұмтылады, ал тән уақытша, оның ғұмыры
шектеулі болғасын ащы-тұщының бәрін татып қалуға, баянсызға ұмтылады,
адамның ақылы жанға қызмет жасап, баянды, тұрақты нәрсеге жұмсалса
қуанады. Мәңгілікті жан уақытша тәнді жасайды, керісінше емес. Сондықтан
жан құмары тән құмарынан құндырақ болуы керек. Адам таза ақыл деңгейіне -
әулиелік, данышпандық дәрежесіне жеткенде оның ақылы рухтанып, барлық
материалдық субстанциядан арылып, таза ақылға айналады. Осы деңгейде ғана
Тәңірді танып білуге, түпкі мақсатқа жетуге мүмкіндік бар.
292
Шәкәрім адамның рухани болмысы туралы молынан жазады. Мысалы, оған
«Атаның шаһуатының көп қой мәні», «Сорлы бұлбұл Жарға асық боп»,
«Табиғат неше түрлі жан жаратты», «Жаралыс басы – қозғалыс», «Қасыңа
қылыш қайратқан», « Мен адамның таппаймын өнерлісін» өлеңдері тәрізді тағы
басқа да көптеген шығармаларын жатқызуға болады.
Енді Шәкәрімнің әлем, яғни табиғат болмысы туралы ізденісіне келетін
болсақ, оны материалдық ғылыммен айналысатын ғалымдардың зерттеп білгені
туралы «Үш анық» шығармасында былай деп айтады: «Ескі заманның
білімділері әр нәрсенің түпкі негізін неден жаралғанын тексеріп, тамам
нәрсенің негізі төрт нәрсе деп білген. Онысы – от, су, топырақ, ауа» /12/.
Әлемдегі барлық денелердің, сонымен бірге адамдардың да денелерінің құрамы
да осы төрт негізден тұрады. Әлемнің қай түкпіріне көз салсақ та осы төрт
негізді табамыз. Сондықтан бүкіл әлем ортақ заңдылықтарға бағынып,
барлығына мақсатты бір бағытта дамып, өмір сүреді. Қазіргі замандағы жа-
ратылыстану ғылымдары саласында бұған дәлелдер жеткілікті.
Шәкәрім өзінің «Үш анық» шығармасында материалдық әлемдегі қасиеттер
мен заңдылықтардың өздігінен пайда болмағанын, оларды барлық себептердің
себебі Тәңірдің бергенін айтады. Әлем заңдылықтары барлығына тән
болғандықтан, оның ортақ көріністерін әлемнің барлық бөліктерінен көре
аламыз. Бұған «макрокосм» және «микрокосм» идеялары мысал бола алады.
Әлем құбылысындағы макрокосм және микрокосм жүйелерінің ұлық және
нәзік болмыстары бір негіздегі субстанциялардан құралатын болғандықтан
оларда болып жатқан құбылыстар да бірдей заңдылыққа бағынып, өзара
ұқсастығын көрсетеді.
Мысалы, макрокосм болып табылатын күн системасындағы жұлдыздар
Күннің айналасында белгілі бір тәртіппен, өзара тепе-теңдікте қалай қозғалса,
микрокосм болып табылатын әрбір заттың атомының айналасында орналасқан
электрондар да сондай тәртіппен орналасып, қозғалыста болады. Күннің
маңындағы жұлдыздар біріне-бірі әсер етіп, өзара үйлесімді тығыз байланыста
қозғалатыны белгілі. Сол сияқты атомның маңындағы электрондар да бір-
бірімен тығыз байланысып, үйлесімді қозғалады. Егер бір электрон өз
орбитасын өзгертсе, онда зат өзінің қасиетін өзгертетіні химия ғылымынан
белгілі. Бұл тәрізді мысалдарды жаратылыстану ғылымдары көптеп бере алады.
Шәкәрім шығармашылығында Тәңір, адам және әлем тұтастығын қамта-
масыз ететін күш – махаббат.
Жалпы шығыс поэзиясы мен дүниетанымындағы орталық мәселе – этика-
лық, гносеологиялық, онтологиялық ізденістердің түпбастауы – болып табы-
латын махаббат екендігі белгілі.
Мұны Абайдың
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сенде сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Достарыңызбен бөлісу: |