Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет26/115
Дата29.04.2023
өлшемі2.48 Mb.
#473003
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   115
Ой өріс

Әдет-салт айтыстары. Мұндай айтыстар жеке адамдардың сөз сайысы 
емес. Олар белгілі бір дәстүр бойынша топ-топ болып, екі жақтың алма-кезек 
сөз қайыруы, ой жалғастыруы түрінде болады. Олардың тақырыбы – сол 
әдет-ғұрыпқа қатысты, яғни шектеулі болады. Ондағы ой-пікірлер, сөз 
орамдары алдын-ала белгілі, қай топ нені айтатыны мәлім болады. Топ болып 
айтқандықтан сөздері жаттаулы болады және әні де көпшілікке аян, хормен 
айтуға бейім болады. Демек, мұнда фольклорлық дәстүр айқын көрініс береді. 
Мәселен, әдет-салт айтысының тамаша үлгісі "Жар-жардың" орындалу 
мезгілі мен мазмұны дәстүрден шықпайды, олар ел білетін шартқа жауап 
беруге тиіс. Сол сияқты "бәдік" те екі топтың жатқа білетін сөзінен әрі 
әуенінен тұрады. Оның да өзіндік орындалу шарттары мен мақсаттары бар. 
Қайым айтыс. Халықтың өте қызық көріп, тамашалайтын сөз өнері. 
Мұнда ешқандай ғұрыптық белгі жоқ. Бұл айтыс, негізінен, екі жастың, 
көбінесе бойжеткен мен бозбаланың арасында болады, сол себепті оны "қыз 
бен жігіт айтысы" деп те атайды. Мұндай айтыс, әдетте, кездейсоқ болады: 


41 
жігіт пен қыз жиында, немесе оңашада кездесіп қалады да, сөз сайысына 
түседі. Сол себепті мұнда тақырып кең болады, жастар өздерін еркін 
сезінеді. Айтыстың бұл түрінде ең әуелі тапқырлыққа мән беріледі, 
сондықтан айтысушылар бірін-бірі сөзден, уәжден ұту үшін тапқырлық 
танытып қана қоймайды, олар алуан түрлі әдісті қолданады, тіпті дөрекі 
сөздерге дейін барады, бірақ бұл сөкет деп саналмайды. 
Қайым айтыстың көлемі үлкен болмайды, мазмұны өте қызғылықты 
болады. Айтысқан жастар жеке басының мәселесімен қатар әлеуметтік те 
проблемаларды қозғайды, этикалық әрі эстетикалық тұрғыдағы тақырыптарға 
барады. Айтыстың формасы қарапайым болады. Көп жағдайда қыз бен жігіт 
бір шумақпен ғана шектеліп отырады, сондықтан олар қара өлең формасын 
жиі қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет