Ұйғыр, тоғыз-оғыз, қарлық
Білге қаханнан кейінгі Найман деген қаханды 745-інші жылы үйғырлар өлтіріп, хүкүметті өз қолдарына алды. 745- інші жылы Енесейдегі қырғыздар үйғырларды шауып, бүлардың көбін қашыртып, орнына алды. Қашқан үйғыр Тән-Шан мен Нән-Шанның екі арасына келіп орнықты. Өзі аз ғана қырғыз үйғырдың жерінде мекендеп көп түра алмай, кейін көшіп кетті. 738-інші жылы Тартының бойында күнбатыс түрік ханы Ашинасын өліп кеткен соң, бүл хандық екі бөлінді: қарлық ьәм оғыз. Қарлықтар 766-ыншы жылы Суябты алып, соны пайтақты қылып, Тарбағатайдан Таласқа шейін көшіп, қонып жүретүғын болды. Бүлар хандарын жабғу деп атайды екен.
Оғыздар Сырдарияның аяқ жағын алды. Біраздан кейін оғыз екі бөлініп, бірсыпырасы оғыз атымен орнында қалды. Екінші бөлегі тоғыз-оғыз атанып, қарлықтың күншығыс жағына өтті. 10-ыншы асірде тоғыз-оғыз қарлықтан Суябты тартып алып, қарлықтан Суябты тартып алып, қарлықты екі айырып жібереді: азырағы Тарбағатай жаққа, көбірегі Талас жаққа қашты. Бүдан кейін тоғыз-оғыз біраз Сырға қарай сырылып отырды. Сөйтіп 10-ыншы асірде Хами, Түрпан, Қүлжа жақтарында үйғыр отырды, Қашқар Іле суы мен Шу бойында Таласқа шейін тоғыз-оғыз отырды.
Соңғы 30-40-ыншы жылдар ішінде ескі түрік жүрген жерлерде жазулы тастар әр жерден табылды: Орхон, Енесей бойында, Алтай тауында, Талас бойында (тау ішінде), Бүролдай (үлкен түра), Ферғана ьәм өзге тауларда. Бүл жазуларды "Орхон жазуы" деп атаған. Онан соң үйғыр тілінде жазылған кітаптар табылды. Баяғы Ұнны, оғыз, үйғыр хүмандарының қытай патшаларына жазылған хаттар сол ескі кітаптардан табылды. 1069-ыншы жылы Бала- сүғында түрушы Жүсіп деген адам ескі түрік тілімен "Қүдатғу билік" кітабын шығарған 1909-ыншы жылы Сарайшықтың маңайында (Орал облысы) жерден табылған бір тасқүмыраның (қыш) бетінде жазылған сөздер жоғарғы "Қүдатғу биліктен" алған сөздер болып шықты. Бүған қарағанда, әлгі кітап монғол менен Жайыққа шейін түрған елдің арасында қадірлі кітап болса керек. Қытай тарих- шылары бүрынғы өткендерді көбінше үйғыр кітаптарынан көшіріпті. Қытай патшалары кітаптарын түзетуге үйғыр- лардан жазушыларды шақыртып алған.
Тарихтан басқа түрік арасында философия турасынан жазылған кітаптар болыпты. Бүған қарағанда түрік жүрты, әсіресе үйғыр, өз заманынша білімді, оқымысты жетік жүрт болған. 10-ыншы асірде "Уан-Ян" деген елшінің айтуынша үйғырларда 25 ішекті добыра болады екен. Өнер арасында түрлі-түрлі кестелі ақ киіз, басып шығарған кілем, шекпен, кестелі жарғақ болады екен.
9-10-ыншы асірлерде бір жағы Қашқар, бір жағы Таласқа дейін жүрген түрік мүсылман болыпты. 970-інші жылы Жетісу ьәм Қашғар жағында екі жүз мың үйлі түрік мүсылман болыпты. 1043-інші жылы 10 мың үй түрік тағы мүсылман болыпты.
Достарыңызбен бөлісу: |