Ескі заманнан Шыңғыс ханға шейін түрік жұртының бастапқы жүрген жерлері
Түрік жүртының ең алғаш өсіп-өнген жері Алтай тауы мен Ыстық көл. Кейін бір жағынан көбейе-көбейе, бір жағынан бірін-бірі ығыстырумен жан-жаққа таралған. Кей уақыттарда, қай жерлерде жүргенін анық қылып тарих сөйлемейді. Және де бүрынғы замандағы көшпелі жүрт- тардың көшіп-қонып жүрген жерлерінің шекараларын анықтап көрсетіп те болмайды. Ұзын мөлшермен айтқанда ҮІІІ-ІХ-ғасырда жүрген жерлерінің шеттері: Күншығыста Селенгі, Күнбатыста - Днепр, темірқазықта - осы күнгі Сібір темір жолы, Оңтүстікте - Нән-шан, Тән-шан таулары, Әмудария, Арал, Каспий ьәм Қара теңіздер.
Бөлек руларының жүрген жерлері: осы күнгі Монғолия мен Алтай тауының Оңтүстік жағында Өгіз, Селенгінің екі жағында Тоғыз Өгіз ьәм үйғыр, Қоса-көлдің Күншығыс жағы меркіт, Күнбатыс жағы үранқай (дүба). Алтайдың үстірті ьәм теріскей жағы Қырғыз, Алтайдың күнгейінде үранқай мен қырғыздың түсында Найман, Ертістің бас жағы (Жайсаннан төмен) қарлық, Тарбағатайдан Шуға дейін үйсін, Шудан Арал теңізіне шейін қаңлы, Шыңғыс тауынан Торғайға шейін қыпшақ, Еділ, Жайықтың қүйы- лысы пижнек, Кавказдың теріскей жағы Хазар, Еділдің жоғарғы жағы Кама бойы Былғар, Жайық ьәм Тобылдың бас жағы башқүрт.
Түрікке туысқан жұрттардың жүрген жерлері: манжұр осы күнгі Манжурия, монғол Байқалдың күншығыс жағын- да, бұлардан солтүстікке тұнғыз ьәм фин халқы.
Ұнны (һұнны), үйсін, қырғыз, сақ, иұз, қаңлы,
сәнбі, жұжан
Түріктің ең ескі тарихи істері қытай кітаптарынан табылды. Айса пайғамбардан 3 жүз жыл ілгері Алтай мен Тән-шанның Күншығыс тұмсығының екі арасында "үйсін" деген жұрт жүрген. Бұлардан оңтүстікте "иұз", күнбатыста "сақ" деген жұрттар жүрген. Үйсін мен иұздың күншығыс жағында Қытайға шейін "ұнны" жүреді екен. Ұнны түрік нәсілінен. Түпкі нәсілден шыққаны белгісіздеу: біреулер (Аблеремиза, Клапрот) бұларды "эри" нәсілінен қылады; бірсыпырасы (әсіресе Аристов) үйсінді түріктен шығарады. Айсадан неше жүз жыл ілгері Орал мен Алтай тауларының екі арасында "дин-лин" деген жұрт көшіп жүрген екен.
Бұлар қытай тарихшылары айтуынша "сопақ басты, сары
түсті, көк көзді, қаба сақалды". Сол себепті бұларды "әри" нәсілінен деп атайды. ХҮІІ-ғасырда орыстар Сібірді алғанда әридің тамтығын әр жерден тапқан. Бұлардың аттары: "ари", "ассани", "котты". Осы кезде бұлардан тұқым қалған жоқ. Ескі ари нәсілінен осы күні Жапонияда "айнси" деген жұрт қалған.
Түркі сипатында белгілі: өңі қараторы, я қара, көзі қара, домалақ бас (шықшыт шығыңқыраған), түпкілікте үйсін түрік болса керек. Дин-линға жақын отырып, олармен қатынасып, араласып отырып түрік сипатын біраз өзгерткен сияқты.
Сондай дин-линге жақындасып сипат өзгерткен тағы екі ел бар: алшын ьәм қырғыз. Алшын ескі тарихта жоқ, ыңғайы бұлар өгіз тұқымы болса керек: бастапқы өгіздің жері дин-линнен қашық емес, кейін бұлардың көбі Сырдариядағы қаңлының үстіне ауып келген. Басында өгіз
ьәм тоғыз-өгіз аталып, атақты қуатты жүрт болып түрып, бүлардан жалғыз-ақ түрікпен деген аз ел шыққаны ойға симайды, өзге жүрт шыққаны тарихта көрінбейді. Бірақ Алтын Орда заманында нақ сол жерлерде алшын шыққан. Аристовтың сипатпен алшынды дин-линге жақын- дастырғаны, жоғарғы айтылғанмен екеуі бір жерден шығып түр.
Қырғыз турасынан бірсыпыра мағлүматты қытай кітаптарынан табамыз. "Тан" деген патша заттарының тарихында қырғыз жайынан былай дейді: "бүл жүрт дин- линмен араласты: бойы үзын, шашы сарғыштау, қызыл бетті, көк көзді". Дин-линдер жоғала бастағанда, қырғыздар жан-жақтағы өзге түріктермен араласып, қайтадан түрік сипатын түзетіп алыпты. Айсадан 200 жылдай ілгері бір шапқыншылықта қырғыз екі бөлініпті. Бір бөлігі орнында қалыпты, бүларды қытай тарихында 5-ші асірде "ган-гун", "фағасы", "килкузы" деп атаған. Қытай тілінде "р" харфі жоқ. Ол кейде жоғалып кетеді, кейде оның орнына "л" харфі жүреді. Бүған қарағанда "килкузы" дегені қырғыз болса керек. Бүл қытайдың тіліне қарай дүрыс айтылған.
Қырғыздың екінші бөлігі "танна-үла" таумбын (Алтайдың
күнгейі күнбатыс жағы) Тән-шан тауының екі арасына келіп тоқтайды. Жоғарғы айтқанымызға қарағанда көшіп- қонып жүрген, екі ел жақын отырып, көп араласқан. Қытай тарихында сол себептен екі елді бір туысқан қылып, бүрынғы ескі орында қалған қырғыз-қырғыз аталды, қоныс аударған қырғыз-үйсін-қырғыз аталды деп сөйлейді. Кейін 1000-ыншы жылдарда Ыстық көлге көп қырғыз ауып келген. Осыдан кейін (қай уақыттарда екені белгісіз) бүрынғы аралас отырған үйсін-қырғыз екі бөлініп, жарым- жартысы қырғызға келіп, қырғыз аталып кеткен, жарым- жартысы үйсінде қалып үйсін аталған. Бүл қытай тарихын- да жазылған сөздерге қырғыз-қазақтың үруларын абайлап қарасақ, тағы бірсыпыра дәлел табамыз. Бірінші - 7-інші асірде Шу бойындағы дулаттың ішінде "ассық" деген табы
болған. Ол осы күні үйсін арасында жоқ, тегіс қырғызға ауып кеткен. Екінші - албан-үйсіннің арасында "бағас" деген үруы бар, қырғыздың "бағыш" яки "шоң бағыш, "сары бағыш" дегендері бар, бүл екеуі бағыс ьәм бағыш - бәрі бір. 1160-1190-ыншы жылдарда қара қытай Ферғанаға асарда, қырғыздың "сары" ьәм "бүғы" деген елдері оған қарсы болып, Пекиндегі қара қытайды үркіткен шүршіт патшасынан жәрдем сүраған. Сол уақыттарда қырғыздар Алтай тауына қарай жылжыған көрінеді. Жетінші асірде "Жи-ғү" деген қытай тарихшысы үйсін турасынан былай жазған:
Үйсін өзге түрікке ешбір үқсамайды, осы күнгі май- мыл сияқты сары сақалды, көк көз, түрік сол үйсіннің түқымы (қытайдың білуінше, дүниеде өздерінен сүлу жүрт жоқ. Ярупа халқын маймыл сияқты дейді).
"Сақ", "са", я "се" "ари" нәсілінен. Айсадан 230 жыл ілгері Ескендір Зүлқарнайын Азияны қаратып, Хожентке келгенде, сақ Сырдарияның оң жағында көшіп жүреді екен. Ескендір Сырдан өтіп, сақты жеңіп, Шыршыққа қарай қуып жіберіпті.
"Иүз" түрік нәсілінен. Исадан 900 жыл ілгері үнны бастығы "Моды шан - Иүи" әуелі қытайды қаратып, онан соң иүзды шапқан. Бүл Моды ханды түрік жүрты Өгіз хан деп атаған. Енді 30 жылда Моды шан - Иүн иүзды тағы шапқан. Иүздың біразы қарап қалады да, көбі күнбатысқа қашып, сақты үркітіп, сақтың орнына қонады. Сақтың қалғаны иүзге қосылып, үріккені Әмудариядан өтіп, Өндікуш тауынан асып, Қаблистанда тоқтайды. Содан кейін бүлардың жаңа қонысы "Сақтан" я "Систан" аталған.
Енді біраз жылда үнны үйсінді шапты. Бүлар үркіп иүыздың үстіне келді. Иүз үйсіннен жеңіліп, қашып отырып: Ферғанадан Бүқардан өтіп, Әмударияның арғы жағындағы Балықтың (Балх) маңайына тоқтайды.
Бүлардың барған жерінде баяғы Ескендірден қалған гректердің түқымы хүкімет жүргізіп отырған екен.
Иұз бұлармен соғысып хұкіметін бұзды. Бір аты "Тоқар" еді, содан сол жер "Тоқарстан" атала бастады. Осы соңғы үріккенде бірсыпыра орында қалған сақ иұзбен бірге қашып, Еділ, Жайықтан өтіп, Европа кетті. Осы күнгі Ташкент үйезі мен Самарқан облысындағы иуз деген өзбек солардың тұқымы. Сақтан орнында қалып, үйсінге қосыл- ғандары Саяқ атында деген сөз бар. Мұндай болғанда осы күнгі қырғыздың саяғы бұрын үйсін арасында отырып, кейін қырғыздарға қосылып кеткен. Қырғыз бен үйсіннің аса жақын болып, бір елдей болғаны осыдан тағы білініп тұр. Осы кейінгі үргіншілікке Айсадан 175 жыл ілгері қытай патшасы иұзге Чән-Сән деген елші жіберген. Бұған тапсырған соң, қытай мен иұз екі жақтан жабылып ұнныны құртпақ. Үріккен иұзды іздеп келе жатып Чән-Сән ұннының қолына түсіп, бірсыпыра бейнет көріп, қашып құтылып Ферғана мен қаңлының үстін басып, иұзді Бұқараның маңынан тауыпты. Чән-Сән қайтып келе жатып
ұннының қолына тағы түсіп, құтылып, қиыншылықты көре-
көре 145-інші жылы өз еліне әрең жеткен. Көрген, естіген, білгенін Чән-Сән кітап қылып жазған. Мұның айтуынша, сол кезде Сырдарияның орта ағысынан Сырдың ьәм Әму- дарияның құйғанына шейін қаңлы отырады екен. Ферған- ада 70-тей шаьар бар екен. Тұрақты елі бидай, салы (күріш) егеді екен. Және жұнменен (виноград) мұсаласы (арақ) жасайды екен.
Оғыз ханның заманында Ұлы дариядан (мұхиттан) Еділ, Жайыққа шейін, оңтүстікте Үндістанға (Һиндистан) шейін тегіс ұнныға қараған. Қытайда алым беретұғын Өгіз хан қараған. Қытайда алым беретұғын Өгіз хан қараған жерлерді 20 облысқа бөлген, онан ары жүз мыңға, он мыңға, жүзге бөлген ьәм әрқайсысына бастық қойған. Оғыз хан 174-інші жылы өлген.
Оғыз ханнан кейін ұннының күші кетіңкіреп, төмендей бастады. Содан берекесі кетіп 48-інші жылы ұнны екі бөлінеді. Оңтүстік ьәм солтүстік болып, 93-інші жылы
Оңтүстік үнны қытайдан жеңіліп, қытайға қарай бастады. Солтүстік үннылар ауып, қаңлының күншығыс ьәм темірқазық жағына барып, 2 жүз жылдай түрды. 330-ыншы жылдарда ол жерден ауып, Еділ, Жайық бойында біраз отырды. 375-інші жылы Европаны шауып, Аттила деген ханы Европаны астан-кестен қылып, бір-біріне соқтық- тырып, үлкен бір қырғынға кірістірді. Тарихта бүл шапқын- шылықты "Жүрттардың үлы ауыуы" деп атайды.
Өздері Дунайдың басынан аяғына шейін алып, сол жерді мекен қылды. Осы күні мажардың ішінде "Сикл" деген табы сол үннының түқымы. Ұнны үйсінді шапқанда, үйсіннің ханы шапқыншылықта өліп кеткен. Көп үйсін үркіп, Жетісудың даласына келіп қонған. Ұннының шан бүйы (ханы) үйсін ханының "Оссаууми" деген баласын асырап алып, кейін бала өскен соң, оны өз еліне хан қылып қойған.
Үйсін хандарын "Гун-мо" деп атайды екен. Жоғарғы айтылған жүрттардың ішінде (сақ, иүз, қаңлы) ең қайраттысы үйсін екен. Сол күндерде бүлар 120 мың үй екен (630 мыңдай жан).
Ыссық көлдің күншығыс жағында (Қарақолдың маңайында) "Чын-ғо" деген пайтақтысы бар екен.
Айсадан 105 жыл ілгері қытайдан Чән-Сән деген елші келген (бүл 50 жылдай бүрын иүзге барып қайтқан Чән-Сән екені я басқа екені белгісіз, бірақ сол болуға мүмкін, ол болғанда бүл жолы бірсыпыра жасқа келген адам болса керек). Қытай патшасы үйсінді бүрыңғы қонысына шақыр- тыпты және екі жақтап үнныны шабалақ деген сөз салыпты. Үйсін үнныға қол көтеруді қиын көріп, Чән-Сәнға жөнді жауап бермепті. Бүлардан еш нәрсе шықпаған соң, қытай патшасы Ферғанаға ьәм онан арғы жүрттардың бастық- тарына сый-сияпатпен елшілер жіберіпті. Мүны Гун-му естіп бір жағынан сый-сияпатқа қызығып, бір жағынан үннының күннен-күнге әлсіреп бара жатқанын абайлап, Қытайға елші жіберген. Қытай патшасының қызын сүрап-
ты, ьәм қарғыбауға мың ат сүрапты. Патша Гун мүның сүрағанын тегіс беріпті (Айсадан 103 жыл бүрын).
Бірақ патшаның қызы тоқал болып (бәйбішесі Чан- бүйдың қызы екен), бәйбішеден қорлық, зорлық көріп, елін сағынып, өлең қылып шығарыпты: "Дүниеде менен сорлы жан бар ма екен? Мені дөңгелек киіз үйде түратын, үйсін деген жабайы жүрттың қарт патшасына берді, бүлардың жегені ет, ішкені сүт (қымыз), онан басқа ішер, жеуі жоқ"- деп.
Оссауумиден соң оның Синзу деген немересі гун-мо болды. Үйсіннің рәсімі бойынша, қытай патшасының әлгі қызы Синзуға тиген (өгей немересіне).
Синзудың онан басқа екі қатыны бар екен: біреуі - Жан-Иүйдың қызы, біреуі - екінші қытай патшасының қызы. Синзудан соң Оссауумидың Ұн-Ғүйми екінші неме- ресі ғүн-мо болған. Ұн-Ғүйми ақылды ьәм жауынгер адам болған екен.
Айсадан 70 жыл ілгері қытай әскерімен қосылып, Ұн- Ғүйми үнның бір бөлігін шауып, 40 мың жан, 70 мың мал айдап әкеткен.
Ұн-Ғүйми 60-ыншы жылдары өліпті. Мүның орнына Синзудың "Гуан-Уан" деген баласы гун-мо болған. Осы Гуан-Уаннан бастап, үйсіннің берекесі кете береді.
Бүған Ұн-Ғүймидың баласы Ұтисүтү деген (үнны патшасының жиені) қарсы болып, соғыс бастапты. Бір күні Гуан-Уанды үстап алып өлтіріп жіберіп, өзі гунь-мо болған. Нағашысы үннан болған соң, со жаққа тартады деп, қытай жағындағылар оған қарсы Юан-Ғүйми деген қытай патша- сының жиені, ьәм Гун-мүның інісін хан көтереді. Ақырын- да соғыспай, үйсінді екі бөліп, Ұтисүтү 60 мың үйді алған, Юан-Ғүйми 40 мың үй алған. Ел екі бөлінген соң берекесі кетіп, үйсін төмендей бастайды. Айсадан 8 жыл ілгері Чызы-Чызы деген чан иуи қаңлымен қосылып, үйсінді шауып, Чи-ғү пайтақтысын бүзған. Қытай мен үйсін бір жақ, үнны мен қаңлы бір жақ болып, неше жыл соғысып,
93-інші жыл ұнны жеңіліп, екі бөлініп, көбі қаңлы одағы- ның қасына барып тоқтаған. Чызы-Чызы сол соғыста өліп кетті. 98-інші жылы қытай қолбастығы "Банчауор" ұнныны қуып, Каспий теңізінен қайтқан.
Ұнны жоғалған соң, Монғолияда оның орынбасары тұнғыз нәсілінен сенби деген жұрт болды. Қытайды ьәм өзге жұрттарды қаратып, 200 жылдай соның бәрін билеп тұрды. 200-інші жылдың бас жағында жұжан деген жұрт көтеріліп, сенбиді жоқ қылды. Жұжан қай нәсілден екені белгісіз, шамасы бұл да тұнғыз болса керек. Бұлар 500-інші жылдарға шейін айтылған жерлерді билеп тұрып, ақырында түріктен (Оғыздан) жеңіліп, қашып, Еділ, Жайықтан әрі асып кетті. Кейінірек, "Обыр" аталып, орыстарды шаба беретұғын ьәм "ауар" аталып, Византияны шаба беретұғын осы жұжандар.
Оғыз
Жұжанды қуып, зор мемлекет жүргізген жұртты қытай жазушылары "түрік" дейді. Түрік ішінде бұ жолы ілгері басып дүрілдеген "Оғыз" аталып қалды деп жоғарыда айтып едік.
Оғыздың "Түмен" деген ханы біраз жыл арасында Ұлы дариядан (мұхиттан) Қара теңізге шейін отырған қытай, манжур, монғол ьәм барша түрікті қаратып, зор хұкүмет жасады. Пайтақты Орхонның бойында болған. Бұ хандарды қахан (ұлығ хан) деп атайды екен. ("Қахан" деген сөзді осы күнгі қазақ-қырғыздың қариялары біледі). Түмен хан 553- інші жылы өлген. Мұның орнына Орхонда Тарғы деген хан болды. Күнбатыста Сұяб деген шаьарда сол кезде Дизабұл деген екінші хан болған: Сұяб Қастек тауының күнгейінде, осы күнгі Қарабұлақтың орнында болған. Дизабұл Тар- ғының қол астында болып саналады екен.
568-інші жылы Дизабұл Византия патшасы Остинанға елші жіберді. Бірінші тапсырылған іс: екі патшалықтың
арасында сауда күшейтіп жүргізу, екінші Юстинанға тап- сырғаны: сол жаққа қашқан жүжанды қайта ескі орнына айдап жіберу.
Сауда деген істі Юстинан қабыл көрді. Бірақ жүжанға күші келе алмайтүғынын тағы айтты. Сол кезде жүжан (ауар) Византияны қайта-қайта шауып, зықын алып түрған күн еді. 569-ыншы жылы Юстинан Дизабүлға Зимарх деген елші жіберді. Айтар сөзінің керектісі-ақ, екі жақ болып Иранды шабу екен. Дизабүл айтқанын қабыл алып, Зимарх- ты сый-сияпатпен қайтарыпты. Сыйдың ішінде бергенінің бірі, шабыншылықта қолға түскен бір қырғыздың қызы екен. Сонда Дизабүлдың жайлап отырған жері дүние Әулиеатадан жоғары Таластың бойы екен. Уағда бойынша, Дизабүл Иранды шапқан. Бірақ Юстинан соғысқа кірмей, бойын сақтап қалады. 589-ыншы жылы Тарғы ханның бүйыруы бойынша ьәм ашу қылып Дизабүл Византияға аттанған, Қырымға барып Херсон деген Византияның шаьарын алып, әскерін қуалап, Босфордан қайтыпты.
Тарғой хан 581-інші жылы өлді.
Бүдан кейін түрік хандығы екіге бөлінеді: Күншығыста Орхон бойында, ьәм күнбатыста Суябта. Екі бөлінген соң бүлар нашарлана бастаған.
634-інші жылы қытай күншығыс түрікті шауып, қаратып алды. Содан бірсыпыраға шейін Орхон хандығы қытайға қарап түрды.
629-ыншы жылдан 645-інші жылғы шейін "Сипан-цән" деген қытай сопысы түрік арасында жүріпті. Талай жерді көріп, естіген-білгенін еліне келіп, кітап қылып жазыпты.
Түріктің 32 харфты әліппесі бар екен, добыра, қобыз- дары бар екен. Түріктер шашын үстарамен алғызып жүреді екен. Бастықтары шашын алмай қоя береді екен. Ханның қасындағы жақындары шашын тарам-тарам қылып өріп жүреді екен. Маңдайына жібек орамал орайды екен.
"Шаболу-ьалиши" деген Суяб ханның заманында (634-
інші жылдан 638-інші жылға шейін) Суяб түрігі 10 бөлімге
бөлінген. Шудың күншығыс жағындағы 5 бөлегі "нүшиби",
күнбатыс жағында 5 бөлегі "дули" я дулат аталыпты. Нүтттибидің ішінде бір бөлегі "ассық" деп аталады екен. Бүл ассықтың тұқымы осы күнгі қырғыздың арасында. Шудың күнбатыс жағында жүргендердің аты дулат болғанына қарағанда, үйсін тағы күшейген сияқты. Бүлардың арасын да бір атақты үрулар "түркеш" ьәм "күркеш". Осы күні Алтайдың теріскейінде "шернуай татар" арасында тиркеш ьәм киркеш деген таптары бар (Тилекөл мен Қатын өзенінің арасында). Түркештің арасында аса атақты болған "Сүлу" хан. Бүлар 5 ьәм 10 бөлініп берекесіз болып жүргенде, 757- інші жыл қытай әскері келіп шауып, бүларды да қаратып кетеді. 670-інші жылдарда күншығыс түріктер тағы көтеріліп бүрынғысындай бола бастаған. Бүлардан босанып кеткен Суяб түріктері 689-ыншы жылы жеңіліп, күншығыс түріктің әскері Самарқанның ар жағынан қайтты.
704-інші жылы Суяб ханы Ашинақуай Далд күшейіп, күншығыстан босанып, өз тізгінін өзі алды. 711-інші жылы Мүше деген күншығыстың ханы Ашинамен соғысып жеңіп, қайтадан қаратып кетті.
712-інші жылы Мүшенің інісі Гүл-теген (Күлтегін- Қ.М.) арабқа қараған Соғдыны, Зарафшан маңайы, қайта қаратты. Сонда арабтардың қолында жалғыз Самарқан қалыпты. Күлтегін қайтып кеткенде, 712-інші жылда атақты араб әскер басы Қүтайбы Соғды Ферғана ьәм Шашты (Ташкент маңайын) қаратып алды. 716-ыншы жылы Мүше хан өлді. Мүның орынбасары Билгі хан қанша әрекет қылғанмен патшалық түзелмеді. 731-інші жылы Күлтегін өлді. 734-інші жылы Билгі хан өлді. Бүлардан кейін екі түрік хандығы екеуі де жүдеп-жадап төмендеп кетті.
Жоғарғы айтылған түркештің "Мүхада хан" деген бастығы Тартының бойында (Меркеден 30 шақырым күнбатыста) "Ашинасин" деген Суяб ханын өлтірді. Сонан кейін бүл хандық жоғалды деуге болады. 740-ыншы жылы жоғарғы айтылған түркештің Сүлуу ханы арабтармен көп соғысып,
әлденеше қиыншылық көрсетіпті. Содан Сүлууды арабтар
"Абүу мүзахым" я "Сүзеген" деп ат қойыпты.
738-інші жылы қытай әскері күнбатыс түрікті жеңіп, Суябты бүзды. Бүрынғы түрікке қараған жерлерді қаратып алуға қытай әскері ілгері жүріп келе жатып, 751-інші жылы Таластың бойында араб әскеріне жолықты. Сол жерде үлкен қырғын соғыста арабтар жеңіп, 50 мың қытай қырылып, 20 мың қытай қолға түсіпті. Осыдан қытайдың жүрегі тайып, күнбатысқа үмтылуын содан бері қойды.
Достарыңызбен бөлісу: |