ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ МАТЕРИАЛДАР
"ТҮРІК-МОНҒОЛ ТАРИХЫ"
Сөз басы
Тарих жолымен жер жүзіндегі жүрттар екі бөлінеді: өнерлі, талапты, қатардан қалыспаған жүрттар. Бүларды - тарихи жүрттар деп атайды. Европа ьәм Азия халықтары, Америка ьәм Африкадағы өнерлі халықтар (европалық түқымдары) - бүлар тарихтық жүрттар. Екінші, неше мың жылдардан бері қалыпта түрған, ілгері баспаған аң сияқты халықтар - тарихсыз халықтар. Африкадағы занжирлер, Америкадағы үнділер, Австралия жақтағы малайлар - бүлар тарихсыз жүрттарға жатады. Тарихқа жазылатындай іс көрсетпеген соң, бүларда тарих сөйлемейді. Өнерлі жүрт- тар бүларды айуан есебіне санап, жем қылып отыр. Мүндай болғанда, түрік-монғол қайсысына жатады?
Бүрынғыдан бейхабар болып, ата-бабаларымыздың қайдан шығып, не дәурен сүргенін білмесек, онда бүл сауалға жауап бере алмаймыз.
Енді бүрыңғы өткен-кеткенге қүлақ салсақ, түрік- монғол жүрты ескі замандарда атақты дәурен сүріп, айтқан- дай-ақ болған екен. Баяғыдан қытай, монғол, түріктерді қаратып, кейін Европаны астан-кестен қылатын үнны (һүны), түріктен шыққан.
Бүлғарды Дунайға бастап барған хандар да дулаттан шыққан. Бір кезде Россияны тыншытпай отырған қара- қалпақ, қыпшақ түріктің бір бөлігі.
Атақты Шыңғыс ханның елі, ьәм түқымы осы күнде қазақ-қырғыз арасында отыр. Иранды қаратқан Әлеке (Һулагу) ханның әскері ьәм елі, көбінесе жалайырдан болған.
Осман (Стамбол) түрік қаңлыдан шыққан. Алтыншы ғасырда Монғолияда үйғырдың өздері шығарған әліппесі болған. 1069-шы жылы Баласүғын деген шаьарда (осы күні
Тоқмақ қаласының қасында) Юсуф деген ұйғыр тілінде
"Құтадғу білік" деген өлең кітап жазған.
ХІІ-ХІІІ ғасырларда ұйғырлар тарих, философия ьәм өзге нәрселерді жазып шығарған. Қытай патшалары кітап- тарын жөндеп жазуына ұйғырлардан ғұлама шақыртып алады екен.
Әмір Темірдің немересі атақты Ұлығбек өз заманында бірінші астроном болған. Осы күні Самарқанның қасында Ұлығбектің обсерваториясының тамтығы бар.
Міне, түрік-монғол жұрты қандай болғаны, осы бес- алты ауыз сөзден көрініп тұр.
Түрік-монғол тарихы екіге бөлінеді:
Ең ескі заманнан бастап, 1456-шы жылға шейін
(Өзбек пен қазақ-қырғыз айрылатын жыл).
1454-ші жылдан бері қарай, қазақ-қырғыз бөлініп шыққан жылға шейін, қысқаша түрік-монғол тарихын бәрін жазбақшымыз, сол жылдан бері қарай бір-ақ қазақ-қырғыз тарихын айтпақшымыз.
Түрік-монғол арасында алғаш белгілі болып атағы шыққан - түрік жұрты. Шыңғыс ханнан бастап монғол күшейіп, түрікпен араласып, кейін түрік-монғол аталып, бір жұрт болып кеткен. Осы күні жалғыз Россияға қараған түрік-монғол тұқымы 25 миллионнан артық. Басында бұл жұрт тұтас отырушы еді. Осы күні бөлек-бөлек болып отыр. Бұлардың арасында өзге нәсілді, өзге дінді жұрттар отыр.
Түрік-монғол екіге бөлінеді:
Күншығыс түріктері: Сібір, Саян, Алтай тауындағы көшпелі абақан, шолым, қызыл, қашын, сағай, қарақас ьәм өзгелері. Бұлар бұрынғы мажұс дінінде, біразы христиан дінінде деп аталады.
Күнбатыс түріктері: қазақ-қырғыз, өзбек, сарт, тараншы, түрікпен, башқұрт, мешер, Қырым, Кавказ, Оспан (Стамбол) түркі.
Осы жүрттардың қаны бір, тілі бір ьәм діні бір. Қанша бір-бірінен бөлек отырса да бір-бірімен тәржімесіз сөйле- седі.
Түрік-монғолға ағайындас жүрттар: осы күнгі монғол, манжүр, жақүт, фин, мадияр, былғар. Осы жоғарғы айтыл- ған жүрттардың бәрін түран жүрттары деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |