«Қазақ журналистикасының тарихы» пәні бойынша



бет5/10
Дата25.02.2016
өлшемі1.11 Mb.
#20322
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

8 Лекция
(1 сағат)
: “Абай”журналы.
Жоспары :

1. Журналдың шығуы.

2. Бөлімдері.

3. Мақсаты.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.


“Абай”журналын шығару жөніндегі алғашқы ұсыныс қазақ зиялыларының арасында 1914 жылдың өзінде – ақ қабыл алынып,ұлы ақынның қазасының он жылдығына байланысты. Семей қаласында өткізілген үлкен жиылыс үстінде бекітілген болатын. Алайда, бірінші дүние жүзілік соғыстың басталуына және патшалық Ресей тарапынан отарлау саясатының бұрынғыдан да күшейе түсуіне орай журнал шығару міндеті орындалма қалды.

Бұл арманға қызық зиялыларының қолы тек 1918 жылы ғана жетті. Осы жылдың ақпан айының 1- жұлдызынан бастап “Абай”атты ғылыми,әдеби,шаруашылық журнал белгілі қазақ жазушысы,Ж.Аймауытовтыңредакторлық етуімен Семей қаласында шыға бастады. Негізінде бұл басылымды шығарушылар “Екеу”деген лақап атпен қол қоюшылар болатын. Оның бірі журналдың ресми редакторы Ж.Аймаутов болса,екіншісі әдебиет майданына енді ғана араласқан М. Әуезов еді.

“Абайды”шығаруды ең алғаш қолға алған,барлық ыстық-суығына көнген,соңынан осы ісиері өзіне соққы болып тиген қос азамат Ж.Аймауытов пен М.Әуезов еді.

Ж.Аймаутов,М.Әуезовпен қатар “Абай”журналына С.Торайғыровтың да қосқан үлесі зор.

“Абай”журналына жиі араласып,көп көмегін тигізген,оның беттеріне бірқатар мақалаларымен өлеңдерін жариялаған осындай белсенді авторлардың бірі – С.Дөнентаев болатын.Ол алғашқы күннен бастап – ақ журналды ұйымдастырушылар мен шығарушылардың идеясын қызу қолдап,қолдан келген көмегін аямаған.

“Абай”журналы 1918 жылдың аяқ шеніне қарай біржола жабылды.Оған себеп,Сеиейде болбшевиктердің билік басына келіп, “Алашорда”үкіметінің құлауы еді.




9 Лекция
(1 сағат)
: «Ақ жол» газеті.
Жоспары :

1. 1923жылғы Түркістан үкіметінің тілі.

2. Газеттің мақсаты.

3. газеттің міндеті.
Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.


1923 жылы «Ақ жол»газеті туралы Б.Майлин: «Осы декабрь жұлдызының 7 күні Ташкентте шығатын Түркістан үкіметінің тілі «Ақ жол» жарыққа шығу үш жыл толды.Сол күннің құрметіне «Ақ жол» Қазақстанда көп тараған газет екенін айтып келіп: «Ол Түркістан үкіметінің қолдаған шараларын қазақ халқына жеткізіп тұрды»,-деп атап көрсетті.

Шындығында 1920 жылдың 18 сәуірінен шілденің 27-іне дейін Ташкент қаласында қаласында қазақ тілнде «Жаңа өріс»газеті шығып тұрған болатын.Ал «Ақ жл»болса, сол басылымның заңды жалғасы еді.Алдымен «Жаңа өріс»газеті туралы бір-екі ауыз мәлімет бере кетелік «ол қырғыз-қазақша жетісіне екі рет шығатын сыпайы тілдегі саяси әрі шаруашылық газет»,-деп аталады.Басылым атериалдары халықты негізінен еңбеккке,иг тіршілікке шақырады.Оның бар-жоғы 14 номері жарық көрді.Ал,сол жылдың 7 желтоқсанынан бастап оның орнына «Ақ жол»газеті «Қырғыз газеті»деген атпен шыға бастады.Орташа таралу тиражы 1800.Алғашқы редакторы С.Қожанов.Басылымның ішкі хабарар сыртқы хабарлар,сауатсыздықты жоғалту жайынан әйел теңдігі,ресми бөім,бұйрықтар,жарлықтар,жастар арасында,жарнама,пратия тіршілігі,партия талаптары шаруашылық жайынан деген бөлімдері болды.

Мысалы «Ақ жолдың»1921 жылғы 29-нрмерінде «Кедейлер төңкерісі»деген мақала жарияланады.Онда Орта Азия халықтарының патшалы Ресей дәуіріндегі сарқыншақтарға қарсы күресі туралы айтылады.Автор байлардың кедейлерге жасаған зорлық-зомбылықтары,олардың жиі-жиі кедейлердің малын тортып алуы,кеделердің көтеріліске шығып,жаңа өмір орнатуына алып келді деп түйіндеуіне нгеіз береді.

Сондай-ақ газеттің осы номерінде,Түркістанда өткзілетін кедейлер конферециясына Рахимов,Баршов,Сафаров,Арызбаев,Оразов,Каримов сияқты барлығы 25 өкілдің тіркелгенін,мұнда «Мұсылман интернатының»ашылып,қазір барлығы 113 ұл мен 13 қыз бала оқып жатқандығы және 14 наурыздан Ташкентте «Мұысылман партия школасы»іске кіріскенінқысқаша хабарлайды.

«Ақ жол»газетінде әйел теңдігі мәселесі де кең түрде қамтылған.осыған орай Жұмабек Қыстаубаев деген автордың «Қалың мал ұрлығы»,-деп аталатын мақаласындағы «Шымкент уезі Қошқар ата болысындағы Бөотебайұлы 17 жасар қызды 15 қара малға сатып алған.Қыздың әкесі Таңқы 15 қараны алып,қызын әйел үстіне берген»дейтін жолдарға нақты жауп ретінде газеттің 1924 жылғы 13-нөмерінде «Қазақ-қырғыз арасында қызды мал орнына сатуға тиым салынғалы бері бұл әдет жойылып та келді.Сонда да бұл туралы шығарылған заң-закон қағаз жүзінде ғана қалып,іс жүзінде шыға алмай,қала ішінде онша-мұнша орындап,даладағы қара халық арасында әлі жойылмай тұр.Осы жылы Жизақ уезі Атақорған болысында Оспантөс Бекұлы деген кедейлерге жол болып,жаман әдет жойылар ма деген оймен өз қызын малсыз Оңғарбек Қаратайұлына беріп отыр.Бұған қарағанда қазақ-қырғыз ішінде қалың мал жойылар деген үмітсіз де бар»,-деп редакцялық мақала жариялады.

«Ақ жол»газетінің тағы да бір ерекше көңіл бөліп,жан-жақты проблема көтерген мәселері шаруалар жағдайы.Мысалы,газеттің 1921 жылғы 52-нөмерінде «Жерсіз һәм аз жерлі дихандар ұйымының жобасы»жарияланды.Онда,ұйым мүшелерінің ақша жөннідегі міндеттері,істері көрсетілді,яғни,әр айға кіріс салығы 50 сом,айлық салығы да 50 сом.Одан әрі ұйымның әр ауылда ашылу керектігін айтады.

«Ақ жолда»жиі жазылып,халықтан тиісті бағасын алған тақырыптардың бірі әдебиет,мәдениет және білім мәселесі.Мысалы,басылым өзінің «Сауық кеші» («Ақ жол»газеті, 71саны,1921 жыл)деген мақаласында: «1921 жылғы 20 майда Түркістан қаласындағы жастар ұйымы атынан сауық кеш жасалады.Бұл тамашада «Болыс»атты 3 перделі драма қойылды»-десегазеттің 1924 жылғы 402-і нөмерінде «Жаңа шыққан жеті азамат қырғыз-қазақ мәдениетін көркейтуге мұрындық болыңдар»атты мақаланың авторы Үсенұлы: «Қай жұрттың болса да жұртшылық санына қосылып,мәдениет сатысына қосылып аяқ басу сол жұрттың әдебиетінің өркендеуімен табылмалық»,-деп жазды.

Ал редакция ұжымы болса Темірбай деген автордың «Тұңғыш жетеу»мақаласы арқылы Үсенұлының осы ойын әрі дамытып,былай деп нақтылай түседі: «Ташкенттегі қазақ-қырғыз институтын тауысып,жеті азамат бүгін майданға шығайын деп тұр.Институт өзінің қысқа,тайғаө өмірінде тәрбиелеп,өсіріп тұңғыш жеті балапан ұшырып отыр.Қазақ-қырғыздың тіршілігінің шарттарына қарағанда,бұл жеті күш,әрине аз,жетпіс те аз,жеті жүз болу керек еді,бірақ барымыз осы.

Қазақ елінің даласы осы күнде мәдени басшыға мұқтаж.Мәдени басшы деп кімді айтамыз,Қай жұртта қай заманда болса да оқусыз мәдениет жоқ.Алдымен оқу керек.Судья,дәрігер,инженер т.б. мәдениет басшысы емес.

Қазақ-қырғыз надандығына,қараңғылығына қарағанда бұл арада мәдениет басшы мұғалім.Сондықтанда бұл арада мәдениет басшы мұғалім.Сондықтан қазақ-қырғыздың мәдениет тарихында дәрігер,инженерден гөрі оқытушы мұғалімдер айрықша орын алады.Институттың тұтқан бағыты қазақ-қырғыз оқытушы мұғалімдер шығармақ.

Институт бұл бағытынан айнымаған болса,мынау жеті азамат институттың бағытынан жаза ббаспауы үлкен мәдениет.Халықтың білім алу,көркеюі сіздерге қарап тұр.Институтта оқитын тұңғыш жетеу:Оспанқұл Әлиұлы,Базарқұл Даниярұлы,Әлжан Бұқарбайұлы,Жұмабек Нұрбекұлы,Сәдуақас Баймақанұлы,Насыр Қожақұлы,Шынәлі Мұсақұлы»деп бүкіл иісі қазақ халқына жар салады,ой салады.

1924 жылдың соңында Түркістан Совет республикасы таратылыпқайта құрылды.Осыған байланысты бұрын оның қарамағында болып келеген Жетісу мен Сырдария облыстары Қазақ АССП-іне қосылды.Осыдан кейін «Ақ жол»газеті 1925-1927 жылдары Қазақстанның Сырдария облыстық партия,кеңес мекемелерінің органы болып Шымкент шығып тұрды.



10 Лекция
(1 сағат)
Шолпан” журналы.
Жоспары :

1. Шолпан журналының шығарушылары.

2. Мақсаты.

3. Мақалалар тізбегі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.


«Шолпан»журналы Түркістан Орталық пратия комиттеінің органы болып,Ташкентте шығарылды.Қазақ тілінде айына бір рет шығатын саясат,шаруашылық,білім,әдебиет журналы»деп аталды.Ол 1922 жылдың қазанынан 1923 жылдың мамыр айына дейін шығалып тұрды.

Журналдың өнері-білім,шаруашылық бөлімдерінде көптеген танымды материалдар жарияланды.Мәселен, «Қазақ тіліндегі сингармонизм заңы», «Орхон жазу туралы бірнеше сөз», «Жер сілкіну», «Ғылым не береді»т.б.мақалаалрдың ғылымдық,тәрбиелік,үгіт-насихаттық мәні зор болды.Журналы жұмысына О.Жандосов,Ә.Диваев қатысты.

Ал енді «Шолпанның»бетінде сол кезеңнің көкейкесті мәселеріне арналған қандай басты материалдар жарияланды деген сауалға келетін блсақ онда ең алдымен «Абыр-сабыр заманда сақтану керек»атты мақалаға тоқталамыз.Себебі,бұл еңбекті көптеген зерттеушілер соңғы кезге дейін ұлтшылдық сарында ескіні көксеумен жазылған дүние деп бағалап келді.Кеірісінше,біздің ойымызша оның ешбір шектен тыс асып бара жатқан ұлтшылдығы жоқ сияқты.Оған мақала тексін оқу арқылы көз жеткізуге болады:

«Төңкерістен бұрын қырғыз-қазақ кедейлері ылғи өгейлік көріп келді.Басынан тоқпақ кетпеді.Жақсылықтың сәулесі тимеді.Көргені зорлық-зомбылық,жауздық еді.

Түркістанда патшалық өкімет басқарып келегн жергілікті жұрттың қамқорлықтарыменен,патша өкіметіне арқа сүйеп,аштан келген келімсектердің қулық-сұмдығына шыдағандары қырғыз-қазақ болып еді.Өзін санға алмай қырғыз-қазақты билеп,жер-суы үшін ақы алды.

Бұдан басқа мақсаттары да жоқ емес еді.Сондықтан ревалюцияныңалғашқы күндері қырғыз-қазақ жұрты төңкерістің ниеттеріне сенімсіз көзбен қарады.Төңкерістің әуелгі дәуірінде төңкеріс жемісін жалғыз орыстар пайдаланады деген пікірден кейін төңкеріс ісіне тіпті араласпады».

Сондай-ақ журнал халық арасында өкіметтің түрлі саяси-экономикалық мәселелерін түсіндіруден де бас тартқан емес.Мәселен,салық жайы.Редакция ұжымы халыққа оны,былай түсіндіреді: -«әрбір өкімет өзінің істейтін шығындарын көтеру үшін халына әртүрлі салықтар салады.Өкімет шығындары көп болған сайын соғұрлым халыққа да салықтар көп түседі.

Салықты аз салатын өкімет халқына жақсы қарап һәм аз салық халықтың шарушылығына жеңіл тиеді.

Сондықтан екіге бөлінеді һәм түрлі жолмен өкімет пайдасына халықтан жиналады.Кейбір салықтар ашық салық деп аталып,басқалары жасрын салық делінеді.

Ашық салық жер,су,аяқты мал,фабрика-завод һәм солар сияқты мүліктердің иелеріне ашық салынып жиналады.

Жасырын салық халыққа білдірілмей,көрсетілмей,байқатпай салыынп иналатын сияқты.Енді екітүрлі салықтың қалай жиналуын түсінуіміз үшін мынадай мыалдар алайық.

Өкімет жүз уақ малы һәм 15-20 ірі қарасы бар орта шаруаға иесі өкіметке бір жыл ішінде 8-10 сомнан басқа алатын ақша есебіне басқа шығын төлемеймін деп жүрсе де тағы да әртүрлі жолменен өзі байқамай бірнеше шығындарды төлейді».

Әрине,бұл жерде редакцияның жасырын салық туралы айтып,халықтың арасында кері пікір туындатқанын жасырмай көрсетуіміз керек.Бірақ баспасөз бетінде шындықты жазып,соңына дейін адал болғанға не жетсін.

«Шолпан»журналында мұнымен бірге өнер-білім мәселері де үзбей арияланып тұрды.Мысалы,белгілі шығыс зертеушісі Ә.Диваев өзінің «Қазақ-қырғыз білім комиссиясы жайынан қысқаша баяндама»деген мақаласында: «Мектеп кітаптарын даярлауға комиссия өте назар салды.Бірнеше жиналыс жасады.Қазақ азаматтарын оқу кітаптарын жазуға шақырды.1922 жылдың аяғнда азаматтар мынадай оқу кітаптарын жазып бермекші болып уәде берді:

1.С.Қожанов.Арифметиканың бір бөлімін.

2.Қ.ҚЖолманов,Арифметиканың екінші бөлімін.

3.А.Дәнебаев.Педагогика.

4.Ф.Ғалижанов.Абсалютті арифметиканы.

5.Ғ.Досмұхаметов.Жануарлар жайында.

6.С.Оспанов.Қазақ-қырғыз тіліндегі сөздрді түзеуді.

Бұл кітаптардан жануарлардан басқа комиссияға кітап тапсырылған жоқ»,-деп дабыл қағып,алаңдаушылық білдірді.

Егер журнал бетінде жазылған әдебиет мәселесі туралы сөз қозғасаң,онда «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі»деген тарихи әдеби сынның қысқаша мазмұнымен де таныс болғанымыз жөн сияқты:

«Қазақ әдебиетінің осы күнгі халі мен бғытына оқырмандар түрлі пікір айтады.Орыс зерттеушілері әсіресе қаақ ауыз әдебиетінің жалпы түркі әдебиетінің ішінен алар орны зор деп бағалауда әрі осы жазулардың айтуына қарағанда жазба әдебиетіміз әлі іргесі қатаймаған,беті анықталып ашылмаған,белгілі түрге түсіп қалыптаспаған,майысқан-сынған әдебиет деп саналғандай жасырын мазақ,ащы мысыл сезіледі»,-деп ой қозғайды автор.

Енді «Шолпан»журналында әдебиет,мәдениет,өнер мәселелеріне арналған қандай дүниелер болады,олардың авторлары кімдер еді десек,онда М.Жұмабаевтың «Қорқыт», «Батыр Баян»,поэмаларын,М.Әуезовтың «Оқған азамат»әңгімесі мен «Заман еркесі»роанын,Б.Серікбаевтың «Қонай құлаған тас»және Ш.Құдайбердиевтің «Ләйлі-Мәжнүн»поэмаларын атауымызға болады.Ал редакция жұмысына үнемі араласын,туған халқына жанашырлық танытып,материалдар жарияланып отырғандар:Н.Төреқұлов.С.Қожанов,С.Аспендияров,Т.Рұсқұлов.О.Жандосов,А.Оразаев сынды азаматтар болды.

Қазақ шаруасының арасында түісінік,ұйымдастыру жүргізуде журналдың «Шаруашылық бөлімі»белсенді қызмет атқарғаны байқалады.Мысалы,Темірбек деген автордың «Көшпелі қазақ халқын отырықшылдандыру дегендер тралы»мақаласын оқып көрейікші:

«Соңғы жылдары қазақты тегіс жерге отырғызу керек деген мәселелер туып жүр.Өнімді түр табиғаттың күшін өзіне қаратып,бағыныдырып алса болғаны.Сондықтан табиғаттың күшін мол пайдалану үшін мәдени кәсіптермен айналысу керек.Ол үшін жер иелену керк тіршілікті тұрақты түрге салып,боран соқпайтын жем жемейтұғын орнықты кәсіппен айналлысу керек...»

«Шолпанның»келесі саныда отырықшылықтың пайдасы туралы «Қыстақтардағы су мәселлері деген тағы бір шағын мақала жарияланды.Онда,өмірінде пара алып көрмеген бір мұғалім мұрптыққа сайланады.Байлардың берген парасын алмай,парақорлықпен күресу жолына түседі.Байлар мен кедейлер су пайдалану жұмысында тексеріле бастады.Сондықтан байлардың артық жерлеріне су жетпей,құрғаға айналды.Су аздықтан екпейтін жерелерін кедейлер гүлдендіре бастады деген мәселе айтылып,әділдік,ауызбірлік болса мұратқа жетуге болады деген ой түйіндейді.

«Шолпанның»басқа журанлдармен салыстырғанда «Саясат бөлімі»болады.Бұл бөлімнің жұмысы кезінде жақсы жолға қойылғандығы байқалады.Мысалы,онда «Саясат дүниесінде», «Жалпы Россия кеңестерінің бірінші сеъзі», «Еуропаның саяси халі»сияқты мақалар жарияланып,оқырмандарн дүниенің жер жерінде болып жатқан оқиғалармен тарныстырп отырған.Осы мақалалрдың бірі «Орта Азия бірлігі»деп аталады.Онда:

«Март айының басында Ташкентте Орта Азиядағы Бұхара,Хорезм һәм Түркістан республикаларының конференциясы болып өтті.Бұл жөнінен конференцияның жұмысы жақсы болып шықты.Ескі заманда да,ревалюциядан бері қарай да жоғарыда айитқан айақтардың шаруасы бір жерден басқарылып келегн емес.Әбден ауданға бөлу мәселесі Мәскеуден қаралып жатады.Мәскеудің ұйғаруына қарағанда Түркістан,хорез һәм Бұхара республикалары бір шаруа ауданы болып саналатын көрінеді»,-деп түсіндірлді.

Мне, «Шолпан»журналында тоғыз айдың ішінде жарияланған материалдардың мән-мазмұнын,сын-сипаты негізінен осындай болып келеді.Әрине,редакция тарапынан адасушылық,бұрмалаушылық мүлде болған жоқ дей алмаймыз.Бірақ бүгінгідей егемендік,демократиялық пен жариялылық кезінде өткенімізді саралап,жақсы мен жаманның арасын айырып алғанымыз жөн сияқты.Кезінде бабсылымда «ұлтшыл»материалдар жарияланған екн деп өз халқымыздың тарихына бас тартқанымыз азаматыққа,адамгершілікке жата қоймас.



11 Лекция
(1 сағат)
: ²àçຠæàñòàð áàñïàñ¼çiíi» òàðèõû.
жоспары :

. “Æàñ àëàø” ãàçåòi.

2. “ Æàñ ºàéðàò” ãàçåòi.

3. “´ðòå»” ãàçåòi.

4. “Æàñ ºàçດ ãàçåòi.
Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.


“Жас алаш” газетінің ең алғашқы нөмірі 1921 жылдың 22 наурызда Ташкент қаласында щыққан. Тұңғыш редакторы – Ғ. Мұратбаев. Бірақ көп ұзамай , қағаз тапшылығынан және қаржы жоқтығынан бұл басылым жабылып қалады да, енді оның орнына 1922 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап Орта Азия бюросының хәм Түркістан Ортақщыл Жастар Ұйымы комитетінің он күндік газеті “Жас қайрат” шығарылы бастады. Редакторы болып Е.Алдоңғаров. бекітілді.

“Жас қайрат” газеті 30 шақты нөмірінен кейін 1924 жылдың қаңтар айынан бастап журналға айналды. Бұл Түркістан мен Қазақстандағы жастар басылымы тарихының алғашқы кезеңі болады. Ал республикадағы жастардың басылымы - “Өртең” газеті 1922 жылы Орынборда жарық көрді. Оның шығарушылары – С.Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ә. Байдаралиев , Е. Алдоңғаровтар еді. Өкінішке орай “Өртеңнің” де екі ай ішінде 6-ақ нөмірі шығып, саяси ұстамсыздығы деген желеумен жабылып қалған.Енді, Қазақстанның аймақтық жастар комитеті “Өртең” газетінің орнына 1923 жылдың қазан айынан бастап “Жас қазақ ” журналын шығара бастады.

1924 жылдың 8 ақпанынан бастап “ Еңбекші қазақ” газеті өзінің бір бетiн ”Лениншіл жас” атты жастар бетіне айналдырды. Ол1925 жылы дербес “ Жас қайрат ” газеті болып шықты.Ал 1927 жылдың 22 қыркүегінен бастап ,1991 жылға дейін үзбей “Лениншіл жас ”деген атпен шығып тұрды.

Алғашқы он жылдықтар ішінде тжастар басылымдарының беттерінде Ғ. Мұратбаевтың “Жетісу мәселесі- хәм қазақ- қырғыз мәселесі”, Н.Надымжановтың “Шаруаны үйрену керек”,Ж.Сақтаевтың “жастар жылап жүр”, С. Садуақасовтың “ Қазаққа не керек ” атты материалдары жарияланса, ол отызыншы жылдары А. Лекерұлының ”Мұң бұлақ совхозының комсамолдары мал бағуды қамқорлығына алды”, Тәжібайұлының “ Көшпенділіктен аухаттылыққа ”, Х. Бүлікбаевтың “ Отан үшін қалай күрестік” деген түрлі бағыттағы мақалалары жарық көрді. Бұл жерде бір тоқтала кететін өкінішті жағыдай стахановшылар , жас малшылар бір комсомолдық қамқорлық тақырыбымен қоса , жоғарыда айтқанымыздай білікті зиялы азаматтарды халық жауы ретінде айыптауға арналған материалдар да үсті- үстіне жарияланып жатты.

Сондай-ақ, “ Жас алаштың ” беттерінде сексенінші жылдардың басында жариялаған алуан түрлі тақырыптағы мақалалар , очерктермен өлең әңгімелер оқырманлдар есінен әліде болса шыға қойған жоқ. “жас алаш” өз тқызметкерлеріне оқырмандарына сенді.

Әділін айту керек, “Жас алаш” газеті желтоқсан оқиғаларының жаңғырықтарын егжей- теегжейлі қарастырып, зеттей жазып келе жатқан газыттерінің бірі.


: “°éåë òå»äiãi”æóðíàëûíû» òàðèõû.

(1 сағат)
Жоспары :


  1. °éåëäåðãå àðíàë¹àí áàñïàñ¼ç îðãàíûíû» ìàºñàòû.

  2. Æóðíàëäû» á¼ëiìäåði.

  3. 1925-27 æûëäàð àðàëû¹ûíäà¹û æóðíàëäû» òàðèõû.

4.1930-31 æûëû æóðíàëäû» ºàçຠ¸éåëäåðiíå ûºïàëû.
Пайдаланатын әдебиеттер:

1.Қ. Àòàáàåâ Қàçàқ áàñïàñөзi. Қàçàқñòàí òàðèõûíûң äåðåê көзi.(1870 – 1918) À.,2000.

2.Қ.Àëëàáåðãåí. қàçàқ æóðíàëèñòèêàñûíû» òàðèõû.

3. Ү.Субханбердина “Дала уалаяты ”газеті А.,1988,1991,1992,1994,1996.

4. Х.Бекхожин Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

5. Шафиро Ш Очерки по истории Алаш – Орды.А.,1994.


1920 жылы Қазақстан Автономсиялы Республикасы Орталық Атқару Комитетінің қалың малға,әменгерлікке,көп әйел алушылыққа тиым салу жөнінде қабылдаған декреті жарияланды.Декретте қазақ әйелдерінің еңсесін басқан,адамдық қасиетін қорлаған тағы басқа да зиянды әдет-ғұрыптарды жою көзделді.Міне,осы дектерттің мәнін әйелдерге түсндіріп,олардың өздерінің бас бостандығы үшін күресуіне көмектесу,әелдерді қоғам өміріне белсене араластыру үшін ел ішінде көшпелі қызыл отаулар,делегаттар жиналыстары ұйымдастырылды.Бұлардың жұмсын насихаттайтын,әйелдерге арналған баспасөз органын шығару қажеттігі туындады.Осыған орай жетісіне бір шығатын аймақтық партия комитеті жанындағы әйелдер бөлімінің газеті “Теңдік”1925 жылы 5 мамырда Қазақчстанның сол кездегі астанасы Орынборда шыға бастады.Газет редакторы Сара Есова болды. “Теңдіктің”алғашқы нөмірінде жарияланған С.Есованвң “Баспасөз күнінде ”атты мақаласында газеттің негізгі мақсатын танытатын мынадай сөздер бар :

“... Бүгін,еңбекшілердің туын көтеріп,алдағы істердің ақайшысы болып әйелді теңдікке,азаттыққа сүйрейтін “Теңдік”туып отыр.Бұл – зары кең даланы күңіренткен еңбекші қара шаруа әйелдерінің саңлауын ашып ,оларды әлеумет ісіне араластырып,жұртшылық жұмысына жұмылдыратын көптің “Теңдігі”, “Теңдік”езілген әйел,қорлықтағы күндер тіршілігінің айнасы. Сондықтан жердегі қара шаруа,еңбекші әйелдер газетті алдырып,өз тіршіліктерін жазып тұруды міндет санау керек”.

Журнал тиражы жылма-жыл өсіп отырды.Бірінші саны 500 данамен шыққан “Әйел теңдігі”1925 – 1926 жылдары - 3000,1935 жылы –10,000 – ға жетті.

“Әйел теңдігі”журналы бостандыққа қолы жеткен,тағдырын,өз намысын қорғай білген саналы да өжет әйелдердің іс - әрекетін көпшілікке жеткізе отырып,жасы толмаған қыздарды зорлап күйеуге беруді,екі әйел алуды,ескі заманның әйелдердің адамгершілік арын аяққа басатын т.б. шіріген әдет-ғұрыптарды қоздырушыларды аямай сынаған,сүйгеніне баралмай,көкігегі шерге толған,көзінен жас кетпеген,ішқұса болған талай-талай әйелдің басына бостандық алына достық жәрдем берген “Әйел теңдігінің”қазір сарғайып,өше бастаған әрбір санында осы мәселе жайында жазылған мақаланы,өлеңді,фельетонды,мысал-сықақты көреміз.

Журнал шығып тұрған 1925-1935 жылдар аралығында сөзіміздің бастапқы жағында айтылып кеткен ХІХ ғасырдағы Сара Тастанбекова секілді ескі салттың,қалың малдың құрбаны болған қазақ қыздарының басына теңдік,бостандық әперу мәселесін батыл қолға алып,тозығы жеткен дәстүрлерді аяусыз әшкерелеп “Әйл теңдігі”деген атына сай үлкен қызмет көрсетті.

Қазақ әйелі Қазақстанның барлық еңбешілері сияқты республикада колхоз құрлысына белсене қатысты.1926-1927 жылдары республикадағы барлық әйелдердің 7 проценті ғана колхоз мүшесі болса, 1928-1929 жылдары колхозға кірген әйелдердің саны барлық колхоз мүшелерінің 40 процентіне жетті.

Журнал бетіндегі Қызыл отау туралы материалдар барлық облыстан да жазылып тұрды.Бұл бір-бірінің тәжірибесімен танысуына,жұмыс аясын кеңейтуге жол ашты.Қызыл отау жұмысын жандандыра жүргізуге “Әйел теңдігі”журналының редколлегия мүшесі Алма Оразбаева белсене ат салысты.Ең алғаш Қызыл отау құру жағы иниициатива көтерген де осы Алма Оразбаева болатын.Жер-жердегі Қызыл отау жұмыстары туралы Әбдірәшитқызы Нағима,Базарайым Хасенова,Қажыбай қызы Райхан т.б. әйелдер үзбей хабарлап тұрды.

Қазақ әдебиетінің іргетасын қалаушылар – С.Сейфулин,Б.Майлин,І.Жансүгіров,С.Мұқанов қатысқан журналдағы әдебиет бөлімі ең қызықты,тартымда бөлім болды.Осы аталған төрт алыптың бірсыпыра әңгімелері,поэмалары,өлеңдері алғаш рет “Әйел теңдігінде”жарияланды. Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі”(1927)повесі мен “Раушан коммунист”(1928)повесі алғаш рет осы журналда басылды.

Осы кезеңде бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлініп,әр ауылдан балалар бақшасы ашыла бастады.Бұл біріншіден,балаларды көпшілікке баулыса,екіншіден,әйелдердің алаңсыз әлеумет жұмысына араласуына көмек тесті.

“Әйел тіңдігі”бетіндегі бала тәрбиесі,тәрбиелік кеңес,тазалық мәселелерінің жазылуы ьжурналдың мазмұндығы мен оқушылар арасындағы беделін арттыра түсті.



13 Лекция
²àçຠæóðíàëèñòèêàñû 1933-45 æûëäàð àðàñûíäà.

(1 сағат)
жоспары :

1.²àçàºñòàí ¼ëêåëiê ïàðòèÿ êîìèòåòiíi» ºàóëûñû.

2.”Ñîöèîëèñòiê ²àçàºñòàííû»” ìàºñàòû.

3. 1933 – 36 æûëäàðäà¹û êàäð ì¸ñåëåñi.

4.Àë¹àøºû áåñ æûëäûºòû» ºîðûòûíäûñû.

5.Ìåìëåêåòòi» Àëôîâèòiíi» ¼çãåðóiíi» áàñïàñ¼çãå ¸ñåði.

æûëû àøûë¹àí àë¹àøºû ìåìëåêåòòiê óíèâåðñèòåòòi» ìà»ûçû.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет