Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7



бет6/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Қазақ күресі

2.2. Қазақ күресінің техникасы.


Күрес техникасы - бұл балуанның жеңіске жету жолында рұқсат етілген ережемен күресуі (тәсіл, қорғаныс, қарсы тәсіл).
Тәсіл - кілем бетінде қарсыласының қалпын езгертуге және жеңіске бағытталған қимылы.
Қорғаныс - балуанның жасалған тәсілді тоқтатуға бағытталған әрекеті.
Қарсы тәсіл - балуанның жасалған тәсілге қарсы жауап тәсілі.
Байланыс - тұру қалпынан жату қалпына немесе керісінше жалғасу барысында орындалатын тәсіл, қарсы тәсіл және солардың элементтері.
Бұрылыс - шалқайып немесе отырып лақтырғандағы балуанның кілемге ішпен түсуге тырысып бұрылуы.
Техника түрлері - тәсілдің тұрып және жатып орындалуына, ерекшелігіне байланысты белінуі.
Лақтыру (тастау) - тұру қалпында қарсыласын кілемнен жұлып алып, қауіпті қалыпқа әкелуі.
Ауыстыру - қарсыласын төменгі жату қалпына әкелу тәсілі.
Құлатулар - қарсыласын кілемнен жұлып алмай-ақ, қауіпті қалыпқа апаратын тәсіл.
Лақтыру - күресу нәтижесінде қарсыласын кілемнен жұлып алып қауіпті қалыпқа әкелуі.
Шабуылшының лақтыру кезеніндегі негізгі әрекеті.
Еңкею - шабуылдау нәтижесінде оның тұлғасы тік қалпынан еңкеюге ауысуы.
Қайрылу - шабуылшының қарсыласына арқасын бере бұрылып және бірдей еңкейе аяғын бүгуі.
Бұрылу - шабуылшының қарсыласының қолынан және аяғынан, басынан және аяғынан, жеңінен және жағасынан ұстаумен қабат қарсыласының денесінің астынан көтере бұрылып лақтыруы.
Шалқаю - шабуылшының кеудесін артқа қозғаумен қабат, артқа бүгілуі.
Айналу - шабуылшының шалқаюымен қабат, қарсыласына арқасын, бүйірін беріп айналуы.
Қағып жіберу - қозғалыс нәтижесінде шабуылшы қарсыласын (подсечка, зацеп немесе т.б.) кілемнен жоғары қағып, қалпын өзгертуі.
Бұрау - қолымен орындалатын әрекет нәтижесінде шабуылшы қарсыласының қалпын өзгертеді.
Ауыстырып тастау кезіндегі шабуылшынын негізгі әрекеті.
Жұлқу - нәтижесінде, шабуылшы қарсыласын бұрып, әдіске өтеді (қолынан, басынан ұстап).
Айналу - шабуылшының шалқаюымен қабат, қарсыласына арқасын, бүйірін беріп айналуы.
Отыру - әрекет нәтижесінде бір аяғын артқа сала шабуылшы қарсыласының артына өтеді.
Аударып тастау кезіндегі шабуылшының негізгі әрекеті.
Бұрау - шабуылшының әрекеті нәтижесінде қарсыласы тік тұру қалпынан бұралып және арқамен кілемге жатады.
Өту (ауысу) - әрекеті нәтижесінде шабуылшы қарсыласының қолынан ұстап кілемге арқасымен аударады.
Домалау - әрекеті нәтижесінде шабуылшы қарсыласын басынан асыра аударып тастайды.
Жазылу (созылу) - әрекеті, шабуылшы қарсыласының денесін жазу нәтижесінде, арқасымен кілемге басады.
Жанын ауырту тәсілдерін жасаудағы негізгі әрекет.
Жазылу (созылу) - әрекеті нәтижесінде, шабуылшы қарсыласының денесінің жазылған бөлігіне ауырту әдісін жасауы.
Бұрау - әрекеті нәтижесінде, шабуылшы қарсыласының денесінің бүгілген бөліміне ауырту (денесінің бір мүшесін, екіншісіне айналдыра) әдісін жасауы.
Күрес тәсілдерінің элементтері (түрлері).
Бір атаулы ұстау - шабуылшының қарсыласының оң қолынан оң қолмен (сол қолынан сол қолмен) ұстауы.
Мойынды иықтың астынан алып үстау - шабуылшы қарсыласының мойнынан әр атаулы (бір атаулы) қолдың астынан өткізіп ұстауы.
Мойынды қолдың астынан ұстау - шабуылшы қарсыласының мойнынан екі қолмен, бір атаулы қолмен артынан, әр атаулы қолмен алдынан (қолдың басын ілмектеп немесе ілмексіз ұстау) ұстауы.
Айқастыра ұстау - қарсыласының денесінің бөлімінен немесе киімінен шабуылшының қолын айқастыра ұстауы.
Кілт - шабуылшы шынтағын бүге қарсыласының қолын бүгіп ұстайды, қарсыласының бүгілген қолын қолтығына қыса, жауырынынан алақанмен тартады.
Қайшылай ұстау - аяқтың қарама-қарсы қимылы және шабуылшының қарсыласының денесінің кез-келген бөлшегінен тізені айқастыру арқылы ұстауы.
Кеудені артқы жағынан ұстау - шабуылшының қарсыласының басына арқасын беріп ұстасуы.
Аралас ұстау - күресу темпін үздіксіз өзгертіп отыратын топтағы ұстасу әдісі.
Ұстасудың аралас түрі - шабуылшының ұстасуы немесе қарсыласының қорғанысына жауап ретінде ұстасу түрін өзгертіп ұстауы.
Шалу - қарсыласының бір немесе екі аяғының алдына шабуылшының аяғын көлденең қойып тәсіл қолдануы.
Сирақпен ілу - сирақты бүгіп қарсыласының аяғын іліп тарту немесе ұстау тәсілі.
Өкшемен ілу - аяқтың өкше бөлігімен қарсыласының аяғын іліп тарту немесе ұстау тәсілі.
Кілт (тез) қазу - қарсыласының өкше, тобық бөлігінен қағу.
Көтере алу - аяғының артқы бөлігімен қарсыласының аяғының алдынан немесе жанынан артқа-жоғары көтеру.
Іліп алу - қарсыласының тізе буынынан (артқы жағынан) тізені бүге қағу.
Отырғызу - шабуылшыны итеріп немесе тартып жамбасқа (тізеге) отырғызу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет