Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7



бет5/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Қазақ күресі

1.5 Тәсілдің құрылымы және элементі.

Күрес әдісі өзінше бір тұтас, қарапайым қимылдардан тұратын, уақыт пен кеңістікке бір-бірімен біріккен бейнеде танылады. Әрбір әдіс қолмен, аяқпен және кеудемен жасалатын қарапайым қимылдардан тұрады. Күресте қарапайым қимылдарды талдайды:



  • Қол қимылы - ұстау, тарту, итеру, сілку, жұлқу, тіреу, құшақтау т.б.

  • Аяқ қимылы - қою, аттау, бүгу, тарту, серпу, ілу, орау, тіреу, қағу, шалу т.б.

  • Кеуденің қимылы - еңкею, тіктелу, шалқаю, бұрылу, серпілу, қысу, құлау т.б.

Әрбір әдісте бірнеше қарапайым қимылдардан тұрады. Бұл әдістер бір-бірімен бірігіп, тұтастала құралған. Кейбіреулері бірге жасалса, енді біреулері өздігінше жеке орындалады.


ІІ- ТАРАУ. Қазақ күресінің техникалық және тактикалық дайындығы.


2.1. Балуанның негізгі қалпы.


Балуанның негізгі қалпы - бұл балуанның күресетін кезіндегі алғашқы қолданатын қалпы.
Тұру қалпы - балуанның екі аяқпен тұрып күресу кезеңіндегі ең қажетті қалпы. Балуанның тұру қалпы оң жақты, сол жақты, қарсы тұру қалпы, төмен тұру, жоғары тұру, жақын тұрыс, орташа қашықтық, алыс (қарсыласымен арасы) арақашықтық болып бөлінеді.
Оң жақпен тұру - балуанның күрес кезеңінде оң (қарсыласына бағытталып) аяғын алға салып тұруы.
Сол жақпен тұру - балуанның күрес кезінде сол аяғын алға салып тұруы.
Қарсы тұру қалпы - балуанның күрес кезеңінде табандарының қатар (алға немесе артқа емес) орналасуы.
Жоғары тұру - балуанның күрес кезінде түзу және аздап еңкейіп тұру қалпы.
Төмен тұру - балуанның күрес кезінде жамбас бөлімінің (аяқтың тізе буынының бүгілуі) бүгілуі.
Кауіпті қалып - балуанның арқасын кілемге беріп жатуы - көпір, жартылай көпір және отыру (шынтақты тіреп немесе арқамен шынтақты тіреп жату).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет