Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7



бет13/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Қазақ күресі

Меңгеру қагидасы. Күресте әдістің көптеген түрлері бар екендігін жоғарыда айтып кеттік. Олардың көбісінің орындалу жағы күрделі. Тіпті сол тәсілдердің кейбіреуін спорт шеберлігін иеленген балуандардың өзі, өз дәрежесіне сай орындауы екіталай. Міне, осындай күрделі әдіс-айлаларда секцияға жаңадан келген жас балуанға бірден үйрету дұрыс емес. Олардың әрқайсысы жаттығуды өзі орындай алатын айла-тәсілден бастауы тиіс. Содан кейін барып жаттығу бірте-бірте күрделеніп, жас балуан шеберлігін шыңдап, разрядшылардың қатарына қосыла алады. Жаттықтырушының қағиданы сақтамауы көбінесе зиян әкеледі. Үйірмеге жаңадан келген жас жігіт өзі орындай алмайтын әдіс-айланы көреді де, менен балуан шықпайды деп, күреске көңілі суиды. Мұндай жағдай, ұстаздың педагогикалық қағиданы толық білмеуінен, дұрыс ұстамауынан барып туындайды.
Тұрақтылық қағидасы. Жаттығу барысында үйретілген әрбір әдіс-айла тұрақты болуы тиіс. Жаттықтырушы өзінің шәкірттерін бір әдісті үйретіп, ол әбден жақсы орындалғанша, басқа әдіске көшпеуі керек. Мысалы, көптеген атақты балуандар бір әдісті ғана жете меңгереді. Соның өзі олардың түрлі жарыстарда жеңімпаз (чемпион) атануына мүмкіндік туғызады. Ал, дүние жүзі халықтарының барлық күрес түрлерінде 30-мыңнан астам әдіс айлалар бар екен. Солардың барлығын ешқандай чемпионның толық меңгеруі мүмкін емес. Ал тұрақты бір әдісті жақсы меңгеру үшін оған қажымай, талмай жаттығулар жасауы керек. Сонда ол шебер спортшы бола алады. Мысалы, шалқалай иіліп, кеудеден асыра лақтыру әдісін ешбір балуан бір айда немесе бір жылда жете меңгере алмайды. Бұл үшін бес-алты жыл керек. Бұл қағиданың тағы бір ерекшелігі алдыңғы өткен жаттығуларда үйренген әдіс-айлаларды кейінгі сабақтармен жалғастырып отырған жөн. Шебер балуан атанамын деген әрбір спортшы жаттығу барысында осындай қағидаларды мүлтіксіз орындап отырғаны жөн.


3.3. Қазақ күресінің жаттығу әдістемесі.

Методика. Осы бір сөз тілге оралғанда палуанның жалпы физикалық дайындығы, шеберлігі еске түседі. Содан барып, ауыр жаттығулар кезінде біз сөз етіп отырған ұлттық спорт түрін меңгеріп, өнерін ұштап жүрген палуанның көңіл күйі, рухани жан дүниесі туралы көптеген ойлар жанғырып. өзінше арналған пікірге шақырады. Біз сөз етеп отырған палуан жай адамдар емес, ол совет адамы. Ол қай жерде болсын, әсіресе оқу жаттығу кезінде өзінің ішкі дүниесінің рухани байлығын арттырып отыру тиіс. Бұл жерде тағыда жаттықтырушының ролін жоққа шығара алмаймыз. Тамаша қасиеттерді шәкірттерінің бойына құя білетін бірден -бір тұлға сол ғана. Ал, тамаша қасиеттерді санай бастасақ, олар біршама. Олардың бәрін бойға сіңіру, ол дамдық парызың.


Сөзден сөз туады, әрекет әрекетен жалғасып жатады.Сондай–ақ осыдан келіп, мынадай міндеттердің туындайтынын айта кеткен жөн.

  1. Денсаулықты сақтау.

  2. Қайсарлық, жігерлікті және жалпы физикалық дайындық.

  3. Теориялық білім алу және оны нығайту.

  4. Күрес техникасы мен тактикасын меңгеру.

  5. Жаттығу мен жарыстарға жүйелі түрде қатысу.

Жаттығулардың өзіндік принциптері бар. Енді солар туралы бірер сөз:


І. Саналық принципі. Жаттықтырушының араласпайтын жері жоқ десе боларлық. Себебі осы принцип негізінде де атқарар жұмыс біршама. өйткені шәкіртінің жаттығу кезінде қандай күйде жүретіні оған алақандағыдай көрініп жүреді емеспе? Әрине. Бұл ең алдымен жаттықтырушының елгезектігіне, сезімталдығына байланысты. Шәкіртінің жаттығу сабақтарына деген ықыласы қандай екендігі тәжірбиелі жаттықтырушы бірден аңғарады. Оған жаттығуға қандай мақсатпен келгенін түсіндіре білу, жеткізе білі керек. Сабақтың мақсаты неде жатыр, ол несімен маңызды? Мінекей, осының бәрін, санқилы әдістерді түсінікті де, әрі тез үйренуге, тез меңгеруге жағдай туғыза білген абзал.
ІІ. Белсенділік принципі. Бұл принципте палуанның ерік –жігері зор роль атқарады. Күреске деген таудай талабы бар палуан бұл қиындықты да жеңіп шығатыны сөзсіз. Жаттықтырушының айтқанын бұлжытпай орындап отыруды өзінше талдап, қағидаға айналдырған жөн. Жігерлікте, бәріде белсінділікпен ұласып, осындай жаттығуларда кімнің –кім екені білінеді. Себебі, атақ құмарлық спортшыны жарға жығады. өзімшілдікті, өркөкіректі бойына таратқан спортшыдан да жақсы палуан шықпайды.
ІІІ. Жүйелік және күнделікті принципі. Болашағынан үміт күттіртетін палуан өзінің күнделікті жаттығуларын бір жүйеге түсіріп алады, онымен ешқайысын жібермейді. Иә, жақсы палуан шығуға бұл принциптің тигізер көмегі өте зор. Жүйелілік және күнделілік палуанның шеберлігін шындап, биіктен –биікке жетелейді.
Мол тәжірбие ол жүйеліліктің арқасында көп жылдарды араға салып, біртіндеп жиналады. Алғаш рет күрес аренасының табалдырығын аттаған жас палуан осы өнерге келгеніне төрт-бес жыл болған кәнігі палуанның жаттығуларын жасай алмайды. Сондықтан да, тез арада жас палуаннан көпті талап ету, ол өрескелдік болар еді. Мұндай талап жас палуанның күрес өнеріне деген ынтасын азайтады. Жаттықтырушы мұндай жағдайды есте тұтқаны абзал.
Керекті құралдармен жұмыс істеу бұл әдіспен жұмыс істей білу, жас палуанның көңіл көкжиегін кеңейтумен бірге осы күрес өнерін меңгеруіне көп көмегін тигізеді. Осы мәселеге диафрагмалар, кинограммалар, оқу –жаттығу кезінде фильмдер қызмет етеді. Көрнекі құралдармен жұмыс істеу, республикамыздың түкпір- түкпіріндегі қаладан шалғай жатқан ауылдарды тиімді, әрі керекті тәсіл. Тек бір қашатын нәрсе сол көрсетілген филімдерді қатарынан, бірнешеуін қою, онша көп пайда бермейді, жас палуан әдіс –айлаларды шатастырып алуы мүмкүн.
ІҮ. Меңгеру принципі. Жоғарыда айтқанымыздай жас талапкерлерге бірден күрделі әдістерді үйрену өте зиян. Ондай әдістерді алдымен үйретіп, содан соң күрделі, қиын әдістерді біртіндеп меңгерткен абзал. Бұл меңгеру принциптерін жаттықтырушылар әрқашанда көкейде ұстап, жас палуанның үйрену мүмкүндігін ескерген дұрыс. Әйтпесе ә дегенде күрделі әдістерге баулыимын деп жүріп, енді ғана күрес өнерінің табалдырығын аттаған жас талапкерді үркітіп алуымыз мүмкүн.
Ү.тұрақтылық принципі. Дүбірлі жарыс өтіп жатады. Мұндай кезде талай –талай атақты палуандарда жүреді. Қырағы көз, күрес әдістерін жақсы білетін жанкүйер спортшы мына бір жайды жарыс барысында аңғаруы, ойға тоқитыны рас. Ол әлгі мықты палуандардың 3-4 сүйікті әдістері бар екендігі, сол азғантай ғана әдістерді жеңетіндігі. Неліктен бұлай? өйткені олар көп жылдық үйрену, меңгеру тәжірбиесінде әлгі әдістерді өте жетік біледі. Жарысатрды тұрақты да қапысыз қолданып, үнемі жеңіс биігінен көрініп отырады.
Жаттығу кезінде спортшының көңіл –күйін бақылау үрдісіі.
Көңіл-күйдің көтеріңкі болуы әрқашанда қолға алған ісінің өнімді де, жемісті де дамуына көп көмегін тигізеді. Спортшыда осындай. Оның көңіл –күйінің неғұрлым көтеріңкі болуы- бұл жеңіске бір табан жақын деген сөз. Сондықтан да, спортшының жаттығу кезінде көңіл –күй дәрежесін тексеріп отырған дұрыс. Мінекей, бұл үшін СССР күрес федерациясының жаттықтырушылар алқасын төмендегідей функциялы сынақ сәттерін ұсынады.
І. Ортостатикалық сынақ. Ұйқыдан соң төсекте жатып 1 минут ішінде қан соғысы анықталады. Содан соң тұрып, тағы да осы уақыт мөлшері ішіндегі әлгі істегенімізді қайталаймыз.
Міне, осыдан кейін барып, жатқан кездегі мен тұрған жағдайдағы қан соғыстарынан бірін –бірінен аламыз. Егерде қортындысында 6-10 рет қан соғысы шықса, онда спортшының көңіл –күйін жақсы деген сөз. Ал, бірақ бұл 10-18 болса, қанағаттанарлықта асып кетсе, онда организм сау емес деген сөз. Яғни, организім қажығандығы, шаршағандығы немесе ауырғаны деп білеміз.
ІІ. Рюфье (Рюфье интекісі) сынағы. Бұл сынақ қан соғысының жиілігін өлшеу арқылы жүргізеді. Ұйықтап тұрғаннан кейін бірден үш жағдайда өлшенеді. Жатып (р1, р2) тұрып (р3) өлшенеді. Энергия, барлық жағдайда 1 минут ішіндегі алынған көрсеткіштерді мына формулаға саламыз:
ИР –Р123=200
10
Егер алынған нәтиже нолден кем болса, онда көңіл –күй тамаша дей беріңіз. 0-мен 5-тің арасында болса, жақсы да, 6-дан 10-ға дейін қанағаттанарлық. Ал егер одан асып кетсе, көңіл –күй өз деңгейіндегідей емес. Сынақ аптасына 3-4 рет жүргізіледі.
ІІІ.комплексті сынақ.. Кілемге бірнеше ауыр жаттығулардан кейінгі өлшенген нәтиже. Мысалыға сынаққа төрт жаттығу түрін алалық. Осы жаттығуларды (30-рет отырып, 30-секунтта тұру.: сондай –ақ осы уақыт мөлшерінде жоғарғы қарқынмен бір орында жүгіру: минутына 150 қадам жасап, үш минут бір орында жүгіру: секіргішпен 1 минут секіру жасағаннан кейін, 30 секунттан соң қан соғысын өлшеу керек. 2 минуттан кейін, тағы да (р2) және 4 минуттан кейін, тағыда (р3) өлшенеді. Бұл көрсеткіштер мына формулаға салынады:
ИК- 150000_______
Р123




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет