Қазақ КҮресі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттеріне арналған оқу құралы ш ымкент 2019ж (075. 8) Ббк 75. 715 я7


ІІІ-ТАРАУ. Оқыту және жаттықтыру әдістері



бет11/27
Дата03.04.2024
өлшемі0.59 Mb.
#497535
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27
Қазақ күресі

ІІІ-ТАРАУ. Оқыту және жаттықтыру әдістері.


3.1. Оқыту әдістері.


Оқыту екі жақты процесс: жаттықтырушы оқытады, қатысушылар үйренеді. Сондықтан жаттықтырушы қолданатын оқыту әдісі - хабар беру, басқару қызметін атқаратын оқыту тәсілі ғана емес (жаттықтырушы түсіндіреді, көрсетеді, бұйрық береді және т.б.), сонымен бірге баланы оқыту тәсілі (қатысушы тыңдайды, бақылайды, жаттығуды орындайды). Жаттықтырушының жетекшілік рөлі және шұғылданушының оған ілесуі әртүрлі болады. Шәкірттің қимылы әдетте жаттықтырушының талаптарына сыртқы белгілері бойынша сәйкес келеді. Мысалы, жаттықтырушы жаттығуды немесе техникалық тәсілді түсіндіреді және көрсетеді, шұғылданушы оны орындауға тырысады. Бірақ шұғылданушы қимылында бақылаушының қарағанынан тыс тағы бір нәрсе бар - бұл үйренуге ұмтылдыратын себеп. Таным белсенділігі дәрежесі, оны шұғылданушы қабылдайтын игеру процесі т.б. Бұны талдау өте күрделі процесс, себебі, бақыланған шұғылданушы қимылдауында әр түрлі сапалық негіз болуы мүмкін. Мысалы, екі шұғылданушы жаттықтырушының көрсеткен қимылын шамамен бірдей тиімділікпен орындайды.
Дегенмен, олардың бірі көрген тәсілдің сыртқы бейнесіне ғана сүйенеді, ал екіншісі өзінде бар біліммен қозғалыс тәжірибесінің талдауына сүйенеді. Оқу материалын игеруге бір немесе өзге әдісті қолданғанда, кейбір өзгешеліктер барлық уақытта болатындығы даусыз. Жаттығулардың немесе техникалық тәсілдердің белгілі бір құрамымен нақты қозғалыс қимылдарын үйрену үшін қалыптасқан әдістемелік тәсілдер жүйесін - оқыту әдістері деп атайды.


3.2. Балуанды дайындаудағы дидактикалық қағидалар.

Қазақ күресінің жаттығу әдістемесіне - балуанның жан-жақты дайындығы, шеберлігі, айла-әдістерді үйренуі және Қазақстан азаматтарының моральдық кодексіне сай рухани жан дүниесінің өсуіне әсер ететін оқу жаттығу жүйесі жатады. Жаттығу кезіндегі жаттықтырушының және балуандардың іс-әрекеттері осы бір мақсатқа ғана бағытталған. Сондықтан да жаттықтырушының қызметі алдымен өз шәкірттерінің бойына Отанға деген сүйіспеншілік, достық, адамгершілік, принципшілдік, батылдық, кішіпейілділік және жаман әдеттерден аулақ болуға бағытталған қасиеттерге баулиды. Осыдан барып мынандай мақсаттар туындайды.


1) Денсаулықты жақсарту, 2) жігерлік және жан-жақты шынығу, 3) дзюдодан теориялық білім алу және оны нығайту, 4) техниканы және тактиканы меңгеру, 5) жаттығу жүйесіне, жарысқа қатынасуға дағдылану. Жаттығулардың негізгі қағидалары мынадай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет