ҚАЗАҚ қоғамындағы ДӘСТҮРЛІ БИЛЕР СОТЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ
Бөлекбаева А.А. –магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Әрбір халықтың көп ғасырлық тарихында келер ұрпақ баға беріп, мақтан тұтатын, олардың жүріп өткен өмірлік жолдарын маңызды әрі елеулі кезеңдер, рухани ағымдар деп еске алатын оқиғалар, жолдар, тұлғалар болады. Олар келер ұрпақтың санасында сақталып өткен ғасырлардың маңызды құндылығы ретінде өмір сүреді. Осындай елеулі тарихи оқиғалардың біріне қазақтардың көшпелі қоғамында құрылып «Алтын ғасыр» әділеттілігі деген атқа ие болған билер соты жатады.
Сот – халықтық орган ретінде барлық кезеңдер мен дәуірлерде бірінші кезекте биліктің демократияға ұстанымын және халықтың мүддесін ескеретін билік пен басқарудың критериі мен символы болып қалады. Қазақстанның жағдайында тарих сахнасында ерте кезден-ақ пайда болған билер сотының беделі мен мәртебесі – біздің көп ұлттық қоғамымыздың қайғысы мен арманының жетістігі болды.
«Қазақтардың көшпелі қоғамының билер соты жайында» деген түсініктемеге анықтама берсек, бұл жерде қазақтың көшпелі қоғамын, сонымен бірге оның көшпелі және қалалық өмірінің бір-бірінен бөліп, оқшау қарастыру ниеті сөз болып отырған жоқ. Негізінен билер әділдігінің құнды имманенттік статусы Орта Азия континентінің байтақ кеңістігін және Далалық өлкенің көптеген тұрғындарын қамтыған қазақ қоғамының классикалық көшпелі өмірінде ғана құрылып, қалыптасып, бекітілген.
Революцияға дейінгі тарихнамадағы билер соты. ХІХ ғасырдың басында шетел, әсіресе орыс зерттеушілері қазақ қоғамының ішкі құрылымында жалпы құныдылықтарды көрсететін ерекше институттар мен құбылыстар бар екенін көріп, оларды зерттеп ашты. Оларға – ең алдымен шешендік пен данышпандық жолын ұстанушылық, қоғам санасында және тұрмысында бекітілген ауызша және жазбаша тілмен білдірілетін шығармашылықпен заңдылық культі жатады.
ХІХ ғасырдың 20 жылдарында Қазақстанда зерттеген, аса ірі орыс ғалымы, шығыстанушы, қазақтар туралы еңбектерді ізденіп тапқаны үшін әлемдік атаққа ие болған А.И.Левшин былай деп жазады: «Біздің де тәртіп, заңдар және әділдік орнатылған «Алтын ғасырда» аңыз – әңгімелерге сүйенетін болсақ өзінің шығу тегінде ғұлама болған және қазақ шежіресінде Солан мен Ликургтің қатарында тұра алатын атақты Тәуке ханның патшалық құрған жылдары жазылған. Ұзақ уақыт келісімге келе алмаған әулеттер мен ұрпақтарды табыстырып, оларға тәртіп орнатып қана қоймай, ол оларға көптеген заңдар шығарды. Үлкен және Кіші орданың қырғыздар (қазақтар) олардың халықтық заңдары Тәуке хан заңдарынан әлде қайда көне» /1/деп айтады.
А.И.Левшиннің тағы бір құнды ойларын айта кеткен жөн: оның пайымдауынша игі ниеттегі қазақ қоғамының «Алтын ғасыр» кезеңін Тәуке хан билік еткен жылдармен сәйкестендіреді (XVIII ғасырдың аяғы). Сондықтан халық санасында бұл дәуір жақсы сақталған. Тәуке хан тұсында билердің қазақ қоғамындағы саяси өмірінде маңызды орын ала бастады. Тәуке ханның ең ұтымды шешімдерінің бірі билер арқылы шешілген әділеттілік пен шындықты мемлекет саясатында жоғары бағалауы.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында көшпелі қазақтар өмірі мен ішкі жағдайлары туралы орыс шығыстанушылары В.В.Григорьев маңызды мағлұматтар қалдырды. Ол он жылдай уақыт аралығында Батыс Қазақстан бөлігінің (ХІХ ғасырдың ортасы) әкімшілік билігін басқара отырып, қазақ қоғамымен тығыз байланыста болды. Сонымен бірге В.В.Григорьев патша архивында қазақтар туралы мәліметтерді қолданды. Өзінің шығыс-түрік халықтарының тарихын сараптаған бір еңбегінде – қазақтар туралы былай жазады: «Көшіп – қонуды көпшілік экономикалық және интеллектуалдық дамуда кері әсерін немесе мүлде әсерін тигізбейді» – дейді. Алайда ол анықталған жоқ. Соған дәлел ретінде ойын төмендегідей жалғастырды «Қырғыздарда қалыптасқан сот жүргізу ісі мен әділеттіліктің, соттың процестеріне, бұларға дейін әлде қайда алға кеткен халықтар қызғана қарайды» /2/.
Қазақтар туралы жиналған фактылық материалдарды Л.Баллюзек /3/, Г.Загряжский /4/ Д.Я.Самоквасов /5/, И.Козлов /6/, П.Е.Маковецский /7/, А.И.Крахалев /8/, Н.И.Гродекова /9/, А.Леонтьев /10/, Н.Максимов /11/, И.И.Крафт /12/, Я.Гурлянд /13/ және тағы басқалардың еңбектерінен көруге болады. Бұл басылымдарда жалпы Қазақстан аумағы жекелеген аудандар туралы толық мәнді мағлұматтар бар.
Көп жылдар бойы патшаның әкімшілік тапсырысы бойынша Қазақстанда жұмыс істеген орыс ғалымы Л.А.Словохотов (юрист) билер соты мен «Жеті Жарғы» құқығы туралы қызық мәліметтер береді. Ол қазақ тілін үйреніп, еркін меңгерген ғалым, жергілікті зиялылармен араласқан. Л.А.Словохтов өз еңбегінде билер сотын «түп нұсқалық» және «халықтық» деп көрсетеді, себебі, бұл сот түрі халыққа жақын және түсінікті болатын. «Жылдар бойы қырғыздар сот жүргізу ісін қарапайым, халыққа түсінікті және әділетті етіп қалыптастыра алды». Автор даладағы билер сотын «халыққа жағымды және шынайы сот билігі» /14/ – деп есептейді.
ХІХ-ХХ ғасырдың басында ұлттық мәдениет қызметкерлерінің билер сотын бағалауы. Ш.Ш.Уалихановтың (1835–1865) еңбектері аса құнды. Замандастардың сипаттауы бойынша ол «Шығыстың ғұлама зерттеушісі», «Шығыстануда жарқ еткен жұлдыз». Патша үкіметінің жүргізген реформасының нәтижесінде – Даладағы билер соты, отаршыл сот жүйесімен алмастырылды, Ш.Уалиханов патша үкіметінен қазақ қоғамындағы тыныштықты сақтау үшін бұл саясатты тоқтатуды талап етті. өзінің «Ежелгі халықтың үлгідегі сот» атты хатында, былай деп жазды: «Билер ешкіммен ресми түрде тағайындалып, өз беделдерін Еуропадағы ақындар, ғалымдар және адвокаттар секілді жоғарылатып, ұлы адамдарға айналады. Шекспир мен Гете өз замандарының ұлы ақындары болып, ресми емес халықтың сайлауда жеңіп ғұлама тұлғалар болды»; қырғыздар соттың дәстүрлерін тани отырып, оны шешендікпен ұштастырып беделдерін көтеріп отырды»; «Билер соты әр кезде шешендік тұрғыда өткізіліп, адвокаттылыққа жол берді. Халық арасында үлкен сыйға ие болған билер соты ешқашан дисциплиналық шараларды қажет етпеді»; «Біздің ойымызша билер сотының құндылығы мен маңызы оларды ресми түрде болмағандығында. Бидің беделі мен білімі – сот практикасында патент болып табылды» /15/.
Қазақтың ұлы ақыны, қазіргі кезде дүние жүзіне танылған Абай Құнанбаев (1845-1904) билер, билер соты туралы былай деп жазды: «Бұл билік деген біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білім, күтімі, сыпайылығы, тазалылығы төмен болған, бірақ замандағылардан артық екі міні зор екен... Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт, жақсы жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы, топ басыларды қалай қылса, қалай бітірсе халық та оны сынамақ, бірден-бірге жүрмек болмайды екен» /16/.
ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы саяси бостандықтың өкілі, қоғамдағы сауаты зиялы Әлихан Бөкейханов, билер соты қазақ тарихына құрылымы және құрылысы жөнінен «халықтық сот» деп енді, ал патша үкіметінің оны отаршыл сот жүйесімен ауыстыру саясаты сәтсіз шешім болды деп көрсетеді. Өзінің бір мақаласына «Қазақ биінің орны бөлек еді» /17/ деген ат берді. Ол мұнымен көп нәрсе айтқысы келді.
«Алтын ғасыр» кезеңіндегі әділеттілікті жоғары бағалаған билер соты мен патша үкіметі дәуірінде мемлекеттік аппарат құрамына айналған билер соты арасындағы үлкен айырмашылықты Ахмет Байтұрсынов дәлелдеп, айқындап берді. Ахмет Байтұрсыновтың «Бұрынғы әділ билер» атты мақаласында былай деп көрсетілген. «Халық сот дегеніміз қазақтың ғадетіндегі қағидалар бойынша айтылатын билік. Бұрынғы әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді, бүгінгі арам билердің қолында дәрі болмақ түгіл, у болып жұғып тұр» /18/.
Кеңестік тарихнамадағы билер соты. Отар халқы болса да, қазақ қоғамы әр уақытта билер және билер сотын үнемі жоғары бағалаған. Бұл ойларын жария еткен адамдар да болды. Мұндай ой білдіру өте қауіпті болатын, оларды «саяси жау» және «ұлтшыл» деп айыптауы мүмкін еді, сол себепті олар өз ойларын «біреу» арқылы, оқиғамен байланыстырып жеткізіп отырды.
Әлемге әйгілі ғалым, геолог Қ.И.Сәтбаев өзінің XVII ғасырда Ноғай ордасындағы Едіге биге арнаған еңбегінде халықта кең тараған сипаттаманы қолданды – «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар». Оның айтуынша «халық ханнан гөрі биді жоғары бағалап, сыйлағын» /19/.
Дүние жүзіне танылған ақын және ғалым М.О.Әуезов мақаласын «Билер айтысы» деп атап, осы мақалада билерді барынша мақтап, тамсанарлықтай бірнеше шешендік сөздерін жазып көрсетеді /20/.
Ұлттық ғылым академиясының академигі, қазақтың ежелгі және орта ғасыр тарихын жан-жақты зерттеуші ғалым Ә.Х.Марғұлан ХІХ ғасырда отаршылдықтың орталығы болған Омбыға басқа зиялылар мен бірге атақты билер де шақырылған деп көрсетеді. Оның пікірінше «Мұнда алтын дауысты билер, импровизатор ақындар, рухани мәдениет пен халықтың ауыз әдебиетін дамытушы әнші-күйшілер шақырылды» /21/
Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы билер сотына көзқарас. Халық тарихының алдында билер сотына жоғарғы баға атақты қазақ жазушыларының тарихи ізденістері арқылы танымал шығармаларында берілді. «Қан мен тер», «Парыз» романдарының авторы Ә.Нүрпейісов өзінің бір мақаласын «Билер соты мен шешендер» деп атады. Бұл мақалада ол былай деп жазады: «негізінен, мен көп ғасырлық қазақ тарихын ойша қайтадан сараптағанда, халықтың данышпандылыққа және рухани құндылыққа үлкен сенімділігіне таңғаламын. Осы уақытқа дейін олардың бұл сенімділігі ақталып келді. Сол себептен тарихтың беттерінен би-шешендердің мың жылдық институты мен мысалдарын көре аламын» /22/.
Тамаша жоғары дәрежеде жазылған, философиялық роман мен повестердің авторы Ә.Кекілбаев өзінің мақаласына «Есімдері дүние тұрғанша ұрпақтардың жадында сақталады». Мұнда ол былай деп жазады: «Біз өмірге – өзіміздің ұлы ұлдарымыздың, яғни екі әлемнен – жер және аспаннан рухани байлық алған тұлғаларымыздың еліміздің ұлттық санасына оралғаны үшін алғанымызды айтуымыз керек» /23/
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін газет және журналдардың бетінде қазақтың билері, шешендері, атақты фольклорлық жазбалары туралы көптеп басыла бастады.
Нақты және маңызды зерттеу жұмыстары. Академик С.З.Зимановтың редакциясымен және жоғарғы кәсіпқойлықық заңгерлер ұжымының қолдануымен он томдық «Қазақтың ата заңдары» деп аталған еңбек жарық көрді /24/. Бұл еңбек шын мәнінде билер, шешендер, данышпандар туралы құнды еңбек бола отырып, жаңа зерттеулерге жол ашты. Бізді аталған ұжымдық еңбектегі С.З.Зимановтың, С.С.Сартаевтың, сонымен бірге заңгер-теоретиктер Т.М.Культелеевтің, С.Ө.Созақбаевтың мақалалары ерекше қызықтырады. Олар XVI ғасырдың басы мен XVIII ғасыр аралығындағы қазақ хандарының заңдары туралы маңызды мәліметтер берді.
Қысқаша тарихнамалық талдауды қорыта келе, төменгідегідей негізгі сәттерді бөліп көрсету қажет.
Тұжырымдамалы-теориялық және әдістемелік критерийлердің баорысында тарихнамадағы мәселелерді нақты екі хронологиялық кезеңге бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең (1991 жылға дейін) маркстік-лениндік әдістемеге жақын дәстүрлік бағыттармен сипатталатын тұжырымдамалы және теориялық көзқарастарды жатқызуға болады. Тарихнамада 1991 жылдан бастап жаңа кезең басталады. Бұл кезеңдегі көз қарас осы күнге дейін келе жатқан әдістемелік тұжырымдардың дұрыс еместігін түсіндіріп, жаңа теориялық-санаттық аппаратты және жетілдірілген тұжырымдамалық құралдарды меңгеруді білдіреді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – Ч. III. Этнографические известия. СПб., 1832.– С. 169.
2.Баллюзек Л. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие, в Малой 3.Киргизской орде силу закона // Записки Оренбургского отдела Русского географического общества. Вып. 2. 1871. С. 45-167.
4.Козлов И. Обычное право киргизов // Памятная книжка Западной Сибири. – Омск, 1882. С. 219-338.
5.Маковецкий П.Е. Материалы по изучению юридических обычаев киргизов. – Вып. I. Омск, 1886. 82 с.
6.Крахалев А.И. Суд и следствие у киргизов Сибири // Юридический вестник. – 1888. Вып. XXVIII. Ч.V. С. 23-48.
7.Словохотов Л.А. Народный суд обычного права киргиз Малой орды // Труды Оренбургской архивной комиссии. – Вып. XV. – Оренбург, 1905. – С. 80-81.
8.Байтұрсынов А. Жаңа низам. Алматы, 1998.14 б.
9.Нурпеисов А.К. мысли, навеянные деяниями предков // Айтеке би. Алматы, 1998. С. 49-54.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается традиционный суд биев в Казахстане, по данным дореволюционной, советской и отечественной литературы.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада революцияға дейінгі, кеңес дәуірі кезіндегі және отандақ тарихнамада дәстүрлі қазақ билерінің сотының зерттелуі қарастырылған.
СЕМЕЙНЫЙ УКЛАД ЖИЗНИ УЗБЕКОВ КАЗАХСТАНА
Боранкул К.М.- лаборант (г.Алматы, КазгосженПУ)
Интерес, который представляют на наш взгляд, семейно-брачные отношения узбеков Казахстана, оправдывается несколькими причинами. Во-первых, узбеки, равно как и другие народы Средней Азии и Казахстана придают им чрезвычайную важность, в отличие от соседних европейских этносов, прежде всего русских, украинцев, белорусов и немцев, где они занимают довольно скромное место. Во-вторых, такие исследования предоставляют не только общую, но и более детальную картину не только о сути супружеских, но и в целом о внутрисемейных отношениях, без знания которых трудно представить в целом специфику семьи и быта любого этноса.
В-третьих, для обоснования необходимости изучения данной проблемы следует учитывать и то обстоятельство, что мы должны изучать этнокультурные особенности не только таких крупных этносов республики, как казахи или русские, но и немногочисленных, какими являются узбеки. Так, например, по переписи 1999 г. насчитывалось 370663 узбеков или 2,5% от всего населения республики /1, с.11/.
Узбеки традиционно уделяют особое внимание семейным отношениям. Считается, что пока в семье крепки традиционные устои, пока она прочна, жизнь всего общества с его социальными, культурными и прочими составляющими полнокровна и динамична. Но если семья морально и духовно ослабла, это скажется на всем.
Если говорить об особенностях жизнедеятельности изучаемого нами этноса, то следует отметить, что одним из важнейших его институтов является семейно-брачная организация. Известно, что у узбеков, равно как и среди контактирующих с ними казахов существует два типа организации семьи:
а) по «горизонтальной оси» (дети родителей, двоюродные братья и сестры и т д.);
б) по «вертикальной» (разные поколения – младшее, среднее и старшее).
Узбеки, как и другие родственные им тюркские народы, считают родственниками намного более широкий круг людей, чем это принято среди европейских этносов. По вертикали, прежде всего принимается в расчет отцовская линия: родственники мужа считаются более авторитетными и коренными. Специфика географических, традиционных и этнокультурных условий, а также религиозные принципы благоприятствовали не только формированию такого широкого семейного круга, которому трудно найти аналогию в известных европейских культурах, но и многовековой стабильности этого типа семейной структуры. Узбекское общество функционирует вокруг достаточно широко представленной системы семьи. Каждый человек ощущает наличие тесных связей не только со своими прямыми родственниками, но и со всеми своими родственниками – тетями, дядями, двоюродными братьями и сестрами и т. д. Степень отношений, которые складываются между членами семьи, связанными узами крови, может в известной мере варьироваться. При этом количество людей, которые рассматривают себя в качестве родственников, естественно довольно разнообразно: Но следует отметить, что среди подавляющего большинства узбеков распространено представление, что к категории их настоящих, действительных родственников можно отнести, по меньшей мере, сотню человек. О степени распространенности таких связей можно судить по данным этносоциологического опроса респондентов-узбеков из числа сельского населения Туркестанского района Южно-Казахстанской области, которые показаны в таблицу 1 /2/.
Таблица 1
Сведения о предпочитаемых друзьях
Социально-профессиональные группы
|
Ответили
|
Ходят в гости, в %
|
к родственникам
|
к соседям
|
к товари-щам по работе
|
к дру-зьями знако-мым
|
Руководители и специалисты высшего и средн. звена
|
28
|
46,4
|
19,4
|
21,4
|
12,8
|
Служащие
|
150
|
63,3
|
16,0
|
12,0
|
8,7
|
В т.ч. интеллигенция
|
63
|
61,9
|
15,9
|
13,9
|
8,3
|
Квалиф-ные рабочие
|
195
|
61,5
|
13,8
|
10,3
|
14,4
|
Неквалифицированные рабочие
|
274
|
58,4
|
17,9
|
5,5
|
18,2
|
Итого
|
650
|
59,7
|
16,8
|
9,5
|
14,0
|
Материалы таблицы показывают, что большинство опрошенных респондентов предпочитают ходить в гости к своим родственникам. Сюда же следует отнести и соседей, которые среди узбеков, как правило, по традиции предпочитают селиться в основном рядом с родственниками. Такие родственные поселения наблюдаются не только во многих селах, но и в городах. Они образуют многочисленные кварталы родственников, известные как «махалля», что характерно и для их соотечественников в Узбекистане.
Таким же представляется сохранение и распространение среди узбеков значения родственной и соседской взаимопомощи (см. таблицу 2). Она распространяется на все стороны жизнедеятельности исследуемого этноса: при организации различных семейных торжеств (детской и свадебной, при проводах и встречи из службы в Армии, дней рождения и юбилеев), при устройстве похоронно-поминальной обрядности, при строительстве или покупке дома, квартиры. Это же относится к помощи при сезонных сельскохозяйственных работах, стихийных бедствиях (пожар, наводнение, землятресение и т.д.). Следует подчеркнуть, что традиция такой взаимопомощи нередко распространяется на соседей или односельчан вне зависимости от их этнической принадлежности.
Таблица 2
Распространенность обычая родственной и соседской взаимопомощи в среди узбеков
Ұлты
|
Ответили
|
Степень распространенности, в %
|
довольно
распространен
|
забывается
|
распространен
мало
|
затрудняются ответить
|
Руководители и специалисты высшего и среднего звена
|
28
|
60,7
|
10,7
|
10,7
|
17,9
|
Служащие
|
148
|
58,1
|
20,9
|
7,5
|
13,5
|
В т.ч. интеллигенция
|
63
|
68,3
|
19,0
|
4,8
|
7,9
|
Квалифицированные рабочие
|
193
|
58,5
|
22,3
|
8,3
|
10,9
|
Неквалифицированные рабочие
|
268
|
55,6
|
22,0
|
9,0
|
13,4
|
Итого
|
637
|
57,3
|
21,4
|
8,5
|
12,8
|
Несмотря на то, что семейно-брачные отношения узбеков характеризуются в течение многих веков устойчивостью и стабильностью, эти отношения в настоящее время подвержены серьезным переменам. Обретение независимости, развитие экономики, стремительный рост урбанизации, усиление роли средств массовой информации и их воздействия на жизнь казахстанского общества – все это не могло не сказаться на социальной и экономической структуре семьи.
Исследования проблем узбекской семьи, которые проводились в конце 1990-х годов учеными Центра археологии и этнологии Международного Казахско-Турецкого университета им. Х.А.Ясави и исторического факультета Казахского национального университета им. аль-Фараби, в частности, публикации З.К.Исабекова и А.Б.Калыш констатируют, что:
1. Узбекская семья – это, как правило, крупная и сложная семейная структура, которая включает в себя несколько поколений членов одной семьи, объединенных родственными узами по мужской линии. Все они достаточно крепко связаны между собой.
2.Узбекская семья – это институт с определенными законами и иерархией. Для нее, в основном, характерно пирамидальное (вертикальное) главенство мужчин. Наибольшей властью обладает старший по возрасту мужчина. Основные решения принимаются отцом, часто после консультаций с родственниками мужского пола. Отцу постоянно оказывается уважение, жены и дети демонстрируют такое же отношение к другим старшим членам семьи.
3. Члены семьи представляют собой тесно сплоченную экономическую единицу, где каждый член в любую минуту готов придти на помощь другому. Их связывают не только общие экономические интересы и родство, но и родству по мужской линии. Единодушие, взаимное ручательство и взаимные интересы, а также социальная близость вселяют в сознание членов семьи чувство защищенности и безопасности, чувство привязанности.
4. Узбекская семья отличается своим консерватизмом и традиционностью, что поддерживается стереотипами поведения, ценностными ориентациями и установками, народными обычаями и обрядами. Семья исследуемого нами этноса, равно как и у других тюркских или восточных этносов, существенно отличается от европейской семьи. И дело не только в количестве членов семьи (у европейских, как правило, меньше чем у тюркских или восточных), но и в традициях семейной жизни. Это напрямую проявляется в нравственно-моральных воззрениях, стиле жизни, уважении родителей и родственников старшего возраста, кровнородственной солидарности /3/
Известно, что веками в народной среде подчеркивался высокий статус мужа-отца, и его превосходство наряду с послушанием жены, т.е. культивировался авторитарный стиль семейных взаимоотношений. В большинстве случаев подростков и юношей оценивали на основе репутации и общественного положения их отца. Общество не всегда приветствовало независимость детей и считало, чтобы они всегда подчинялись главе семьи /4/.
Указанная особенность сохраняется и в наше время. В том же Туркестанском районе более половины опрошенных респондентов-узбеков в своих ответах подчеркнули значимость роли мужчины в решении важнейших семейных вопросов (см. таблицу 2). Такой же высокий семейный статус мужчин выявлен исследователями и среди других этносов Южного Казахстана, включая казахов /5-6/.
Таблица 2 Решают в семье важнейшие вопросы
Социально-профессиональные группы
|
Ответили
|
Решают вопросы, в т.ч. (в % к числу ответивших)
|
муж
|
жена
|
родители мужа и жены
|
все взрослые вместе
|
затрудняются отв-ить
|
Руков-ли и спец. высшего и средн звена
|
29
|
55,2
|
17,3
|
3,4
|
20,7
|
3,4
|
Служащие
|
148
|
54,1
|
16,9
|
2,3
|
23,3
|
3,4
|
В т.ч. интеллигенция
|
62
|
56,1
|
14,9
|
4,3
|
21,5
|
3,2
|
Квалифицированные рабочие
|
190
|
58,4
|
13,7
|
3,1
|
21,1
|
3,7
|
Неквалифицированные рабочие
|
263
|
51,2
|
14,6
|
5,2
|
23,6
|
5,4
|
Итого
|
630
|
54,3
|
15,2
|
4,0
|
22,2
|
4,3
|
Вместе с тем следует иметь в виду, что на особенности функционирования узбекской семьи оказывают серьёзное воздействие различия, которые существуют между разными социально-профессиональными группами, между городским и сельским населенным пунктом, а также их этническим составом.
Изменения, происшедшие в последние годы и оказавшие довольно ощутимое влияние на лицо и характерные черты узбекской семьи, особенно затронули крупные города и, главным образом, жителей, имеющих высшее образование или занимающих достаточное высокое положение в обществе, на производстве или в бизнесе. Это выразилось, в первую очередь, в выделении и формировании базовой семьи, которая строится на нуклеарных отношениях и состоит только из отца, матери и детей.
В сельской местности у узбеков встречается и большая неразделенная семья, состоящая из супружеской четы, родителей мужа, женатых и неженатых детей. Причиной существования таких семей, на наш взгляд, являются:
1) отсутствие у молодежи средств на строительство или приобретение жилья;
2) проблемы с устройством на постоянную работу в родном селе или поиск работы в городской среде, а также в других областях и регионах Казахстана;
3) традиции «минората», в силу которого младший сын, как наследник домашнего очага, должен жить с престарелыми родителями.
Указанные нами выше тенденции характерны не только для узбеков, но и для других тюркских этносов, включая казахов, и они отмечены исследователями и в других регионах Казахстана /7/.
Таким образом, главной формой семьи узбеков в республике стала малая нуклеарная семья. Новая семья отличается стремлением к самостоятельности, к поддержанию стабильных связей со своими родственниками. Изменения в сфере социальных отношений сказываются в рамках упомянутой формы семьи как на отношениях между детьми и их родителями, так и между братьями и сестрами. Представители старшего поколения по-прежнему убеждены, что структура семьи и характер отношений между ее членами способствуют сохранению преемственной связи. Дети не могут отказаться от своих родителей ни при каких обстоятельствах: отказ от родителей делает детей безродными. Отношение родители – дети принадлежит к категории базовых, определяющих развитие культуры и истории данного народа. Разорвать эти отношения, считают узбеки, значит нарушить ход истории, традиции, порвать со своей собственной культурой, обратиться к чужим ценностям, к чужому опыту.
ЛИТЕРАТУРА
1.Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Статистический сборник. Алматы, 1999. 211 с.
2.Исабеков З.К., Калыш А.Б. Современная казахская и узбекская семья в Туркестане // Вестник университета им. Х.А.Ясави. 1998. №1. С.126-134.
3.Жақсыбеков Д.С.Отбасы ішіндегі қарым-қатынастардағы басшылық // Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Хабаршысы. – 2008. №1 (11). 24-29-бб.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Оңтүстік Қазақстандағы өзбек ауыл тұрғындары арасындағы ішкі-отбасылық қарым-қатынастар қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются внутрисемейные взаимоотношения в среде сельского узбекского населения Южного Казахстана.
Достарыңызбен бөлісу: |