ДЕКАБРЬСКИЕ СОБЫТИЯ 1986 ГОДА
Туменова С. М. к.и.н., доцент (Алматы, КазгосженПУ)
Более 20 лет отделяют сегодня нас от драматических и героических декабрьских дней 1986 года. В те дни казахская молодежь, проявив гражданское мужество, осознав себя наследником свободолюбивых предков, открыто бросила смелый вызов господствовавшему десятилетиями, казалось «незыблемому» тоталитарному режиму.
Сегодня Казахстан – независимое суверенное государство, ставшее на путь демократизации и прогресса. Одной из важнейших задач молодой республики в современных условиях является возрождение своей национальной истории, объективное непредвзятое её освещение с целью познания собственного опыта, недопустимость повторения негативного прошлого.16 декабря 1986 года состоялся Пленум ЦК Компартии Казахстана, который за 18 минут своей работы не только освободил от занимаемой должности первого секретаря ЦК Компартии Казахстана Динмухамеда Кунаева, но и решил судьбу целой страны. Главой республики был избран человек, не только не связанный с Казахстаном и не знавший местных условий, но даже не состоявший на учете ни в одной из местных партийных организаций и не имевший казахстанской прописки. Это было воспринято как оскорбление казахского народа и вызвало протест молодежи.
Декабрьские события 1986 года показали, насколько выросло самосознание казахской молодежи. Она первой преодолела страх перед тоталитарной системой, которая почти столетие заставляла жить народы в казарменном режиме. Молодежь от имени своего народа открыто заявила, что больше не допустит попирания чувства национальной гордости, присущего любой нации.
В истории национально – освободительного движения Декабрьское восстание казахского народа 1986 года занимает особое место. Историческое значение выступления молодежи состоит в том, что она первой стала крушить замшелые стены советского тоталитаризма во имя благородных и патриотических целей восстановления попранных прав нации, государственности и суверенитета.
Декабрьское восстание стало мощным ударом по монолитной советской идеологии, по всем источникам необъективности, особенно по тем, которые укоренились в подсознании советского образа мыслей.
Избрание Г. В. Колбина первым секретарем ЦК Компартии Казахстана было воспринято кА грубый диктат центра при решении вопросов, затрагивающих жизненные интересы населения республики. Нужно учесть при этом, что из 20-ти первых секретарей Компартии Казахстана за все годы ее существования только трое были казахами. Пост первого секретаря Компартии республики, как правило, использовался в качестве трамплина для прыжка на следующую ступень карьеры. Аналогичное положение с руководящими кадрами было и в других организациях и ведомствах. Так, руководителями КГБ республики за годы Советской власти были лишь два казаха. Назначенные центром руководители, не имеющие корней в республике, не связанные с ее народом, культурой, бытом, традициями и языком, подбирали себе кадровую команду по своему вкусу.
С протестом против решения Пленума ЦК выступила вначале небольшая группа рабочей и учащейся молодежи г.Алматы. Демонстрация была мирной и носила политический характер, не содержала призывов к свержению государственного строя и выпадов против других народов. Молодые люди, собравшиеся перед зданием ЦК Компартии республики, не нарушали законов и общественного порядка, они требовали лишь разъяснений по поводу решения Пленума и выражали свое несогласие с ним.
Однако вместо откровенного диалога и попытки разобраться в причинах пришедшего новые власти Казахстана с благословения М. Горбачева вновь прибегли к террору и репрессиям. 17 и 18 декабря против мирных демонстрантов были брошены силы милиции и внутренних войск. При разгоне демонстрации войска использовали саперные лопатки, служебных собак, людей на морозе обливали водой, избивали задержанных, многих полураздетыми вывезли и оставили за городом, несколько сотен человек были без санкции прокурора помещены в следственные изоляторы. Власти намеренно разжигали межнациональную рознь, вооружив железными
прутьями и обрезками кабеля дружины, составленные из русскоязычных рабочих промышленных предприятий и натравливая их на демонстрантов – казахов. В ходе трагических событий 17-18 декабря несколько человек погибло, было множество раненых и травмированных. Весть о разгоне демонстрации всколыхнула весь Казахстан, во многих городах республики прошли аналогичные выступления, также силой подавленные властями. За кровавым подавлением народного выступления последовали жестокие репрессии.
Только в столице 264 человека были исключены из вузов, 758 человек – из комсомола и 52 человека – из партии. Комсомольские и партийные взыскания получили около 1400 человек. Из органов внутренних дел было уволено 1200 человек, из транспортных и медицинских учреждений – более 300 человек. Своих постов лишились 12 ректоров вузов. В уголовном порядке было осуждено 99 человек, среди них 18-летний К. Рыскулбеков, погибший в тюремных застенках.
Декабрьские события в Казахстане взорвали молчаливое сопротивление союзных республик диктату центра, нарушили «затишье перед бурей». События в Алма-Ате, Баку, Тбилиси, Вильнюсе – ярчайшие свидетельства закономерности данного процесса. Декабрь 86-го оказал огромное влияние на рост национального самосознания казахского народа, кардинальным образом изменил самовосприятие казахов, их представление о национальном достоинстве, культуре и суверенитете.
Национально – освободительное движение казахской молодежи положило начало краху тоталитарного режима КПСС и обретению суверенитета Республикой Казахстан. К тому же в Казахстане впервые обратили внимание на бедственное положение казахского языка, на уменьшение сферы его применения. В настоящее время свобода слова, совести законодательно закреплены в Конституции, и граждане республики могут воспользоваться ими безо всяких ограничений. Всем языкам народов Казахстана обеспечено свободное и равноправное развитие, а казахский язык, получив, статус государственного, активно внедряется в повседневную жизнь. В республике начался подъем интереса к национальным традициям, обычаям, культуре, истории. Национальное возрождение получило новый подъем. Память декабрьских событий призывает нас высоко нести знамя свободы для дальнейшего укрепления основ нашей независимости.
Литература
1.Кунаев Д .О моем времени. Алматы ,1992.
2. КожакеевТ. Если родился человеком .Алма – Ата, 1986. С. 60.
3.Табеев К. Эхо декабря. Алматы, 1992.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада 1986 ж.желтоқсан оқиғалары қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
Статья посвещена декабрским событиям 1986г.
ЖАЛПЫ ТАРИХ
Жапонияның ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі
сыртқы саясаты
Аймбетов Б.С.-қазақ-жапон орталығының қызметкері
(Алматы қ.,Т.Рысқұлов атын.ҚазЭУ)
Қазіргі жапон дипломатиясының тарихы 1854 жылы басталды. АҚШ-пен келісімге қол қою арқылы елдің жабық есік саясатын жойды. 1868 жылы қаңтарда император Муцухито «Халықаралық қатынастардың ашылуы» жөнінде бұйрық шығарып, сегунат кезеңіндегі жалған саясатты айыптады. 1869 жылдың шілдесінде Жапонияның сыртқы істер министрлігі (Гаймусё) құрылып, басты міндет етіп Жапонияны отарлауға тырысып отырған Еуропа және АҚШ мемлекеттеріне қарсылық көрсету қойылды. Жас дипломатияға елдің тәуелсіздігін сақтап, тең емес келіссөздерді дұрыс шешуге тура келді. Отарлаушы елдерден экономикалық көрсеткіштері бойынша әлдеқайда артта қалғандығына қарамастан, Жапонияны бүкіл әлемді таңқалдырып, жаңа тех-никаны жасап, идеологиядағы жаңа принциптерімен, «бай мемлекет, күшті армия» принципін негізге алды. Жапония мықты әскери машинаны жасай отырып, Батысқа тән дәстүрлі отар жаулап алу жолына түсті. 1874 жылы Жапония Тайваньды, 1882 жыл Кореяны, 1894 жылы Қытайды аннекциялап, оны 1904-1905 жылдардағы орыс-жапон соғыстарында жалғастырды. Жапонияның билік басындағылардың империялық ойлауы 1931 жылғы Қытайға шапқыншылығы және Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастарына қарсы соғысы 1945 жылғы тамызда Жапонияның жеңілуімен аяқталды. Капитуляция оның тарихы мен сыртқы саясатындағы есебі тәрізді болды.
Жапония екінші дүниежүзілік соғыста үш миллиондай адамынан айрылды. Хиросима мен Нагасаки жұрттың есінде. Елдің шаруашылығы қатты күйзелді. Енді бұл елдің еңсесі көтеріле қоймас деген көпшілік.
Екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Жапония өзінің дипломатиясын идеологиялық емес, экономикалық негізде құрды. Екінші дүние жүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған соң, әлемдік экономикада басты орын алу үшін күресті. Жапония дәстүрлі мәдени құндылықтарын да сақтауға, қорғауға бар күш жігерін жұмсады.
Соғыстан кейінгі Жапонияның сыртқы саясаты күрделі өзгерістерді басынан кешірсе де, сыртқы әлемде өзінің алатын орнын , қалыптасқан дәстүрлерін көрсете білді. Соғыста жеңіліске ұшырап, АҚШ әскерлерінің оккупациясына ұшыраса да, Жапония тарихи қысқа мерзім ішінде экономикалық потенциалы жөнінен әлемде екінші орынға шықты. Табысқа жаңа технология, жоғары еңбек өнімділігі жеткізді. Ұлттық мүдде бүкіл халық үшін бәрінен жоғары қойылды. Ел басшылығы, халық та бір-ақ мүддені көздеді – Жапония Батыстың дамыған елдерін қуып жетуі керек деді. Қоғамның барлық мүшесі оны өзінің жеке мақсаты санады.
Соғыстан кейінгі Жапонияда әр адам елдің мүддесіне не нәрсе қолайлы дегенге тоқталды. Дамуы үшін жаңа технология, жоғары еңбек өнімділігі керектігін түсінді. Әрбір жапон өз орнында сол жоғары өнімділікке жету үшін «Бес С» деген қағиданы қатаң ұстанды. Сэйри – қажетсіз нәрсені анықтап, оны жою; Сэйтон – қажетсізді жойған соң, қалғанын тәртіпке келтіру; Сэйксо – жұмыс орнын, өзіне бекітілген өндіріс нысанын таза ұстау; Сэйкецу – ережені қатаң сақтану, Сицукэ – жоғары еңбек тәртібі және еңбекті қастерлеу.
Бұл ұғымдар жапондарда бұрыннан болған. Ол ұлттық философиялық көзқарастан туындайды. Табысқа жету үшін әркім сол қағиданы сақтануы керек. Бірақ бұл ешкімге міндет емес еді. Енді ол ұлттық мүдде үшін қажет болған соң әрбір жапонға міндетке айналды. Сөйтіп, бүкіл жапон халқы өз елі батыстың дамыған елдерін қуып жетуі үшін бір кісідей тастүйін бекініп, алға ұмтылды.
Елдің сыртқы саясаты экономикалық жағынан мықты мемлекет құру міндетіне бағынышты болды. Бұл міндетті жүзеге асырудың сыртқы саяси негізгі құралы АҚШ-пен одақтаса отырып, Жапонияны халықаралық қатынастар жүйесіндегі беделін көтеру ғана емес, оның әскери қауіпсіздігін сақтап, әлемдік рынокта мықты ықпалға ие болуды көздеді
Алайда әскери жағынан АҚШ-қа тәуелді болуы негізгі кемшіліктерінің біріне айналды. Вашингтонның көлеңкесінде отырып, әлемнің екінші экономикалық державасы құрметіне ие болса да, әлемдік бірлестікте мықты ықпалға жете алмай отыр. Ықпалды қызметкерлердің бірі Дж. Поллак «Жапония «ұлы державалар» санатына жіберілсе де, әлі де болса толық дауыс алу құқына ие еместігін» айтады. Сыртқы саясатта байлығы мен экономикалық жетістіктері болғанымен қосалқы орын алып, ұлтшылыдықпен қызып, интеллектуалдық оқшаулықты ұстанып отыр. Сондықтан басқа мемлекеттермен арадағы қарым-қатынаста, өзіне деген ұлттық сенімсіздік, саясатта провинциалдық сақтық байқалады. 1980 жылы Киити Миядзава «Жапония ерекше мемлекет болып саналады», мұнан шығатын қорытынды өзіндік тарихи тәжірибесі мен конституциялық шектеулерінің болуы, халықаралық қатынастарға қатысуға кедергі жасайды. Біз тек әлемде болып жатқан жағдайды байыптап, болып жатқан тенденцияларды бақылаймыз» деп жариялайды.
Ұзақ жылдар бойы жапондықтар АҚШ-пен арадағы тең құқылы әріптестік деңгейіне жету эволюциясын ұзақ жылдар бойы мойындағысы келмеді. 1981 жылы премьер-министр Дэ. Судзуки Вашингтонда бірлескен коммюникеге қол қойып, онда АҚШ пен Жапония арасындағы одақтық қатынастар мәселесі сөз болған еді. Бұл фактіге таң қалған жапондық коғамдық пікір «премьер келеңсіз шешім жасады, сондықтан өзі айтқан пікірден бас тартсын »деген ұсыныс жасады. Сондықтан Жапонияның сыртқы істер министрі М.Итоға бар жауапкершілікті мойнына алып, отставкаға кетуіне тура келді.
1980-ші жылдардың басында соғыстан кейінгі кезеңде әлемде экономикалық потенциалы жөнінен екінші орынға жетсе, кейбір экономикалық көрсеткіштер бойынша АҚШ-ты басып озды.
Осы кезеңде Жапония халықаралық аренада өзінің халықаралық байланыстарының артқандығына қарамастан, шын мәніне келгенде АҚШ-тың кіші әріптесі рөлін атқара берді. 1980-ші жылдардың басында Жапонияда интернационализация ұраны ұсынылып, индустриалдық жағынан дамыған мемлекеттердің бірлестігімен интеграциялану деп түсіндірілді.
Я.Накасонэ ұсынған жапон саясатының «интернационализация» бағдарламасы болашақта әлемде серке (лидер) рөлін атқаруға мән береді.
Халықаралық еңбек бөлінісінің өсуі, трансұлттық монополиялардың қызметінің дамуы, коммуникация мен транспорттың дамуымен байланысты Жапонияның әлемдік экономикада рөлінің артуына ықпал жасап отыр. Халықаралық рынокқа шыққан ірі жапондық компаниялар үлкен қаржы ресурстарын иемденіп, мемлекеттен өз алдына бөлек тәуелсіздік алып, Жапониядағы реттеушілік қызметі қысқарып отыр. Экономикаға бюрократтық бақылаудың азаюы импорттың артып, сауданы ырықтандыруға қолайлы жағдай туғызып отыр.
Саяси жағынан алып қарағанда интернационализация Жапонияның ғаламдық рөлге ие болу жолындағы халықаралық қатынастар жүйесінде жаңа элементтердің қалыптасуына жол ашты. «Кеңестік қауіптің» жойылуы кіші держава менталитетінен Жапонияның бас тартуына қолайлы жағдай туғызды. Жапония әзірге жеке саяси инициативалар көтеруге, қандай-да болмасын әскери мазмұндағы акцияларға тікелей қатысудан тайсалады.
Өзінің байлығы мен экономикалық қуаттылығын айқындай отырып, жапондықтар ғаламдық саясатқа белсенді түрде қатысуға бағыт алып отырса да, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері болса да мәңгі екінші орында тұру жағдайында қалып отыр. Жапония бір жағынан АҚШ – пен арада өзара тәуелді қатынасты сақтауға тырысса, бір жағынан экономикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өзінің халықаралық беделін сақтауға, нығайтуға бар күшін салып отыр. Бірақ нақты қайшылықтар бар, себебі жапондық саяси авторитет АҚШ-тың көлеңкесінде қалып отыр. Алдағы уақытта бұл күрделі қайшылықтың дамуы Жапонияның болашақтағы халықаралық аренадағы жағдайын анықтаудың кілтіне айналып отыр.
Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерімен жақсы қарым - қатынасты қалыптастарып, оны қолдау елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, елді гүлдендіру үшін қажет. Қытайдың осы аймақта орналасуы, оның экономикасының өсуі Жапонияға одан әрі дамуға мүмкіндік беріп отыр. Жапония «шығыс –азиялық бірлестік» қалыптастыруға ұмтыла отырып, Қытаймен, Корея республикасымен арада ынтымақтастық қатынасты нығайтуға, Азия елдерімен экономикалық әріптестікті күшейту үшін, Азия аймағын дамытуға тырысуда.
Солүстік Кореямен қатынаста Жапония арасында әлі де болса кейбір шешілмеген мәселелер бар. Солтүстік Корея арнайы қызмет органдары Жапония азаматтарын жиі ұрлауы байқалып, олардың тағдыры осы уақытқа дейін белгісіз күйде қалып отыр. Жапония Солтүстік Кореямен арадағы Пхеньян декларациясы негізінде жапон азаматтарын ұрлау, ядролық, зымырандық мәселелерді шешіп, жапон-солтүстік кореялық өзара мемлекетаралық қатынастарды дұрыс жолға қойып, әлемде бейбітшілік пен аймақта тұрақтылықты орнатуға, реттеуге деген ұмтылыс бар.
Жапония Корея түбегіндегі кейбір даулы мәселелерді шешуде, Азия аймағындағы экономикалық дағдарыстан шығар жолда басшылықты өз қолына алмай, белсенділік танытпай отыр.
Жапония мен Оңтүстік Корея арасындағы қатынас әсіресе 1995 жылғы екінші дүние жүзілік соғыстың елу жылдығын тойлағаннан кейін шиеленісіп кетті. 1992 жылы император Акихитоның Қытайға іссапармен баруы болашақ үшін келісімге келу деп қабылданған еді. Бірақ үш жыл өткен соң . Қытай мен Жапония Қытайдағы өткізілген ядролық сынақтан соң, келіспеушілік жағдайында қалып, жапондықтардың олардың кейбір территориялық мәселелерін ретке келтіргенше, Қытайға беретін көмегін уақытша тоқтатты.
1995 жылғы бірлескен пресс-конференцияда Оңтүстік Корея президенті Ким Ён Сан мен ҚХР төрағасы Цзян Цзэмин екінші дүние жүзілік соғысты тойлауға байланысты оған Жапонияның көзқарасын қатты сынға алды. Жапония бұл әрекеттен екі елдің антижапондық көзқарастарының біріккендігін және геосаяси болашақта күрделі ушығулардың болатынын әсіресе екі Кореяның бірігуі төңірегіндегі талпынысты аңғарды.
Егер екі Корея мемлекеті бірігетін болса, ішкі қысым күшейіп, американ әскерлерінің басым бөлігінің түбектен кетуіне тура келеді. Бұл әрине кейбір жапондықтарды да американдықтардың жапониядағы әскери күштерін қысқарту керек деген ойға итермелейді. Олар Жапонияның Азиядағы АҚШ пен Қытай арасындағы «конструктивтік стратегиялық әріптестік» жолындағы әскери күштерін Азиядағы тұрақты жағдайды сақтаймыз деген ниетпен шоғырландыруға рұқсат беруді хош көрмейді. Жапонияда орныққан АҚШ қарулы күштерінің жыл сайын қысқаруы негізінде әскери күштер емес, саяси қатынастық бар.
Жапония жыл өткен сайын өзінің саясатын және ұлттық мүдделерін, артықшылықтарын нақтылай түсу үстінде. Егер Жапония әскери қатынаста Қытаймен және АҚШ-пен бақталасатын болса, ол сол аймақтағы ғана емес ғаламдық көлемде дау туғызары сөзсіз. Токио екі державаның көсемдік ұмтылыстарын жұмсартуға тырысу үстінде.
Жапония өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарлы батыспен бақталаса алатын азиялық мемлекеттің бірі болып саналады. Жапония қазіргі кезеңде басқа азиялық мемлекеттерге тән заңдылыққа бағынады. Батыстық бизнесмендер жапондықтардың делдалдық әрекеттерінсіз-ақ Азияда тікелей өз істерін жүргізуде.
Жапония ядролық қарудың алғашқы құрбаны болғандықтан, бұл қаруды таратпау жөніндегі ұсыныстары нақты шешімін таппай отыр. Солтүстік Кореяның ядролық державаға айналуы Жапония үшін қауіп тудырады.
Үндістан мен Пәкістандағы ядролық сынақтар жапондықтардың экономикалық көмегінің Азиядағы ядролық қарулануды тоқтата алмай отырғандығын көрсетті. Экономикалық көмектің көлемі қандай болғандығына қарамастан ол Үндістан мен Пәкистанды өздерінің ядролық бағдарламаларынан бас тартуға көндіре алмай отыр. Осы екі ел , әсіресе Үндістан жапондықтардың ядролық емес позициясын түсіне алмайды. Себебі ол американдықтардың ядролық қолшатырының астында қалып отыр. Бұл Жапонияның Оңтүстік Азиядағы моральдық беделін төмендетеді.
Оңтүстік Азиядағы ядролық сынықтар Жапония, АҚШ, Қытай арасындағы шиеленісті қатынастың бетін ашты. 1998 жылы 4 маусымда Женевада ядролық клубтың мүшесі болып саналатын бес мемлекеттің сыртқы істер министрлері кездесіп, сынақ жасаған кезде қандай әрекет жасауы керектігін анықтады. Жапония бұл кездесуге қатысуға рұқсат сұрағанымен, ол қабылданбады.
Көптеген жапондықтар ядролық қаруы жоқ мемлекеттер болып саналатын Жапония мен Германияны Женевадағы кездесуге қатыстырмауы дұрыс еместігіне наразылық білдірді.
Қытай яролық державалардың клубы ғана соларға ерекше жауапкершілік артып отырғандықтан, ядролық мәселелерді өздері талдауы керек деп тұжырымдайды. Әрине бұл Жапонияға тиімді емес. Ядролық қаруы бар және жоқ мемлекеттермен ынтымақтастық негізінде ғана мәселе шешілетін болса ғана, нақты тұрақтылық сол кезеңде болады.
Жапонияның сыртқы саясатының басты доктринасы концепциясы – АҚШ-пен арадағы одақпен тікелей байланысты АҚШ-тың Жапонияның Мисава қаласында орналасқан ірі әскери базалары бар. 1987 жылы Жапонияның «жұлдызды соғыстар» бағдарламасына қатысуы жөнінде келісімі қабылданды. 1975 жылдың қарашасынан бастап Жапония дамыған жеті ірі капиталистік мемлекет басшыларының жыл сайынғы кездесуіне міндетті түрде қатысушы мемлекеттердің біріне айналды. 1997 жылы АҚШ пен Жапонияның сыртқы істер министрлері мен әскери министрлері Вашингтонда жапон-американ «қауіпсіздік келісімі» негізінде әскери ынтымақтастықтың жаңа бағыттары жөнінде келісім шартқа қол қойды. Оның мақсаты – екі мемлекеттің Азия-Тынық мұхиты аймағындағы әскери ынтымақтастығының жаңа параметрлерін анықтауда болды.
Сонымен қатар Жапония үкіметі жапон монополиясының экономикалық экпансиясы үшін қолайлы жағдай туғызуды. Сондықтан Жапония сыртқы экономикалық саясатқа терең мән беруде. Іскерлер тобы «еркін сауданың азиялық аймағын» ұйымдастыруға көңіл бөліп отыр.
Жапонияның қиын жағдайда қалуы, ХХ ғасырдың басында әлемдік аренаға патшалық Ресейді жеңуі кезеңіндегі жағдайға қарағанда басқаша түрде көрініс тауып отыр. Осыдан жүз жыл бұрын шығу тегі бойынша грек Лафкадио Херн, Жапонияда ұзақ жыл тұрып «Гений японской цивилизации» очеркін жазып, ол арқылы бүкіл әлемге жаңа Жапонияны танытады. 1998 жылы бүкіл әлемнің назары «көлемі жөнінен бірінші жұлдызға» айналып, ғаламдық шарықтау шегіне жетіп отырған Қытайға ауды. Азияда Жапония мен Қытайдың орны ауысты деген концепция қалыптасты. Шын мәніне келгенде концепция шындыққа сәйкес келе қоймайды. Азиялық дағдарыс кезеңінде Қытайды аймақтағы жағдайды тұрақтандандыруға ықпал етуші ел ретінде қабылдаса, Жапонияны пассивті бақылаушы рөлін атқарып отыр деп кінәлауда. Қытайдың шарықтауы Жапония сыртқы саясатына маңызды, психологиялық ауыр стратегиялық қиындықтар әкелуде.
Жапония осы уақытқа дейін Мэйдзи кезеңінен бастап модернизациялануға дейінгі аралықта Қытай сияқты бай, мықты, өзіне сенімді, интернационалдық көңіл күйдегі мемлекетті көрген жоқ. Көршілерінің дамуы Жапонияны алаңдатып отыр. Ұзақ уақыт бойы Жапония өзін Азиядағы жетекші елдердің бірі ретінде санады. Бірақ жапондықтардың біраз бөлігі Қытайдың аймақтық серкеге айналатына күмәнді.
Қытайдың көтерілуі Жапония сыртқы саясатына біраз түрткі болып отыр. Жапонияның қаржылық дархандығы және дипломатиялық айла-әрекеттеріне қарамастан, екі жақ та мықты бақталас екендігін байқатады. Әлемдік аренадағы Қытайдың рөлі соңғы уақытта жарнамаланып, жапондықтардың «күні тұтылуда».
Жапония АҚШ пен Қытай арасындағы «конструктивті стратегиялық әріптестіктің орнағандығына» да алаңдаушылық тудырып отыр. Жапония сонымен қатар, қытайлықтар мен американдықтардың кейбір экономикалық сәтсіздіктерге байланысты өз атына айтып отырған кемсітушіліктен зардап шегуде. Бір жағынан Жапония АҚШ пен Қытай арасындағы жауластықтың болуынан да қауіптенеді.
Жапон саяси серкелері үшін негізгі мәселелердің бірі кезіндегі Цзян Цзэминмен Клинтон арасындағы келіссөздерде, АҚШ пен Жапония арасындағы одақ Азиядағы тұрақтылықты реттейтін маңызды фактор екендігін дәлелдемеді.
«Суық соғыс» жылдары американ әскерлері Жапонияның көмегіне арқа сүйей отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құрылымын көрсеткендей болды. «Суық соғыстың» аяқталуы өмірде төзуге тиісті жаңа мәселелерді әкелді.Екі елдің арасындағы қатынаста экономикалық шиеленіс өсіп келеді.
Жапонияның Таяу Шығыстағы позициясына келетін болсақ, Иракты қалыпқа келтіруге өз күшін аямай отыр. Токио конференциясында Иракты қайта қалпына келтіруге ықпал жасап отыр. Жапония Иракты қалыпқа келтірудің екі жолын ұсынып отыр. Біріншісі өзі-өзі қорғау күштері бөлімдерімен, екіншісі 5 млрд. долл. көлемінде дамуына арнайы ресми көмек көрсету.
Таяу Шығыс аймағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау осы аймақтағы бейбіт үдерісті дамытумен, алға қарай жылжытумен байланысты жүзеге асады. Жапония Ауғанстан мемлекетіне де мемлекеттік құрылысын күшейтуге ықпал жасап отыр. Терроризмге қарсы күресте де Ауғанстанмен ынтымақтасып, Үнді мұхитына Теңіз қорғанысы күштерінің кемелерін жіберіп отыр.
Біріккен Ұлттар Ұйымы төңірегіндегі халықаралық ынтымақтастық Жапонияның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Болашақта Жапонияда жаңа саяси толқынның пайда болуы (жастар интернационалдық пиғылдағы саясаткерлер, әйелдер, үкіметтік емес ұйымдар) қоғамдық өмірге таңқаларлық ырғақ береді. Жапония экономикасы мен сыртқы саясаты механизмдерін қайтадан қалыпқа келтіру үшін жаңа идеялар мен адам ресурстары керек болса оны жасайтын бюрократия емес, қалыптасып келе жатқан азаматтық қоғам. Ел басшылары радикалдық өзгерістер жолында қажет, дұрыс жолды таңдауы керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Алексеев И.А., Атрошенко А.А., Булай И.Б. США и проблемы Тихого океана: Международно-политические аспекты. М: 1979.
2.Арин О.А. Азиатско-Тихоокеанский регион: мифы. Иллюзии и реальность. Восточная Азия: экономика, политика, безопасность. М. 1997.
3.Цыганков П.А. Теория Международных отношений. М., 1992.
4.Богатуров А.Д. Великие державы на Тихом океане. М., 1996.
5.Фунабаси Е. Деприсивная дипломатия Токио. Japan today. November 2004. p. 23-32.
6.Семин А. Внешнеполитические ориентиры Японии и Китай. Владивосток, 2003.
7.Япония в современном мире. Факторы стабильного развития и безопасности. М., 2000.
8.К. Сато. Япония и Америка в их взаимных отношених. Мысли японца. М., 1993.
9.Кистанов В.О. Япония в АТР. Анатомия экономических и политических отношений. ,1995.
10.W. Lord. Opening Statement at Senate Confirmation Hearings. 31.03. 1993.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Жапонияның екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі сыртқы саясатының негізгі бағыттары талданған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается основные направления внешной политики Японии послевоенный период
ХІ-ХҮ ғасырлардағы Византия мәдениеті
Айтбай Р.Т.-т.ғ.к.доцент м.а.(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Византия тарихы өзіндік даму жолы және жоғарғы мәдениетімен орта ғасырлар тарихында ерекше орын алады. Оның мыңжылдық тарихы ішкі төңерісті оқиғаларға, көршілерімен шексіз соғыстарға, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің көпшілігімен саяси, экономикалық, мәдени байланыстарға толы болды. Византия тарихының әрбір кезеңінің өзіндік ерекшелігі, бет-бейнесі бар. Комниндік кезең уақытша болса да Византияның гүлденуімен , дұрыс жүргізілген сыртқы саясатымен ерекшеленеді.
ХІ ғасыр Византия мәдениетінің тарихында Македон әулетінен Комниндер кезеңіне өтудегі “өтпелі кезең. Бұл уақытта көптеген атақты Византия тарихшыларының қызмет жасап, шығармаларының дүниеге келген кезең. Солардың арасынан Михаил Пселлді атауға болады. Ол тарихшы ретінде Византия тарихнамасында жоғарғы орын алатын “Хронография” деген шығармасын жазды.” Хронаграфия” Византия тарихының 976-1075 жылдар аралығын қамтиды. Лев Диаконның “Тарихы” жалғастыра отырып, ҮІІ Михаил билік құрған кезеңімен аяқталады. Ішкі құрылымы жағынан туынды екі бөлімнен тұрады. Оның біріншісі өз кезегінде жетіге бөлінеді, сөйтіп І Исаак Комниннің тарихымен аяқталады. Екінші бөлім тұтас күйінде ҮІІІ Константин басқарған кезеңдерін қамтып, жазба деректерге сүйене отырып жазылған.
“Хронографияда” орталық орынды автордың бейнесі алады. Пселл тарихи оқиғалармен баяндалған өмірбаянын жасаған. Ол Константинополь қаласында шенеуніктің жанұясында дүниеге келіп, бес жасында мектепке барған. Қажетті ғылыми курсты бітіріп, ғалым әдебиет қайраткері және мемлекеттік қызметкер ретінде қалыптасты. Ү Михаил кезінде сарайда император хатшысы, ІХ Константин Мономахтың уақытында императордың кеңесшісі болды. Өз еңбегінде өзіне жоғары баға береді.
Пселлдің тарихилығы – басқа орта ғасырлық авторлармен ұқсас. Ол дүниежүзілік оқиғалардың себеп-салдарын айқындауда, алдын-ала құдай шешіп қойды деген бағытты жақтайды. Жалпы Пселлдің еңбегі мемуралық сипат алады. Оның баяндауының тағы бір ерекшелігі тарихи құбылыс пен жеке кейіпкер өзара бірлікте дамиды, өзара тығыз байланысты. Пселл қайта өркендеу кезеңінің алдында тұрды. Ол орта ғасырлық тақуалықтан гөрі, жеке адамның өмірлік белсенділігін қолдады. Уақытты ол ғылымды оқып-үйренудегі прогресс деп есептеді. Сондықтан да оның Византия тарихнамасында алатын орны ерекше/
М.Пселлдың жолын қуушы, әрі ізбасары Иоанн Итал (1025) Византияның философиялық-діндарлық ой-пікірдің дамуындағы ерекше тұлға. Ол бірінші болып теологиялық мәселелерді сана тұрғысынан түсіндіріп, бедел мен дәстүрге негізделген нанымға сана мен логика принциптерін қарсы қойды.
Византия тарихнамасында Пселлге ұқсас орын алатын ғалымдардың бірі Михаил Атталиат (1030/35-1085/1100). Оның өмірі де астанада өтті, сот қызметімен айналысты, сарайға жақын топтарға жатты. Оның “Тарих” деп аталған шығармасы 1034 жылдан 1079-80 жылдар аралығын қамтиды. Егер Пселл Константинополь қаласы, сарай төңкерістері, билеушілері тарихын қарастырса, Атталиат империяның шет аймақтарындағы саяси оқиғалар, шығыс облыстар- Каппадокия, Киликия, Арменияның ерекшеліктеріне байланысты жазды. Сонымен бірге “Тарихта” әскери мәселелерге – стратегия, тактика, қолбасшылық өнерге көп көңіл бөлінген . Атталиат еңбегінде Византия қоғамының әр түрлі топтары туралы да мәліметтер бар. Текті топтарды мадақтаумен қатар, қала тұрғындарына көп көңіл бөледі
Византияда Комниндер әулеті билеген кезеңде мәдениет, оқу-ағарту, өнер және әдебиет қайта өрлеу жағдайында болды. Антикалық мұраға терең қызығушылық қайта жанданды. Бұл кезеңде білімділіктің орталығы ғылым мен білімнің орталығы болған Константинопольдегі мектептермен қатар әдеби-философиялық мектептер болды. Әйгілі үйірмешілер Анна Комниннаның және Ирина Дукенаның үйірмелері еді.
Бұл дәуірдің көрнекті туындылардың бірі ХІ-ХІІ ғ.ғ. Византияның саяси өмірінің белсенді мүшесі Никифор Вриеннияның тарихи еңбегі еді. Ол ханшайым Анна Комнинаның күйеуі болатын. Никифор Вриенния өз еңбегін “Тарихи материал” деп атап , 1070 жылдан 1079 жылға дейінгі оқиғаларды қарастыруды өзінің бұл еңбекті жазудағы басты мақсаты Алексей Комниннің билік құрған кезеңі мен қызметі жайлы мәліметтер беру екендігін айтады. Бұл шығарма Иоанн ІІ Комнин кезінде аяқталды. Туындының құрылымының ерекшелігі, ол хронологиялық жағынан емес, географиялық-топографиялық принцип бойынша құрылғандығында. Әскери жорықтар, өте қызғылықты, толық баяндалған. Алексей Комниннің жастық кезіне тоқталады. Жалпы Алексей Комнин-сұлу, текті, даңқты болып көрсетіліп, оның батырлық бейнесі жасалған .
Алексей Комнинге арналған үлкен еңбек оның қызы Анна Комнинаның (1083-1155) жазған « Алексиада» деп аталатын туындысы.. Шығарма 14 жасар Алексейдің ІҮ Роман кезінде жасаған қызметімен басталып, 1118 жылғы оның өлімімен аяқталады. Жалпы алғанда Анна Комнина Византия тарихнамасында және әдебиет тарихында айрықша орын алады. Оның білімділігі, саясатшы ретіндегі белсенділігі, мәліметтерінің дәлдігі Анна Комнинаның шығармасын Византияның тарихи ой-пікірінің атақты ескерткіштерінің бірі етеді.
Осы кезеңде Византия тарихнамасында мемуарлық сипаттағы тарихи шығармалар да болды. Евстафий Солунский 1185 ж.нормандардың Солуниді жаулап алуы туралы еңбегі осы бағытта жазылған. Ал, Никита Хониат бұл дәстүрді одан әрі жалғастырды. Оның туындысында І Иоанн Мануил және Андронник Комниндердің, Ангелдер әулеттері билік құрған кезеңдер оқиғалары айтылады. Кресшілердің Византияға жорығы, Константинопольдің құлауы көрсетілген. Оның «Ромейлер тарихы» І-Ү крест жорығы, кресшілердің Константинопольді алуы туралы құнды деректерге толы тарихи еңбек қана емес, сондай-ақ өте тартымды әдеби шығарма.
ХІІ ғасырда Византияда кейінгі антикалық романның ескі әдеби жанры қайта өмірге келді. Бұл жандану көрнекті ақын Феодор Продромның (1100-1170 ) атымен байланысты. Оның «Катамиомахия »(Мысықтар мен тышқандар соғысы) деген сатирасында сол кездегі қоғамның кемшіліктері күлкі-мазақ етіледі.
Роман жанрына сондай-ақ Евматий Макреволиттың «Исминий мен Исмина » деген прозаикалық повесі, Никита Евгенианның «Дросилла мен Харикл», Константин Манассидің «Аристандр мен Каллитея »деген өлеңмен жазылған романдары жатады.
Орта ғасырдың мәдениеті тарихында Византия өнері көрнекті орын алады. Византиялық шеберлер эллинистік өнер мен империяны мекендеген халықтар өнерін қабылдай отырып, осылардың негізінен өздеріне тән көркем стилін жасады. Византия бейнелеу өнерінде басым түр қабырғаға салынған мозаика мен фреска болды. ХІ-ХІІ ғасырларда Византия бейнелеу өнерінде құрғақ сызық, шартты салтанатты стилендіру орын алды. Әулиелердің бейнелері тым қатыгез аскеттік бейнеде салынып, тым қоңырқай бояулармен боялды. ХІІ ғ.кірпіштен салынған оюлар Грекияда, Болгарияда, Сербияда кеңінен тарады. ХІ-ХІІ ғғ.византияның шеберлері Венециядағы әулие Марк соборын әшекейледі, Сербиядағы храмдарды безендіруге қатысты. Бұл кезеңдегі мәдениет ақсүйектік сипат алды. Византия университеті қалпына келтірілді. Оның екі факультеті-философия және заң болды. Осы кезеңде шіркеу философия пәндеріне бақылауды күшейте түсті. Сонымен бірге діни мектептер болды, оларла дін ілімі оқытылды. Кітап минатюрасы дамыды.
ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Византияда философия мен ғылымда, әлеуметтік және идеялық жағынан Батыс Еуропа гуманизіміне жақын жаңа бағыт кеңінен тарай бастады. Бұл бағыт ХҮ ғасырлардағы ғалым, философ және саяси қайраткерлер Мануил Хрисолор, Георги Гемист, Плифон және Виссарион Никейскийдің еңбектерінен айқын көрінеді. Адамның рухани өміріне зер салу, индивидуализмді мадақтау, антик мәдениетіне бас ию - осы ғалымдарға тән көзқарастар еді. Олардың батыс еуропалық гуманизммнен тығыз байланысты болған.
Византия философиясында ХІІ ғасырда материалистік тенденция күшейіп, Демокрит пен Эпикурдың материалистік философиясына қайтадан назар аударыла бастады. Бүкіл әлемді және адам өмірін басқаратын құдай емес тағдыр деп есептейтін Эпикурды қолдаушыларды сол кездегі дін ғылымдары қатты сынға алды.
Византия империсының соңғы ғасырларында реакциялық-мистикалық және рационалистік бағыттағылар арасындағы күрес күшейіп кетті. Мистикалық бағытты діни ғалым Георгий Палама (1297-1366) басқарды. Палама ілімінің негізгі идеясы,шоқыну кезінде мистикалық шапағаттану арқылы адамның күдіретпен бірігіп кетуі болды. Паламаның мистикасына қарсы күресті қызу жүргіе бастаған калабрийлік ғалым гуманист Варлаам болатын. Варлаам ақыл-ой діннен басым, ол бұрын пайда болды деген пікірді жақтады. Шіркеу Паламаны жақтап, Варламды қуғынғы ұшыратты.
ХІҮ-ХҮ ғғ.ғылымда, философия мен әдебиетте гумманизмге әлеуметтік және рухани тұрғыдан туыстас жаңа бағыт қалыптасты. Гуманистік бағыт әсіресе ХҮ ғ.көрнекті ойшыл Мануил Хрисолор мен философ-неоплатоник Георгий Гемист Плифонның еңбектерінде ерекше көрініс тапты. ХҮ ғасырдағы византиялық гуманистерге тән сипаттар-антика мәдениетіне деген ыстық ықылас, сана алдында бас июшілік, адам тұлғасына көңіл бөлушілік және өмір сүріп тұрған әлеуметтік-экономиялық құрылысты қайта құруға деген ұмтылыс болды.
Бұл кездегі халықтық шығармашылыққа тұрмыстық тақырыпқа арналған сатиралық мысқыл жанры кеңінен тарады. Әсіресе «Жануарлар туралы эпос» деген шығарма ерекше табысқа ие болды. ХІҮ ғасырдың басында византиялық феодалдық қоғамның мінез-құлқын мазақ еткен құстар өмірі туралы («Пулолог») сатиралық повесть кеңінен танымал болды. Халықтық мысқылдар демократиялық сипатта дамыды. Мысалы «Төрт аяқтылар туралы өсиетті повесть» деген мысқылда жыртқыш хайуандардың бейбіт аңдарды зәбірлегені, сүйтіп олардың ашуызысын туғызғандығы, ақырында бейбіт аңдардың қорлыққа шыдай алмай көтеріліске шығып, жыртқыш хайуандарды қырып салғандығы туралы айтылады. Бұл мысқыл халықтың қанаушыларға қарсы белсенді күреске ұмтылысын бейнелейді. Бұл кезден сондай-ақ біраз лирикалық шығармалар да сақталған. Олардың ең таңдаулы үлгісі «Родостың махаббат өлеңдері» (ХІҮ-ХҮғғ.).
Византия бейнелеу өнері тек ХІҮ ғасыр мен ХҮ ғасырдың бірінші жартысында тамаша гүлденген “Палеологтың қайта өркендеу” дәуірін басынан өткізді. Осы гүлдену сол кездегі Византия мәдениетінде гуманистік тенденциялардың өріс алуымен байланысты болды. Бұл суретшілердің шіркеу өнері белгілеп берген ереже шеңберінен шығып, дерексіз бейнелеу орнына, тірі адамды бейнелеп, оның басындағы құштарлықты, қуанышты, қайға-мұңды бейнелеуінен көрінеді. Константинопольдегі Хора монастырына жасалған мозайкалар мен фрескалар сол заманның тамаша мұрасы болып табылады. Алайда, адамның жеке басын шіркеушілік-догматтың ой шырмауынан құтқару ісі әлсіз де дәйексіз болды. ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы Византия өнері шіркеу шеңберінде қалып, реалистік итальян Ренессансы қатарына көтеріле алмады сөйтіп бұрынғысынша икон жазу өнерінде белгілеп берген формада қалды, бұрынғысынша жер бетіндегі шын өмірден аулақтанып ерекшеліктерін сақтады.
ХІІІ-ХІҮ ғасырларда мәселен, Пелопоннесте тұрғын үйлердің өзі қамал тәріздес болып тұрғызылды. Византиядағы сәулет өнерінің өнерінің тамаша мұрасына Константинопольдегі императорлар сарайлары жатады. ХІҮ-ХҮ ғасырларда византиялық сәулет өнеріне тән нәрсе ғимаратының жеңіл, әсемдігі, сыртқы жэне ішкі безендірудің симметриялығы тән. Бұл кезең ескерткіштеріне Константинопольдегі (қазіргі Кахрил-Джами мешіті) Хора монастыры жатады. Эмал өнері, зергерлік өнер бұл кезде күйзеліске ұшырай бастады.
Византия мәдениеті адамзат өркениетіне зор үлес қосты. Осынау мәдениет бізге дейін бейнелеу, сәулет өнерінде, оқу-ағарту ісі мен қоғамдық ой пікірде тамаша туындылар қалдырды. Византия мәдениетінің мұрагерлері Грекия, Болгария, Сербия, Сирия, Палестина, Египет, Түркия елдері. Оның ықпалы Ресей мәдениетіне де зор әсерін тигізді.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Анна Комнина. Алексиада. М .,1961.
2.Удальцова З.В. Византийская культура. М., 1986.
3.Бонк А.В. Прикладное искусство Византии ІХ-ХІІ вв. М.,1978.
4.Медведев И. П. Византииским гуманизм ХІV-ХV вв. Л., 1976. .
5.Культура Византии вторая половина VІІ-ХІІ вв, М.,1980.
6.Памятники византийской литературы ІХ-ХІҮ веков. М.,1969.-
7.Тортаев С.Ә.Орта ғасырлардағы Византия, шіркеу, крест жорықтары. Алматы, 2002.
8.Курбатов Г. Л. История Византии. М.,1984.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада ХІ-ХҮ ғасырлардағы Византияның мәдениеті қарастырылып, талданған.
РЕЗЮМЕ
Статья посвещена культуре Византии ХІ -ХҮ вв.
ПАТРИС ЛУМУМБАНЫҢ АФРИКА ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
Бисембаева Л.А.-аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Тропиктік және Оңтүстік (қара) Африка ХХ ғасырдың басында капиталистік державалардың езгісіне қатты ұшыраған және олардың арасында бәсекелестік аймағы болған жер. Тропиктік және Оңтүстік Африканың бірінші дүниежүзілік соғыстың аяғына қарай бүкіл жерінің 90,4 пайызы Англия, Франция, Германия, Италия, Бельгия, Португалия, Испания отаршылдарының езгісінде болды. Осы елдердің ішінде Африкада ең отары көп ел Англия мен Франция болды. Бүкіл отар жердің 38 пайызы, ал халықтың 77 миллионы Англия езгісінде болды. Ал Франция езгісінде бүкіл жердің 43 пайызы, ал халықтың 51 миллионы болды /1/.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында отарлар біріге бастады. Олардың өздерінің заңдары, жүйелері, әкімшілік орталығы болды. 1904 жылы француз батыс Африкасы құрылып, оған 8 отар ел кірді. Ал, 1910 жылы француз эквадорлық Африкасы құрылып, оған 4 отар ел кірді: Гобон, Чад, француз Конгосы және Убанги-Шари кірді. ФЭК-ның әкімшілік орталығы Браззавиль (Конго) қаласы болды. Африкадағы ең үлкен отар иесі Бельгия болды. Оның Африкада Бельгиялық Конго деген отары болды. Бельгиялық Конго 1960 жылдан бастап – Конго республикасы деп аталды. Бұл Конго республикасы 1964-1971 жылдары Конго Демократиялық Республикасы деп аталып, 1971 жылдан бастап Заир республикасы деп аталады /2/.Патрис Лумумбаның Отаны - осы Конго.
Патрис Лумумба – Конго мемлекетінің тарихындағы тәуелсіздік үшін күрескен тарихи тұлға. 2005 жылы 2 маусымда бүкіл әлемдегі прогрессшіл халық Патрис Лумумбаның туылғанына 80 жыл толуын атап өтті. Патрис Лумумбаның бүкіл саналы ғұмыры өз Отанының тәуелсіздігі үшін күреспен өтті. Оның әлеуметтік-экономикалық, саяси көзқарастарының қалыптасуы, Конго халқының жетекші көсемі болып тарихи сахнаға шығуы, оның Отанындағы, бүкіл Африка құрлығындағы ұлт-азаттық қозғалыстың дамуы мен оның шарықтап жоғары көтерілуімен тұспа-тұс келді.
ХХ ғасырдың 60 жж. Африка құрлығында жаңа тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Бұрын шетелдіктердің езгісінде отырған Африка халқының сана сезімі, саяси белсенділігі өсті. Қайткен күнде де, қандай жолмен болса да өз отарын сақтап қалғысы келген отарлаушы державаларға Африка халқы тойтарыс берді.
Бұл құрлық халқының отарлық езгіні үзіп, тәуелсіздік алуы – үлкен тарихи маңызға ие болды. Африка халқының отарлаушы елдерді жеңіп, тарихи сахнаға тәуелсіз мемлекет болып шығуы, олардың әлемдік саясатқа араласуына ықпал етті.
Алайда, отарлық бұғаудан босаған Африка қоғамының саяси азат етілуімен барлық мәселе немесе Африка халқының барлық міндеттері орындалды деп айтуға әлі ерте еді.
Өміршең Конго халқы да өздерінің ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Патрис Лумумбаны - тарихи сахнаға өз ұлтын, өз Отанын қорғаушы ретінде, тәуелсіздік жаршысы ретінде шығарды. Патрис Лумумбаның бойына тән нәрсе - өз Отанына деген сүйіспеншілік, отаршылдыққа қарсы ымырасыздық, әлеуметтік прогресс және тәуелсіздік үшін күрес, батылдық, өз соңынан халықты ерте білу, қарапайымдылық және адамдарға деген құрмет оның өн бойынан табылатын қасиеттері еді.
Патрис Лумумба тәуелсіздікті алу Африка халқының өз қолында екенін өте жақсы түсінді. Сөйтіп Африка тарихында алғашқылардың бірі болып отаршылдыққа, империализмге қарсы күреске халықты бастап шықты.
Патрис Лумумба Еуропада болып саяси білімін толықтырып, өзіндік көзқарасы қалыптасқаннан кейін 1958 жылы Конгоның ұлттық партиясын құрады. Осыдан кейін-ақ оны бүкіл Африка жұртшылығы кеңінен тани бастады. 1958 жылы тәуелсіз Гана мемлекетінің астанасы Аккре қаласында Африка халықтарының конференциясы өткізілді. Бірінші рет өткізілген панафрикан конференциясына Африканың аймағындағы партиялардың көсемдері қатысты. Осы конференцияда Патрис Лумумба бірінші рет өзінің партиясының азаттық үшін күресінің негізі мәселелері жөнінде баяндама жасады. Аккреде болған конференция кезінде Патрис Лумумба ең алғаш рет Кваме Нкруме, А.Секу Туремен кездесіп, оларды өзінің ізбасары деп таныды. Осы конференцияда Патрис Лумумба болашақта болатын панафрикан конференцияларының тұрақты хатшысы болып тағайындалды.
Аккреден қайтып келген соң Патрис Лумумба өзін Африка халқының күрескері ретінде танып, алдына Африка құрлығын отарлық езгіден азат ету міндетін қойды. Ол Леопольдвильде митингі өткізіп, Конгоның тәуелсіздік алуы жөніндегі мәселені бірінші рет осы митингіде көтерді. Демонстрация 1959 жылы 4 қаңтар күні Леопольдвильдің Калуму ауданында басталды. Полиция бейбіт халыққа оқ жаудырды. Осының нәтижесінде 49 адам өліп, жүздеген адам жарақат алды. Демонстрацияны басуға бельгиялық парашютшілер отряды «Форс пюблик» батальоны Китон мен Каминдегі НАТО әскерлері қатысты. Демонстрация таратылғаннан кейін 5 қаңтардан бастап елде саяси қуғын сүргін басталды. 50 мыңдай Конгоның адамдары қаладан қуылды. Оның ішінде партияның өкілдері де болды.
1959 жылы 13 қаңтарда Бельгия королі Бодуэн Бельгия және Конго азаматтарына мәлімдеме жасады. Бұл мәлімдемеде «өте тез асығыста емес, өте жай баяуда емес, Конгоға біз тәуелсіздік береміз» - дейді /3/.
Митингіге 10 мыңнан астам адам қатысты. Бұл митингі Конгоның тарихындағы ең бірінші саяси митингі еді. Осы митингіде сөйлеген сөзінде Патрис Лумумба «тәуелсіздікті біз Бельгияның берген сыйлығы деп қабылдамауымыз керек. Бұл жерде мәселе Конгоның жоғалтып алған құқығын қайтарып алу болып табылады» - деді /4/.
Барған сайын Конгода жұмысшылардың бельгиялық отаршылдарға деген наразылығы күшейді. 1958 жылы «Отрако» деген транспорттық компанияның жұмысшылары ереуілге шығып, өздерінің жалақыларын көбейтуге қол жеткізді.
1959 жылы наурыз айында Патрис Лумумба Нигерияның Ивадан деген жерінде Африканың мәдени қызметкерлерінің семинарына қатысты. Осы семинарда ол «Африкан бірлігі және ұлттық тәуелсіздік» деген тақырыпта баяндама жасады. Осы баяндамасында «Қазіргі таңда Африка үшін ынтымақтастық өте қажет біз сондай блок ашуымыз керек, бүкіл әлемге бауырлас екенімізді дәлелдеуіміз керек. Егерде Африканың бір шетінде шетел үстемдігі орнап отырса, Африка еш уақытта бостандықта тәуелсіздікте бола алмайды» - дейді /5/. Осы мақсатын жүзеге асыру мақсатында отаршылдарға қарсы бірігіп күресуге барлық африка халықтарын жұмылдыру үшін Патрис Лумумба Конгоның Лулуабурге провинциясында саяси партиялардың конгресін шақырады. Осы конгресте ол конголықтарға бельгиялықтардың тұманды уәделерінің керегі жоқ екендігін ескерте отырып, таяу уақытта Конгоның жеке өзінің үкіметін құруға рұқсат беруін Бельгиядан талап ететінін.
1959 жылы сәуір айында Патрис лумумба «либр экзаман» деген үйірменің шақыруымен Конгода лекция оқыды. Үш күннен кейін Патрис Лумумба «презанс Африкэн» баспасында халықты отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық көтеріліске шақырады.
Отаршылдарға қарсы күресте кәсіподақ ұйымының да әсері болды.
1959 жылы қазан айында Патрис Лумумба Африка халықтарының конференциясында Конгоның КҰҚ (Конгоның ұлттық қозғалыс) партиясының жұмысы жөнінде баяндама жасады. Осыдан кейін іле – шала Стэнливильде КҰҚ-ның конференциясы өткізіліп, осы конференцияда Патрис Лумумба африкалықтарды ұлттық тәуелсіздік жолындағы күреске шақырды. Халық Патрис Лумумбаға гүл шоқтарын ұсынып, оның идеясын қолдайтындықтарын мәлімдеді. Конференцияның соңында тәуелсіздік берілсін деген ұран тасталды. Алайда, 30 қазан күні полиция конференцияның аяқталу қарсаңында бейбіт халыққа оқ жаудырды. 30 конголық өліп, жүздеген адам жарақат алды. Алайда, полиция Патрис Лумумбаға осыны ұйымдастырған оның өзі деп, кінә жауып,1 қараша күні оны 6 айға түрмеге жабады. Полиция оны өте қауіпті қылмыскер деп Жадовиль қаласындағы Катанга провинциясының түрмесіне жіберді. Патрис Лумумба түрмеде отырып, Мохандас Карамчад Гандидің «күрестің бейбіт жолмен бойұсынбау» тәсілін оқып үйренді. Ол біз күресу үшін қаруды қалап едік, енді біз бейбіт құралдармен де өз мақсатымызға жетуімізге болады деген қорытындыға келді. Сөйтіп, Патрис Лумумба қарулы көтеріліске шығудан бас тарта отырып, күрестің бейбіт жолын таңдап көруді мақсат етті.
1959 жылдың аяғында отарлардың министрі Хемейрайк Конгодағы жағдайды өз көзімен көру үшін Конгоға келеді. Халық одан Патрис Лумумбаны түрмеден босатуды талап етті.
1960 жыл Африка халқының отаршылдарға қарсы күрес жылы болды. Бұл жыл тарихқа «Африка жылы» болып енді. Өйткені осы жылы Африканың 17 елі тәуелсіздік алған болатын. Африкадағы саяси жағдайдың шиеленісуінен секем алған Бельгия үкіметі 1960 жылы 13 қаңтарда Конгода конференция шақыру туралы осы конференцияға келетін делегаттар жөнінде мәселені күн тәртібіне қойды.
1960 жылы 20 қаңтар күні конференция өзінің жұмысын бастады. Делегаттардың талап етуімен Патрис Лумумбаны түрмеден босатып, конференцияға қатыстырды. СЕРЕА партиясының президенті А.Кашамура осы конференцияда сөйлеген сөзінде «Мен Лумумбаны өте жақсы білемін, бірге жұмыс жасаймын... Лумумба халыққа танымал, беделді, оның конференцияға қатысуы өте қажет» - дейді /6/. Содан кейін бельгиялықтар Патрис Лумумбаны түрмеден босатып, конференцияға қатысуға жібереді. Патрис Лумумбаны конференцияға қатыстыру африкалықтардың бірінші жеңісі болды.
Конференцияда Конгоның болашақ тағдыры, мәселесі жөнінде тартыс болды. Конго делегаттары екі лагерьге бөлінді. Бірі-Конгоны автономиялық мемлекеттердің федерациясы болсын (Моиз Чомбе) десе, екіншісі-унитарлық мемлекет құруды (Патрис Лумумба) талап етті. Делегаттардың арасында жіктің болуы бельгиялықтардың Конго ісіне араласуына мүмкіндік берді. Енді отаршылдар Конгода НАТО-ның әскери базасын қалдыратындықтарын мәлімдеді. Бұдан кейін Бельгия әскерлері Конгоға тағы да көбірек енгізіле бастады. Бұл жағдайлар Конгоның толық суверенитет ала алмайтындығын көрсетті. Конференцияның шешімімен Конгода әлеуметтік, әскери, т.б. салаларда қайта құру ісін жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды. Қайта құру ісінің жобасын дайындауға Патрис Лумумбаның өзі тікелей қатысты. Империалистік державалар: Бельгия, Франция, АҚШ, Англия Конгоға тәуелсіздік бергісі келмей, табиғи байлығына өзара таласты.
1960 жылы БҰҰ-ның бас хатшысы Даг Хаммаршельд Конгоға іс-сапармен келді. Мақсаты - қандай жағдай да болсын Конгоны Бельгияның отары ретінде ұстап қалу еді. Осы мақсатын жүзеге асыру үшін Хаммаршельд БҰҰ-ны арқылы Конгоға көмек беруді ұйымдастыра отырып, Конгоны отар ретінде ұстап қалуды ойластырды. Осыған байланысты НАТО-ға кіретін елдер АҚШ. Англия, Канада Конгоға «көмек көрсету» қорын ұйымдастырды.
1960 жылдың бірініші жартысынан бастап Бельгия мен Конгоның арасында экономикалық мәселелер бойынша келіссөздер басталды. Бельгиялықтар Конгоға оп-оңай тәуелсіздік бергісі келмеді. Отаршылдар Конгоны экономикалық жағынан кіріптарлыққа ұшыратқысы келді. Сөйтіп бельгиялықтар «Конгоның негізгі заңдарының құрылымы» деген заң қабылдады. Бұл заң 1960 жылы 10 мамыр күні күшіне енді. Осылайша бельгиялық отаршылдар Конгода жаңа отаршылдық саясатты, (неоколониализмді) жүзеге асырды.
Осындай қиын жағдайда Патрис Лумумба Конгоға тәуелсіздік беруді қайтадан талап етті. Патрис Лумумбаны Абако партиясы қолдады. Сөйтіп Лумумба шетелдік арандатушыларды елден қуып шығуға әрекет жасады.
1960 жылдың ақпан-маусым айының аралығында Лумумба КҰҚ-ның 14 рет конференциясын өткізді. Бұл конференцияларда ол метрополия әскерлерін тез арада Бельгияға алып кетуді талап етті.
1960 жылы мамыр айныңы аяғында Конгода ұлттық парламентке сайлау өтті. Бұл сайлауда НДК партиясы депуттар палатасынан - 41 , ал сенаттан – 13 орын алды. Сайлауда саяси партиялардың лидерлерінің ішінде көп дауыс алған Патрис Лумумба болды.
Осындай жағдайда Конгода ұлттық үкімет құру үшін күрес күшейді
Патрис Лумумба 1960 жылы Китон мен Каминдегі НАТО-ның әскери базасы – бірінші болып мемлекет меншігіне өтеді . Сөйтіп, 19 маусым күні Бельгия мен Конгоның арасындағы бірінші құжатына ұлттық үкімет қол қойды. Осы қол қоюдан кейін Патрис Лумумба радио арқылы Конго халқы мен Бельгия халқы арасында экономикалық, ғылыми, мәдени ынтымақтастық орнайды деп мәлімдеді.
Көптен күткен 1960 жылғы 30 маусым – Конгоның тәуелсіздік алған күні де келіп жетті. «Біздің отанымыз біздің балаларымызға шынайы пайда келтірсін. Біз барлық ескі заңдарды қайта қараймыз, жаңа заңдар шығарамыз. Біз езушілікке нүкте қоямыз. Бізде бейбітшілік орнайды, біз көптеген елмен қарым-қатынас орнатамыз, бірақ олар дұрыс болу керек. Бізге басқа бір саясатты таңу керек емес» - деді үкімет басшысы Патрис Лумумба /7/.
Конгоның тәуелсіздігі Африка құрлығының тәуелсіздігі үшін жасалған қадам деп Патрис Лумумба өзінің барлық отандас азаматтарын жұмыс істеп, экономикалық тәуелсіздік алуға шақырды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Родригес А.М. История стран Азии и Африки. М., 2006. 245 б.
2. Пономаренко Л.В. Патрис Лумумба жизнь во имя свободы Африки. М.,1989. 9 б
3. Бұлда сонда. 74 б.
4. Пономаренко Л.В. Патрис Лумумба жизнь во имя свободы Африки. М.,1989. 46 б.
5. Бұлда сонда. 47 б .
6. Мирский Г.И. Освободившиеся государства: пути развития. // Азия и Африка сегодня. 1983. 28 б.
7. Бұл да сонда. 66 б.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Патрис Лумумбаның Африка құрлығын Еуропалық державалардан азат ету жолындағы күресі баяндалады.
РЕЗЮМЕ
В данной статье рассказывается о борьбе Патриса Лумумбы за освобождения Африки от европейских держав.
СОВРЕМЕННАЯ ДЕМОГРАФИЧЕСКАЯ СИТУАЦИЯ УЗБЕКИСТАНА И ПЕРСПЕКТИВЫ ЕЕ РАЗВИТИЯ
Ата-Мирзаев О.Б.- д. г. н, профессор(г.Ташкент, Центр “Общественное мнение” (Ижтимоий фикр)
Муртазаева Р.Х.- д. и. н., профессор(г.Ташкент, НУУ им. Мирзо Улугбека)
Демографическая ситуация является сложным, социально-экономическим процессом, характеризующим динамику численности населения страны, основные его источники, естественное воспроизводство и семейную структуру населения, миграцию населения, его размещение и урбанизацию, национальный и социальный состав населения, трудовые ресурсы и занятость населения и др.
В годы независимости в Узбекистане сложилась новая демографическая ситуация, многие черты которой в корне отличаются от демографической обстановки советского периода развития страны. Это, прежде всего, относится к основным демографическим процессам – рождаемости, естественного воспроизводства населения, миграции и урбанизации.
Новые устойчивые тенденции современных демографических процессов в Узбекистане нашли непосредственное отражение в снижении рождаемости, детской и материнской смертности, урбанизации сельской местности, сокращении темпов и абсолютного прироста численности населения республики.
В настоящее время (2009 г.) в Узбекистане проживает около 28 млн. человек. По численности населения республика занимает 3 место среди стран СНГ, после России (142 млн. чел.) и Украины (46 млн.чел.). Узбекистан по численности населения относится к средним странам. Республика занимает по числу жителей 43 место в мире и 18 в Азии.
За годы независимости (1991-2008 гг.) численность населения Узбекистана выросла на 6,5 млн. человек и составила на 1 января 2008 года 27,1 млн. чел. Среднегодовые темпы прироста за это время составили 1,8%, а среднегодовой абсолютный прирост – 380,3 тыс. человек.
За предыдущее десятилетие (1980-1990гг) численность населения Узбекистана выросла почти на 4,5 млн. чел при ежегодном росте – 448 тыс. чел и среднегодовом темпе прироста – 2,8%.
Укажем, что самые высокие темпы прироста в Узбекистане были отмечены в 1959-1970 годы, когда численность населения страны росла в среднем за год – на 3,8%.
В настоящее время темпы роста численности населения соответствуют среднемировым показателям. За последние пять лет (2003–2008гг.) среднегодовой темп прироста численности населения Узбекистана составляет всего 1,3%, а абсолютный прирост за год – около 328,7 тыс. человек.
Такое снижение темпов и абсолютного роста численности населения Узбекистана за рассматриваемые годы происходит как за счет миграционного оттока, так и в результате заметного сокращения рождаемости и естественного прироста населения, которое все еще сохраняет высокие показатели.
Основным источником роста численности населения Узбекистана в настоящее время является естественный прирост, который значительно перекрывает постоянный миграционный отток населения из республики в последние десятилетия. Вследствие этого в Узбекистане ныне сформировался новый тип динамики численности населения, в которой главенствующая роль принадлежит естественному приросту, что видно из таблицы 1./1/
Современные источники роста численности населения
Таблица 1
Узбекистана*, тыс. чел.
Годы
|
Численность населения
| Прирост населения за год | общий |
естественный
|
миграционный
|
1980
|
15746,6
|
379,4
|
421,1
|
-41,7
|
1985
|
17868,0
|
487,5
|
547,4
|
-59,9
|
1990
|
20222,0
|
385,7
|
561,5
|
-175,8
|
1991
|
20607,7
|
498,6
|
593,1
|
-94,5
|
1992
|
21106,3
|
495,9
|
570,5
|
-74,6
|
1993
|
21602,2
|
489,7
|
546,8
|
-57,1
|
1994
|
22091,9
|
370,6
|
509,4
|
-138,8
|
1995
|
22461,6
|
444,9
|
536,6
|
-91,7
|
1996
|
22906,5
|
442,1
|
510,6
|
-68,5
|
1997
|
23348,6
|
423,7
|
465,3
|
-41,6
|
1998
|
23772,3
|
363,3
|
413,2
|
-49,9
|
1999
|
24135,6
|
352,1
|
414,3
|
-62,2
|
2000
|
24487,7
|
325,4
|
392,0
|
-66,6
|
2001
|
24813,1
|
302,7
|
380,5
|
-77,8
|
2002
|
25115,8
|
312,1
|
395,4
|
-83,3
|
2003
|
25427,9
|
279,5
|
372,5
|
-93,0
|
2004
|
25707,4
|
313,9
|
410,0
|
-96,1
|
2005
|
26021,3
|
291,4
|
399,0
|
-107,6
|
2006
|
26312,7
|
351,1
|
416,3
|
-65,2
|
2007
|
26663,8
|
408,0
|
463,7
|
-55,7
|
2008
|
27072,2
|
-
|
-
|
-
|
Достарыңызбен бөлісу: |