Қазақ қол өнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады



бет2/4
Дата08.06.2016
өлшемі0.65 Mb.
#122954
1   2   3   4

1.3. Костюм формасы мен силуэті

Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мұрасы болып, ұрпақтан – ұрпаққа әкеден – балаға сабақтасып, тізгіннің ұшында, өзіндік тарихымен, әдет – ғұрпымен, сәндік, көркемдік жолымен, көшпенді елімізді әлемге өзінің көркемдік ерекшелігімен таныта білген – қол өнері.

Қол өнердің халықтың әлеуметтік, салт – тұрмысында алатын орнының қаншалықты биік, жоғары екеніне сене алсаң – оның ішінде қол өнерді нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол ою - өрнек. Олай болса өткен өмірімізбен бірге, өшпес мұра болып, материалдық мүліктерімізбен қатарласып, сабақтасып келе жатқан ою - өрнек туралы болмақ.

Ою - өрнектің шығып таралуы қол өнер, тұрмыс заттарының өсіп өркендеумен тығыз байланысты және солардың ішінен орын ала білді. Олардың даму процесстаріне халықтың әлеуметтік сана – сезімінің, болмыс тіршілігінің жанданып, мәдениетінің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болды.

Сонымен қазақы ою - өрнектің өркендеуіне ата – бабаларымыздың өзіндік – талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жерінің шикізат байлықтары да қатты ықпал етті. Әр халыққа, ұлтқа тән өзіндік ою - өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алды. Пішу, үлгі алу және басқа материалдарға көшіріп әсемдеу жолдары дамыды. Кілемге, киімге, сырмаққа, ыдысқа, қару – жараққа, үй жиһаздарына ою түрлері қалыптасты. Олай болса, ою - өрнек, бүгінгі тіршілік өмірімізге бірден дайын күйде келмеген. Ою - өрнек адам баласының ақыл – ойларының толып – толқуымен, жүрегінің лүпілінен, өзін айнала қоршаған ортадан туған оброздар. Гүлдің, жапырақтың, жан – жануардың нақты бейнелері сол шын қалпында берілмей, көшірілмей, оброздар арқылы ою - өрнекке айналып, қолдану аясына ерекше мәнермен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бұл – халықтың білімінің, шеберлігінің өсіп, ою - өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, данышпандығы.

Қолөнер шеберлерін, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рухта тәрбиелеуде ою - өрнектің атқаратын рольі зор. Сұңғат және бейнелеу өнерінде, сондай-ақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарда ұлттық нақыш анықталып тұруы қажет. Сол ұлттық нақышты айқындап бейнелейтін өнер түрі – қазақтың ою - өрнегі. Қазіргі таңда қолөнер шеберлері өздерінің туындыларына ою - өрнекті ұтымды пайдалану үшін өрнектің жасалу принциптері мен техникасын үйренуде. Суретшілер мен сәулет өнерінің мамандары ою - өрнектің сырт пішінінен көшірме ретінде пайдаланып қана қоймай, оның мазмұнынан, аталуы мен шығу тарихынан хабардар болса, салған суретінде немесе жасаған бұйымдарында сол біліктілік ізі ұлттық нақышта айқын көрініп тұрады.

Қазақ халқының ою - өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең тараған саласы. Бұл – ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат силайтын, эстетикалық мәні өте зор өнер. Бүгінгі таңда қазақтың 230 – дай оюының ежелден келе жатқан атаулары бар.

Қолөнер шеберлері ертеден ою - өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған, бірінші топқа ою - өрнектің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар, екінші топқа жалпы ою - өрнек қолданатын бұйымдардың атаулары жатады. Ою - өрнекті теориялық жағынан негіздеу – этноменгвистикалық атауларды лексика семантикалық топтарға бөлуге қатысты нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Ою - өрнек тарихы, халық тарихымен жасырын келе жатқан төл мұрамыз екені белгілі. Қазақ тіл білімінде этноменгвистикалық саласын зерттеу кенжелеп келеді, ал ою - өрнек бұрын - соңды қолға алынып, арнайы зерттеу объектісі болмаған.

Бүгінгі таңда ою - өрнектің практикалық маңызы артып отыр. «Ою», «өрнек» сөздері бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластырау ою деп аталады. Ал киім – кешекке, түскиізге тағыда басқа қолөнер бұйымдарына кестелеп бедерлейтін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілітін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Өрнекті тасқа, ағашқа күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады.

Қазақ ою - өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме – дәлдігін сақтамай-ақ, көзбен мөлшерлеп қиып, ою - өрнектің тең пропорциясын жасай білген. Мұны білген мұра болып қалған көне ескерткіштерден айқын көруге болады. Оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады.

Қазақ қолөнерінде қолданылатын түстердің символдық мәні бар: көк түс – аспанның, қызыл – оттың, күн көзінің, ақ түс – ақиқаттың, сары – ақыл, парасаттың, қайғы – мұңның, қара – жердің, жасыл – жастықтың, көктемнің, символы. Бұйымдағы ою - өрнек осы түстердің бірімен бейнелегенде ғана оған белгілі мән беріледі. Сырмақ сыруда қара мен ақ түсті пайдалану қалыптасқан, сол сияқты көк пен сары түстің, көк пен жасыл, қара мен ашық қызыл түстің қатар пайдаланылуы ғасырлар бойы дәстүрге айналған. Көбінесе түстер нақ ортадан бастап шетке қарай түрленеді. Сонда ортада қара, ақ, қазал, жасыл, сары, көк түс келеді. Бұл ұлт өрнегінде түстерді орналастырудың көне мәнері өрнек атауларын түгел қамтып, олардың әрқайсысына жеке атау беру мүмкін емес.

Қазақтың зергерлік өнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен көрші халықтар мәдениетінің өзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Үй кәсібіне негізделген ұлттық қолөнердің басқа түрлеріне қарағанда, зергерлік өнердің өзара жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. Қазақ зергерлері (зер – зар парсы тілінде алтын ұғымын білдіреді) көбіне жеке – дара жұмыс істеп, өз өнерінің қыр – сырын ұрпақтан – ұрпаққа үйретіп отырған. Олар алдын – ала арнайы дайындықтан өтетін, белгілі бір құрал – саймандарды ғана қолданатын. Зергерлердің соғатын заттарының түрлері өте көп болған. Оған әйелдердің әшекейлері, киім – кешекке тағатын түрі сәндік бұйымдары, ас – су жабдықтары, киіз үйдің ағаш сүйегіндегі ою - өрнек, жиһаздық заттар, ағаш ыдыс – аяқ, тері торсық, музыкалық аспаптар, қару – жарақтар, ат – тұрман әбзелдері және тағыда басқалар жатады. Бұларды әсемдеу үшін көбіне алтынды, әсіресе, күмісті молырақ қолданған. Зергерлер металлдың өзін ашу шеберлігін жете білген.

Әшекейлердің көптеген белгілеріне қарай әйелдердің жас мөлшерлері де айқындалатын болған жас қыздардың сырғалары мен жүзіктері түрі жағынан өте қарапайым жасалатын. Бойжете бастаған сайын қыздың зергерлік бұйымдарының да түрі мен тұрпаты әдемілене, әшекейлене түседі. Тұрмысқа шыққаннан кейін олардың әшекейлері бірте – бірте қарапайым тартады. Қазақта қыз баланының балаңдық белгісін немесе неке құрғандығын аңғартатын сәндік белгілер де кезігеді.

Әшекейлердің түрлі формаларының шолақ тұйықталуынан жергілікті айырмашылық нышаны білінеді. Зергерлік бұйымдарынан белгілі бір төңіректегі тұрғындардың эстетикалық талап – талғамына сай дәстүрлі жүйеге түскен, әдеттегі үлгіге арналған жергілікті стильдік белгілер де байқалады. Мұндай тұрақты, бір жердің өзіне тән мөл ерекшеліктері эстетикамен тығыз байланысты, әрі ол қалыпқа түскен көркемдік дәстүрдің негізінде туындаған.

Уақыт өткен сайын зергерлік бұйымдарындағы әшекейлердің танымдық – сенімдік сипаты көмескіленіп, бірыңғай сәндік бағыт алуы белең алған. Енді әшекейлерден эстетикалық және сән – салтанаттық белгілер ерекше мән ала бастайды. Дәстүрлі киімдер көркемдік сипаты тұрғысынан толық шешімін тауып, ал зергерлік бұйымдар әйелдер киім – кешегінің бөлінбес құрамды бөлігіне айналған: жасалуы, өрнектелуі, түзілімі тұрғысынан бірыңғай сипаттағы ұлттық зергерлік бұйымдардың шоғыры қалыптасты. Сәндік әшекейлері жиынтығының композициялық арақатынасы ғасырлар бойы түрлі өзгерістерге еніп, озық бейне,жүйелі қалыпқа түсті. әшекейлердің бейнелік тұрқына кейбір жергілікті қолтаңбалар өз әсерін тигізгенімен, жалпы алғанда оның құрамы бүкіл Қазақстан үшін негізінен бірдей.

Қазақтың сәндік әшекейлерін таңдап қарастыру халық шеберлерінің эстетикалық табысы мен суреткерлік жетістігі жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Әсерлілік қуаты мол, түрі мен өрнегінің айқын үйлесімімен ерекшеленетін қазақ әшекейлері бұрын – соңды өткен талантты зергерлердің айшықты мұрасы болып табылады әрі ұлттық мәдениеттің асыл қазынасы қосылады.



ІІ тарау. Композициялық бөлім

2.1 Шығармашылық жиынтықтағы ізденіс және жасалу негізі

Композиция — бүкіл элементтері өзара байланыста және үйлесімді бірлікте болатын тұтас шығарманың құрылымы

Форма материал мен декор киім композициясының негізгі элементтері болып табылады.

Киімнің құрылымы, өлшемі, конфигурациясының, массасы мен бет бедері, бетті сәндік.

Сәндік — конструкциялық және конструкциялық жүйелермен функциональдық — декоративтік элементтермен өңдеу мәнері оның формасын сипаттайды.

Киім дайындауға қолданылатын материалдар қасиеттері мен алу тәсілі жөнінен мейлінше алуан түрлі: маталар, трикотаж, былғары, мех, шілтер және т.б.

Әрбір материалдың тек өзіне ғана тән белгілі бір физикалық, механикалық, химиялық және геометриялық қасиеттері болады.

Олар оның мақсаты мен қолданылатын саласын анықтайды.

Костюм композициясы жан-жақты ұғымды қамтиды (латын сөзі «соmроzіtio» — шығару, құрастыру) басқа да өнер туындылары секілді костюм белгілі бір ережелерге сәйкес қолданылатын өзіне тән айқын әдістердің көмегімен тігіледі.

Суретші өзінің идеяларын дәнекер ретінде беретін материалдардың негізгі қасиеттеріне матаның беткі тығыздығы икемділігі, әдемілігі, қалыңдығы, түсі, жарқылдауы мен фактурасы жатады.

Композиция элементтерінің арасында да (форма материал, декор) заттың көзге көрінген бейнесі мен оның констукцияларының қоршаған орта мен адам арасында да болатын үйлесім сымбатты киімдер жобалаудағы негізгі шарттардың бірі.

Киімнің өте жақсы жобаланған композиция үйлесімді тұтас, өзінің бүкіл элементтері өзара байланысты, теңестірілген, сипаты жөнінен біртұтас болады.

Кез келген композиция үшін міндетті болып саналатын бірқатар қасиеттер де болады.

Композицияның үйлесімді тұтастығы іскер, заңдылықтарға сақтауға негізделген элементтерді қосымша бағындырудың нәтижесі болып табылады.

Композицияның екінші бір маңызды белгісі оның тектоникалығы болып табылады.

Тектоникалық — мұның өзі материалдық конструкциясы мен ұйымдастыруының жұмыс формасында көзге ақиқат түрінде бейнеленуі.

Композиция жасау жұмысы бұйымның жалпы және маусымдық мақсатына байланысты жобаланатын бұйымның конструкциясын бегілеуден басталады.

Үйлесімді композицияның маңызды қасиеті оның тепе-теңдігі болып табылады — костюмнің мұндай жағдайында барлық элементтер өзара теңестірілу болады. Композицияның тепе-теңдік композицияның негізгі массасын оның орталығына қатысты үлестіруге байланысты. Басты бөліктің немесе композициялық орталықтың бар-болуы композиция тұтастығының оның аяқталуының қажетті шарты.

Композиция тұтастығындағы басымдауы басты бөлік болып табылады. Композиядағы бөліктердің қосымша бағыныштылығы олардың қандайда бір белгілері немесе қасиеттері бойынша қол жеткізуде болады.

Костюм композициясы жан-жақты ұғымды қамтиды латын сөзі «сотроzіtiо» — шығару, құрастыру) басқа да өнер туындылары секілді костюм белгілі бір ережелерге сәйкес қолданылатын өзіне тән айқын мәнерлі құрал әдістердің көмегімен тігіледі.

Біз журналдардағы мақалаларды, сурет асты сөздерін оқи отырып «силуэт» (сұлба) сөзін жиі кездестіреміз. Ол — заттың сыртқы сұлбасы, көлеңкесі деген мағынада айтылатын француз сөзі. Костюм сұлбасын айналдыра қарағанда—ақ бұрынғы ғасырлардағы костюмдерден біздің ғасырымыздың өткен онжылдықтарындағы костюмдерді оңай ажыратамыз. Қазіргі заманғы костюмдер сияқты барлық өзіндік қайталанбас ерекшеліктеріне қарамастан оларды тікбұрыш трапециялы, үшбұрышты, сопақша тәрізді биіктігі мен көлеңденеңі адам сұлбасының пропорциясына жақын қарапайым геометриялық фигуралардың біріне жатқызуға болады. Сонымен қатар, мәселен, тік сұлба дегеніміз сызықтары мен бұрыштары тіп-тік кәдімгі тік төртбұрыш емес. Бұл жерде костюмге бір қарағанда адамда пайда болатын жалпы әсерді айтамыз.

Тіке сұлба өте-мөте кең тараған, ол етек жағына қарай аздап кеңейе түсіп, трапеция түріне келетін киімдер сияқты. Оны барлық жастағы және әр түрлі тұлғалы адамдарға ұсынуға болады.

Сопақша «толық» сұлбаны сән өте сирек ұсынады және ол дене стилінің табиғи пропорцияларына кереғар, көзге жағымсыз көрінетіндіктен, көп тұрақтамайды.

Сәндік сызықтар әдемілікке костюмнің аса маңызды бөліктерін сырт көзге баса көрсетуге арналған сызықтар сәндік сызықтар құрастыру сызықтарына тәуелді, көбіне олармен бірігіп кетеді.

Шикі сызықтар костюм киген тұлғаның сырттай тартымдылығын күшейтетін қасиетке ие. Мәселен бойлық тігістер тұлғаның толықтығын жасырып, елеусіздендіріп көрсетеді. Киімде пропорцияның маңызы өте зор.

Пропорция — костюм бөліктерінің өзара және адам тұлғасымен салыстырғандағы ара қатынасы. Салыстырмалы ұзындығы, кеңдігі, көкірекше мен белдемшенің, жеңінің, жағаның бас киімнің, ұсақ бөліктерінің көлемдері костюмдегі тұлғаны сырт көздің қабылдауына, оның денеге тура екендігін ойша бағалауына әсер етеді. Адам тұлғасының табиғи пропорциясына жақын арақатынас ең әдемі, жетілген «дұрыс» арақатынас болып есептеледі. Адамның төбесіне дейінгі биіктігі 8 рет, «бүктеледі» ал жақын сызығы тұлғаны шамамен 3:5 қатынасында екіге бөлінді.

Нақ осы жерде пропорция туралы сөз болғанда Ежелгі орыс және Көне Греция сәулет өнерінің мәңгі өлмес сұлулығын еске түсіргіміз келеді, бұлар бір-бірінен соншама ұқсамайды және сонымен бірге, өзінің үйлесімімен, пропорциялардың, сызықтардың әшекейлерінің керемет шешемі табиғатқа етене туыстысы өзара жақын. Костюм адаммен бірге үнемі ғимарат мекен жай қоршауында болады. Ал ғимарат, әрине қаладағы сәулет жерінің туындығы, кәдімгі табиғат аясында болады. Сондықтан әр түрлі дәуірлерде сәулет өнері мен костюм өз уақытының көркем стилін бейнелейді, ал халықтық костюм ол стильдердің ең бір жақсысын, неғұрлым жетілгенін, мәңгі жасайтын бойына сіңіріп, ғасырлар бойы сақтап келеді.

Костюм массасы, оның ауыр немесе жеңіл секілді болып көрінуі әр түрлі себептерге байланысты. Киімде сызықтар, қосымша бөліктер, бөлшектер, әшекейлер неғұрлым көп болған сайын тұлға соғұрлым зор болып көрінеді, ал артық ештеңе жоқ кезде туысынан ауыр тұлғаның өзі еркін, жеңіл болып көрінеді. Тігісі бірдей болғанмен тығыз, жылтыр, қоңырқай, бедерлі, түкті маталар жеңіл, ақшыл, жұқа, тегіс, жылтыр маталарға қарағанда адамды ірілендіріп көрсетеді.



2.2. Мата фактурасы мен түс гаммасын

таңдау негізі
Жібек маталар артикулінің бірінші цифры топтың нөміріне сәйкес келеді, яғни талшықтық құрамына: артикулдің екінші цифры шағын топтың нөміріне сәйкес келеді – матаның құрылымы мен қолданылуына. Сондықтан, жібек жіптерден тоқылған барлық маталардың артикульінің бірінші цифрі – 1, басқа талшықтармен қосылған жібек жіптерден тоқылған маталардікі – 2, жасанды жіптен тоқылған маталардікі – 3, басқа талшықтармен қосылған жасанды жіптерден тоқылған маталардікі – 4, синтетикалық жіптерден тоқылған маталардікі – 5, басқа талшықтармен қосылған синтетикалық жіптерден тоқылған маталардікі – 6, тағыда солай – солай. Креп маталары үшін артикульдің екінші цифрі – 1, тегіс тоқылған (полотналық, саржалық, атластық, айқаспалар) маталарынікі – 2, жаккард маталарынікі – 3, тағыда солай – солай. Артикульдің үшінші және одан кейінгі цифрі өзгеруі мүмкін. Олар маталардың шағын топ ішіндегі реттік нөмірі. Барлық жібек маталарының артикулі бес таңбалы болып келеді. Соңғы екі топ штапель маталарын қамтиды.

Жібек маталарының ассортиментінде өнебойы өзгерістер болып тұрады. Ассортиментті кеңейту иілгіш, көлемді және кескінді синтетикалық жіптерді пайдалану нәтижесінде болады. Олардың өзін, немесе таза жібек пен жасанды жібектерге қосып қолданылады. Ассортиментті кеңейтуүшін айқаспалардың күрделі түрлерін пайдаланып, жібек маталарды өңдеудің неше түрлі тәсілдерін пайдаланып (гофре, ойып, басып өрнектеу, жылумен өңдеу), іске асырамыз. Ассортиментті дамытудың негізгі бағыты: төсемдік беті жылтыр тығыз маталарды жасау; бетінің айырмашылығы өте айқын маталарды шығару, қатты ширатылған үлгілі жіптерді пайдаланып, жұқа селдір маталарды шығару; үзік сызықты немесе сетінеген сияқты маталарды шығару.

Сәнді көйлектік және көйлектін – костюмдік маталарды шығару үшін ацетатты немесе триацетатты талшықтан иірілген жіптер кең қолданылады, олардың жылтыр металл жіптермен қосылысы пайдаланылады; триацетатты талшығынан жасалған ауқымды жіптерді кескінді капрон жіптермен бірте ширатып та пайдаланады. Майда өрнекті, ірі өрнекті, айқаспамен тоқылған, жалаң қабат және көп қабатты, жатық боялған, баспалық суреті бар және ала тоқылған, тегіс және бедерлі құрылымды маталар шығару.

Табиғат көркемдігін сүю, сұлулығын сезіну, түрлі – түсті ажырата білу жеке аламның өз басына ғана байланысты болғанымен, жалпы қоғам үшін түр – түс жайындағы мәлімет өте қажет. Осыған орай басқа да табиғи құбылыстар сияқты, түр – түс табиғатының тым күрделілігіне байланысты онымен бүгінде физика, физиология, психология, химия, оптика, астрономия, метрология, өнертану, лингвистика т.б. талап жатқан ғылым салалары ішінде түр – түс табиғатын, арнайы зерттейтін ғылым саласы орыс тілінде «Цветоведение» деп аталады, осыған сәйкес қазақшалап түр – түстану ғылымы деп алуымызғы болады.

Табиғатты түр – түс әлемінен таныс болу, оны тұрмыс – тіршілігімізде атқаратын аса қажетті қызметін білу тағы бар. Табиғаттағы кеше алуан түр – түстері мен олардың ренктерін адам баласы екі түрлі жолмен танып, біле алады екен. Олардың бірі – ғылыми жолда, екіншісі халықтық дәстүр, тәжірібе түр – түс әлемін ғылыми жолмен тану, әрине, осы құбылысты зерттеуге қатысты ғылым салаларының дамуына байланыстыболса, дәстүрлік тану белгілі бір қауымның ұзақ дәуір бойындағы өмір тәжірибесіне сүйенеді, хронологиялық алып қарасақ, әрине, дәстүрлік тану ғылыми танудан бұрын тұруы керек.

Түр – түсті сезіну және қабылдау адамда пайда болатын сезімдерді зерттеу үшін негізгі психология ілімінде жататын көптеген құбылыстарды зерттеуге тура келеді. Мәселен, спектрдің тек қысқа толқындарынан тұратын жарық сәулесін көзінің ақауы жоқ адам көк түс ретінде көреді. Сол көк түсті сәуленің түсіп тұрған жазықтықты ықшамдау бөліп, оның айналасына көлемдірек етіп ашық жасыл сәулені түсірсек, жаңағы көк түстің реңі күлгін қызылға айналып кеткенін байқау қиын емес.

Түр – түстердің өзара салыстырмалы қарама – қарсылықта болуы (контраст) адам белгілі бір түр – түс бейнесін ұзақ уақыт қараған соң көзі үйреніп, басқа түсті затқа кенет бұрылғанда ол заттың түсін бірден анықтай алмайтындай халде болады. Себебі: көздің тор қабығында болатын жарық сезгіш анализатордың қызметіне байланысты. Біз қараңғы бөлмеден ашық күн астына шыққанда бірден жарыққа қарай алмай, көзіміздікөмгейлей береміз, тек біраз уақыттан кейін ғана көру қабілетіміз орнына келеді, керісінше жарықтан қараңғы үйге кіргенде де алғаш екі нәрсені бағдарлай алмай тіпті көрмей қаламыз.

Үйлесімділік. Адам өзін қоршаған табиғаттан ғасырлар бойы үйлесімділіктің неше алуан көріністерін байқап, оның әсемдік пен әдеміліктің көзі, бастау бұлағы екенін ұққан, әсіресе табиғаттағы түр – түс үйлесімділігі ғажайып әсерімен адам баласын таңғалдырып, оның мінез – құлқына, әдет – ғұрпына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Біз әсемдік пен әдемілікті әр кезде гүлге, жастық пен балалықтың белгісін көктемнің жасыл шөбі мен көк шыбыққа теңейміз.

Түр – түстің айырмашылығы және атауы. Түр – түс айырмашылығы деген ұғым осы сияқты бірнеше топшылау жасауға өзінің дүдәмалдығымен себепші. Жалпы түр – түстің айырмашылығын анықтаудың бірнеше түрлі әдісі бар: фотометриялық, салыстырмалы, бірізді уақытпен анықтау және есте сақтау.

Түр – түс айырмашылығының тәсілдері олардың таулармен тығыз байланысты. Түр – түсті бір – біріне жақын екі әдіспен анықтауға болады.

Бірінші әдіс – түр – түсті абсолютті негізде, яғни тек тікелей түр – түсті сезіну нәтижесі арқылы сипаттау.

Екінші әдіс – екі түстің арасындағы айырмашылық немесе қанықтығы, реңі және жарықтығының өзгеруі шамасына байланысты сипаттау.

Түр – түс гаммасы. Бұл да жартылай калька жолымен жасалған термин оның екінші сыңары – гамма /грек сөзі/ белгілі бір тәртіппен орналасқан түр – түстердің сәйкестігі үйлесімділігі деген ұғым береді. «Түр – түс гаммасы» деген түрлі – түстердің ренктердің қалай болса солай емес біріне – бірі жақын, бірінен – бірі туындайтын бірізділікпен орналасуын білдіреміз.

Астарлық маталардың ассортиментінде атластық айқаспамен вискоза, ацетатты, вискоза – ацетатты жіптерден тоқылған маталар кептеп шығарылуда. Оларға қоса майда өрнекті, әр түрлі ірі өрнекті айқаспамен тоқылған маталар да шығарылуда

Плащтық матаның ассортименті баспалық суретті, полатнолық айқаспамен резіңкеленіп тоқылған маталардан толықтырылуда. Оларға лавсан – вискоза немесе вискоза – капронды аралас штапель жіптері пайдаланылады. Таза вискоза және триацетатты – вискозды, триацетатты – вискоза – капронды аралас жіптерден штапель маталарын шығару кеңеюде.

2.3. Таңдалған моделдің техникалық эскизі мен сырт көрінісін

суреттеу

Бұл таңдалған модель мектеп бітіруші жас түлектерге арналады.

Бұл киім негізінде екі бөліктен тұрады. Жоғары бөлігі қымтыма арқылы бір-бірімен қосылып тігілген. Ал төменгі бөлгі екі етектен және астарлық етекті қосқанда үш бөліктен құралған. Астарлық етегі көйлекті көтеріп тұру үшін қолданылған. Ортаңғы етегі қысқалау ал төменгі бөліктегі үстіңгі етегі ұзын. Жұқа арганзеден тұрады. Ал алдыңғы бел және артқы бел сызықтарында роза гүлдерімен безендірілді. Көйлектің түсі — сирен түсті. Бұл түс қазіргі жастар ұната киетін түс болып есептеледі. Көйлектің төменгі бөлігінің үстіңгі етегі желіммен қосылып тігілген. Бұл көйлектің көркін аша түседі. Бұл көйлектің артқы көрінісі мойнына артқы бөлігін бау арқылы біріктірілген. Бұл көйлектің артқы бойы сырма арқылы біріктірілген. Бұның сырт көрінісі өте әдемі көрінеді. Ал шашына роза гүлдер арқылы безендірген. Көйлектің әр тігісі әр түрлі тігістермен тігілген және де жіптерінің өзі көйлекке өте сәйкес келеді.


ІІІ тарау. Конструкциялық бөлім.

3.1.2. сызбаны салуға алғашқы берілгенді таңдау және негіздеу

1 – кесте



Өлшем атауы

Шартты белгі



ГОСТ – қа сәйкес реттік нөмірі

Өлшем бірлігі

(шамасы)


1

2

3

4

5

1.

Бойы

Р

1

-

2.

Мойынның жарты орамы

Сш

13

21

3.

Кеуденің үшінші жартылай орамы

Сг 3

16

43,7

4.

Белдің жартылай орамы

Cm

18

37,8

5.

Бөксенің жартылай орамы

Сб

19

47

6.

Иық орамы

Oп

28

28

7.

Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы

Дтп

36

46

8.

Қолтық ойындысының ұзындығы

Впрз

39

24

9.

Арқа бойының белге дейінгі ұзындығы

Дтс

40

49

10.

Қиғаш иықтың биіктігі

Впк

41

47,6

11.

Кеуде ені

Шг

45

19

12.

Арқа ені

Шс

47

18

13.

Қиғаш иықтың биіктігі

Впкс

72

47,6

14.

Жең ұзындығы

Др

-

68

15.

Білектің орамы

Озап

24

25

16.

Иық иінінің кеңдігі

Шп

31

17

17.

Бұйымның белден төмен қарай есептегендегі ұзындығы

Дсп

49

118



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет