13
§
5. Тіл дыбыстары және олардың түрлері
Тілдердің барлығында да тіл дыбыстары дауыстылар және дауыссыздар
болып екі топқа бөлінеді.Тіл дыбыстарын бұлайша
топтастыруға негіз
болатын жалпылама ортақ белгі , әдетте, олардың буын құрау қызметі. Буын
құрау тұрғысынан алғанда, дауыстылар буын жасай алатын негізгі, ұйтқы,
басты тұлға ретінде, ал дауыссыздар өздігінен буын жасай алмайтын ,
дауыстылардың жетегіндегі көмекші элементтер ретінде ғана қаралады.
Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастырғанда, олардың
акустикалық және физиологиялық жақтары да ескеріледі.
Акустикалық тұрғыдан қарағанда, дауыстылар мен дауыссыздарды бір-
бірінен ажырату музыкальді үн мен салдырға негізделеді. Дауыстыларда үн
басым да, дауыссыздарда салдыр басым.
Физиологиялық (артикуляциялық)
тұрғыдан алып қарағанда, дауыстылар-
ды айту үстінде фонациялық ауа ( сөйлеп тұрғанда шыққан ауа) :
1) кедергіге ұшырамай, тосқауылсыз, еркін шығады; 2) дыбыстау мүшелеріне
күш түспейді, олардың қалпы
бірқалыпты болады; 3) фоноциялық ауа баяу
(лепсіз) шығады;
Ал дауыссыздарды айтқанда, фонациялық ауа: 1) кедергіге
ұшырап, тосқауылмен айтылады; 2) тосқауылдан өту кезінде
дыбыстау
мүшелеріне күш түседі; 3) фонациялық ауаның шығу қарқыны күштірек
болады.
Дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажыратуға негіз болатын
басты белгілер - осылар.
Достарыңызбен бөлісу: