15-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, әрбір сөздегі қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды теріп топ-
тобымен кестеге түсіріп жазыңдар. Бірнеше рет қайталанып келген дыбыстарды бір-ақ рет
алыңдар.
Шоқпардай кекілі бар, қамыс қүлақ.
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ.
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Теке мұрын, салпы ерін, үзын тісті,
Қабырғалы, жоталы, болса күшті.
Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті.
Шідерлігі жуандау бота тірсек,
Бейне жел, тынышты, екпінді мініп жүрсек.
Екі көзін төңкеріп, қабырғалап,
Белдеуде тыныш тұрса, байлаи көрсек. (А. Қ.)
§ 9 . Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
Дауысты дыбыстар сияқты дауыссыз дыбыстардың да қолданылуы
бірдей емес. Дауыссыз дыбыстардың көпшілігі барлық буындарда талғаусыз
қолданыла береді де, бірқатары тек белгілі сөздерде, белгілі позицияда ғана
қолданылады. Сөйтіп, дауыссыз дыбыстар әріптерінің де қолданылу емлесі
болады. ;
1. з, ц, к, л, м, н, п, р, с, т, ш дауыссыз дыбыстарының әріптері қазақтың
байырғы сөздерінде де, өзге тілдерден енген сөздерде де барлық буындарда
(сөздің басында, ортасында, аяғында) жазыла береді: заң, қазақ, қағаз,
момын, мал, ласта, тап, нар, көйлек, шал, секер, рас, шам, сат, нан.
2. ж, ғ әріптері қазақтың байырғы сөздерінде сөз аяғында қолданыл-
майды. Тек ж әрпі ғана мұқтаж, лаж сияқты сөздерде сөз аяғында келеді.
3. ң әрпі қазақтың байырғы сөздерінде сөздің ортасында, аяғында ғана
жазылады да, сөз басында қолданылмайды: оң, таң, жаңа, аң, сең, шаңғы,
тұңғыш, сенің.
4. в, ф, ч, ц, щ әріптері қазақтың байырғы сөздерінде қолданылмайды, ал
орыс тілі арқылы енген терминдік сөздерде барлық буындарда да қолданыла
береді: авиация, автор, дифтонг, диспетчер, завод, инспекция, концерт,
фотография, мотоцикл, ведомость, взвод, актив, щётка, чемпион, цирк, чек,
цифр, философ, революция.
щ әрпі қазақтың ащы, тұщы, кеще деген байырғы сөздерінде ғана
жазылады да, ашшы, қашшы, шашшы сияқты сөздерде щ әрпі жазылмайды.
Ол сөздер морфологиялық принцип бойынша аш, қаш, шаш деген түбір
тұлғасы мен - шы жұрнағының тұлғасы сақталып жазылады.
5. б, в, г, д дыбыстары қазақтың байырғы сөздерінде сөз аяғында қолда-
нылмайды. Бұл дыбыстар сөз аяғында орыс тілі арқылы енген термин сөздер-
де ғана қолданылады: актив, пассив, эпизод, штаб, клуб, каталог, педагог.
Бұл дыбыстар орыс тілінде де, қазақ тілінде де айтылуда сөз аяғында
қатаңға айналып п, ф, к, т болып естіледі. Сондықтан б, в, г, д дыбыстарына
аяқталған терминдік сөздерге қосымша қатаң дауыссыз дыбыстардан баста-
лып жазылады: эпизодта, штабқа, клубтан, педагогқа, каталогтан, активте.
6. х әрпі мынадай орындарда қолданылады:
а) орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген терминдік сөздерде жазы-
лады: хлор, хирургия, технолог, крахмал, архитектура.
ә) хат, хан, хабар, халық сияқты жалпы есімдер мен Хамит, Ахмет сияқты
кейбір кісі аттарында жазылады.
7. ь, ъ әріптері — ешқандай дыбыстың таңбасы емес, кейде қатар айтыл-
ған дауыссыз дыбыс пен дауысты дыбыстың арасын бөліп, ажыратып айту
үшін, кейде орыс тііндегі дауыссыз дыбыстардың жіңішкелігін білдіру үшін
23
алынған шартты таңбалар. Бұл әріптер орыс тілінен енген сөздерде ғана
қолданылады.
ъ әрпі, дауыссыз дыбыс пен кейбір дауысты дыбысты ажырататын белгі
ретінде, сөз ішінде ғана жазылады: разъезд, подъсзд, адъютант.
ь әрпі әрі дауыссыз дыбыс пен кейбір дауысты дыбысты ажырататын, әрі
дауыссыз дыбыстың жіңішкелігін көрсететін белгі ретінде қолданылады:
почтальон, семья, бандероль, ноль, роль, компьютер.
ь әрпі сөз аяғында жіңішкелік белгі ретінде келгенде, ол сөзге дауыс-
сыз дыбыстан басталған қосымша жалғанса, сақталып жазылады. Мысалы:
секретарьға, октябрьде, автомобильмен т. т. Ал дауысты дыбыстан
басталатын қосымша жалғанса, жіқішкелік белгісі түсіріліп жазылады: партия
ұйымынық секретары, машинаның рулі.
8. нд, мп, кт, мб, ск, кс, фт дыбыстарының тізбегіне аяқталған термин-
дер түбір күйінде ешқандай өзгеріссіз жазыл да, оларға дауыссыз дыбыстан
басталған қосымша жалғанғанда: түбір мен қосымшаның аралығына дәнекер
ретінде қысаң ы немесе і дыбыстарының бірі жазылады: фонд — фонд-\-ы +
шрифт — шрифт-\-і-\-ге, штамп — штамп + ы + лау; факт+і-ге; митинг —
митинг-\-і + ге, митинг + і+-ден; объект— объек-т і + ні, объект+і+ге;
ромб — ромб-\-ы + ның, ромб-\-ы-\-ға; киоск — киоск + і-\-ге, киоск + і + лер;
9. Қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен термин дер түбір күйінде
ешбір өзгеріссіз жазылады да, оларға қос ымша жалғанғанда, қосарлы
дауыссыз дыбыстардың соңғысы түсіп қалып отырады: прогресс —прогрес
+тік; класс-клас-қа\ клас +тар, металл — метал +дар, метал +дың; грамм-
грам-\-нан; киловатт —киловат -\-ты.
Бұл қос дыбыстарға біткен сөз жалқы есім болса, онда қос дыбыс қосымша
қосылғанда да түсірілмей жазылады: Дон басс — Донбассқа.
10. ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен термин сөздер түбір күйінде
ешбір өзгеріссіз бастапқы қалпында жазылады да, оларға қосымша
жалғанғанда, соңғы т, ть, д әріптері түсіріліп жазылады: трест+-трес +ке,
трес +-тен, трес +і+не; комму нист—коммунис+ке, коммунис -\-тік;
ведомость —ведо мос+қа, ведомос-\-ты; поезд — поез-\-дан; съезд —съез-і
Достарыңызбен бөлісу: |