Дауысты дыбыстар қазақ тілінде сөз ішінде
дауыссыз дыбыстармен
араласып айтылады да дауыссыз дыбыстарды бір-бірінен ажыратып, сөз
кұрауда үлкен орын алады. Мысалы,
терезе, балалық, тарақ, күрек деген
сөздердегі дауыссыз дыбыстардың арасын ажыратып, дыбысталуын айқындап
тұрған — дауысты дыбыстар. Дауысты дыбыстар айтылмаса,
трз, бллқ, трқ,
крк болып, дауыссыз дыбыстар бір-бірінен ажыратылмай, сөздің мағынасы
бұзылар еді. Әрине, бұдан сөз құрайтын тек
дауысты дыбыстар ғана деп
түсінуге болмайды. Дауыссыз дыбыстар айтылмаса, таза дауысты дыбыстар да
сөз құрай алмайды.
Дауысты
дыбыстардың сапасы да, тілдегі қолданылуы да бірдей емес. Әрбір
дауысты дыбыстың өзіне тән атқаратын қызметі бар. Сонымен байланысты
дауысты дыбыстарды белгілейтін әріптердің өздеріне тән емлесі бар.
1.
а, е, ы. і әріптері сөздің барлық буындарында жазыла береді. Мысалы:
ал,
ала; қала, балаларда; ел, еле; кереге; ыс, ыстық, іс, істік; білімді, кісілік.
2. ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазыла түрса да, мына
сияқты
жағдайларда сөздің соңғы буынында түсіп қалып отырады:
а) кейбір сөздерге тәуелдік
жалғауының қосымшасы жалғанса, түбірдің
соңғы буынындағы
ы, і әріптері түсіріліп жазылады:
халық-халқым, орын-
орның, көрік-көркі, бөрік-бөркі, дауыс-даусын, әріп-әрпі.
ә) бірқатар түбір
сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша
жалғанса, түбірдің соңғы буынындағы
ы, і әріптері түсіріліп жазылады:
ойын-
ойнау, орын-орна(ды), сарын-сарна-(ды), алты-алтау;
б)
ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге
-у жұрнағы жалғанса, түбірдің
соңындағы
ы, і әріптері түсіріліп жазылады: мысалы:
оқы —
оқу, таны —
тану, телі —
телу;
ы, і қысаң дауысты
дыбыстары сөз басында р, л әріптерінің алдында
көмескі естіліп, оны жазбағанда, сөздің лексикалық мағынасы бүзылмаса, ол
дыбыстардың әріптері жазылмайды:
рас (ырас емес),
рет (ірет емес),
рақат
(ырақат емес),
лай (ылай емес),
лас (ылас емес),
лақтыру (ылақтыру емес).
Достарыңызбен бөлісу: