Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет156/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

 
103-жаттығу.Мына сөйлемдерді көшіріп, сілтеу есімдіктеріне жалғанып тұрған қосымша-
ларды сызықша арқылы бөліп жазыңдар да, қосымшалардың қандай қосымша екендігін 
және сөздің түбірінде қандай өзгеріс болып тұрғанын айтыңдар. 
1.Абзал соны айтарын айтса да, отыра кеткен Сәулеге ойлы көзімен қарап 
қалды. (Ә.Ә) 2. Мені елдегі жабайы жігіттің бірі деп ойлайсыз, оныңыз қате. 
(Б. М-ұ) 3. – Со да сөз бе екен?- деді Шолома,-онда мектеп салынбайды деп 
отырсың ба? (С.М.) 4. -Осының қулығы мен тапқырлығы менде болсайшы ,-
деді ол ішінен, өзіне-өзі риза болмай қолын сілкіп қалды. (Х.Е.) 5. Өзге үйлер 
электр жарығын әлі пайдалана алмай отыр, мұның үйі қиыр шетте болса да, 
бір ығытын тауыпты. (Ғ.Сл) 6. Бұдан кейін балық алаңын түні бойы кезекте-
сіп күзететін болып алдық. (Ә.С.) 7.Шұбар осыны сезбей қалған жоқ. (М.Ә.) 8. 
Осыларға кеткен ақшаны мен жанымнан төлей алмаймын. О! Бұған нағыз 
маман болып шыққанда түсінесіңдер. (Ғ. Мүсір.) 9. Бұдан былай өте-мөте бір 
ерекше жағдай болмаса, кісілерді орнынан ауыстырудың қажеті жоқ. (Б.М-ұ.) 
10. Соған дейін көретініміз осы ма! (Ғ.М.) 
3.Сұрау есімдігі. Бір нәрсенің атын не оның түрі мен түсін, саны мен 
сапасын білу үшін қойылатын сұрақтарды белгілейтін сөздерді с ұ р а у
е с і м д і г і дейді. 
Олар мыналар: к і м ? н е ? қ а й ? қ а й с ы ? қ а н д а й? қ а н ш а?
н е ш е ? н е ш е у ? н е ш і н ш і ? қ а й д а ? қ а й д а н ? қ а л а й ? 
Сұрау қойылатын сөздердің морфологиялық тұлғасына қарай, сұрау 
есімдіктерінің бірқатары көптеліп, тәуелденіп, септеліп және жіктеліп 
тұлғалық жағынан құбылып отырады.  
Мысалы: 
 
К і м д е р? Н е л е р? 
К і м і м? Н е м? К і м д е р і м ? Н е л е р і м ? 
К і м і ң і з ? Н е ң і з ? К і м д е р і ң і з ? Н е л е р і ң і з ? 
К і м і ? Н е с і ? К і м д е р і ? Н е л е р і ? 
Қ а й с ы м ? Қ а й с ы ң ? Қ а й с ы с ы ?


179 
Н е ш е у і м і з ? Н е ш е у і ң ? Н е ш е у і ң і з ? 
Н е ш е у і ? Н е ш і н ш і м ? Н е ш і н ш і ң ?
Н е ш і н ш і с і ? Н е ш і н ш іл е р і м ? Н е ш і н ш і л е р і ң ?
Н е ш і н ш і л е р і ? болып тәуелденіп те айтылады. 
А. Кім? Не? Кімдер? Нелер? 
І. Кімнің? Ненің? Кімдердің? Нелердің? 
Б. Кімге? Неге? Кімдерге? Нелерге? 
Т. Кімді? Нені? Кімдерді? Нелерді? 
Ж. Кімде? Неде? Кімдерде? Нелерде? 
Ш Кімнен? Неден? Кімдерден? Нелерден? 
К. Кіммен? Немен? Кімдермен? Нелермен? 
болып септеліп те қолданылады. 
Мен кіммін? Біз кімбіз? Біздер кімдерміз? Сен кімсің? Сіз кімсіз?
Сендер кімсіңдер? Сіздер кімсіздер? Ол кім? Олар кімдер?  түрінде жіктік 
жалғаулары жалғанып та қолданылады. 
Сұрау есімдіктерінің кейбіреулері қосарланып та қолданылады. Мысалы:
Кім келді, Кім-кім келді деп те айтылады.Сұрау есімдіктердің кейде сөйлемде 
сұраулық мағынаны білдірмейтіндері де болады. Мысалы: Біздің өмір қандай 
тамаша!  
Ал шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерде сұрау есімдігі 
қатыстық мағына береді, яғни бағыныңқыда сұрау есімдігі қай тұлғада тұрса, 
басыңқыда сілтеу есімдігі сол тұлғада тұрады. Мысалы:  Сен нені айтсаң, мен 
соны айтамын. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет