ә) Көнеленген қосымшалар арқылы жасалған туынды үстеулер .
Тілдегі кейбір есім сөздері белгілі септік жалғау тұлғасында қолданыла
келе үстеу ретінде қалыптасып қалған . Мұндай үстеулерді ажыратып түбір
мен қосымшаға бөліп қарау дұрыс болмайды .Өйткені ол сөздің құрамын-
дағы қосымша қазір сол сөздің бөлінбейтін морфологиялық құрамына
айналған .Оған делел ондай үстеу сөздердің бір кездегі түбір толық есім
сөздерінше барлық септік жалғауларына қойылып септелмейді . Тек сол
септік жалғау тұлғаларына тұрақталып үстеу болып қалыптасқан түрі
көнеленген жалғаулар делінеді. Белгілі есім сөздермен үстеу болып
қалыптасатын (көнеленетін) барыс,жатыс,шығыс,көмектес септік жалғаулары
болып келеді .
Мысалы :
1) Б а р ы с с е п т і к ж а л ғ а у ы н ы ң к ө н е л е н у і н е н т у ғ а н
ү с т е у л е р : алға, артқа, үске, асқа, жатқа, басқа, бірге, кешке.
2) Ж а т ы с е п т і к ж а л ғ а у ы н ы ң к ө н е л е н у і н е н т у ғ а н ү
с т е у л е р : аррта, алда, үсте, күнде, жазда , қыста, түсте, жаңада,
баяғыда.т.б
3) Ш ы ғ ы с с е п т і к ж а л ғ а у ы н ы ң к ө н е л е н у і н е н т у ғ а н
ү с т е у л е р : шалқасынан, етбетінен, жүресінен, төтесінен, қырынан,
лажсыздан, тосыннан, кеңінен, тікесінен.т.б.
4) К ө м е к т е с с е п т і к ж а л ғ а у ы н ы ң к ө н е л е н у і н е н т у –
ғ а н ү с т е у л е р: жайымен, шынымен, ретімен, кезегімен, жөнімен т.б.
б) Күрделі туынды үстеулер . Екі не оданда көп сөздерді біріктіріп ,
қосарлап, кейде тіркестіріп қолдану арқылы да үстеулер жасалады .
Мысалы:
1) С ө з б і р і к т і р у а р қ ы л ы ж а с а л ғ а н ү с т е у л е р :бүгін,
биыл,танертең қыстыгүні, жаздыгүні, әлдеқашан, түнеугүні, бүрсігүні,
соғұрлым, әлдекімше,ендігәрі,әжептәуір .т.б
2) С ө з қ о с а р л а у а р қ ы л ы ж а с а л ғ а н ү с т е у л е р :
Бірте-бірте,ерте-ерте,күнде-күнде,әлсін-әлсін,қолма-қол,көзбе-көз, бетпе-
бет,ауызба-ауыз,жата-жастана,бет-бетімен,алды-алдына,үсті-үстіне,
бостан-босқа .
3) С ө з д е р д і ң т і р к е с і а р қ ы л ы ж а с а л ғ а н ү с т е у л е р :
229
Күні ертең, демнің арасында, таң ата, кеш бата, екі кештің арасында т.б.
4)С ө з - т і р к е с т е р і н і ң т ұ р а қ т а н у ы а р қ ы л ы ж а с а л ғ а
н ү с т е у л е р : аяқ астынан ,қаннен қаперсіз,қас пен көздің арасында , көзді
ашып жұмғанша ,ә дегенше ,құлан таза.
Достарыңызбен бөлісу: |