Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер



Pdf көрінісі
бет201/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

    Бұл бет үшін навигация:
  • Әдейі
Үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер 
Ү С Т Е У 
§ 
91. Үстеу туралы түсінік
Өзге сөз таптары сияқты морфологиялық өзгерістерге енбейтін, 
етістік сөздеріндегі іс ,қимыл,амалдың бейне-белгісін , күй -жайын және 
мезгілдік , мекендік, мөлшерлік белгілерін білдіретің сөз табы ү с т е у 
деп аталады . 
Үстеулер етістіктегі қимылдық процестің мезгілін, мекенін, жай-күйін , 
мөлшерін білдіреді де , қ а л а й ? қ а н ш а ? қ а ш а н ? қ а й д а ? қ а й д а 
н ? деген сұрақтардың біріне жауап болып тұрады. Мысалы : 
Қ а ш а н? - кеше , күндіз,баяғыда ,оқта-текте ; 
Қ а й д а? - төменде , жоғарыда, артта, аста ,әрмен , бермен; 
Қ а й д а н ? - алдан , әріден , жалма-жан , қолма-қол, бетпе-бет;
Қ а н ш а? - сонша ,талай, бірталай; 


Үстеулер , негізінде , етістік баяндауышпен немесе сөйлемдегі
етістіктен болған өзге мүшелермен байланысып, пысықтауыш болады. 
Мысалы:1).Әдейі  өз тілінде сұрайды да, артынан орысша айтады . 
(Ғ.Мүсір). 2) Мырқал дейтін ағаң  былтыр мен барғанда шахты бастығы еді.
Қазіргі бастық Сәуле де , ағаң орынбасар (Ә.Ә.) . 3) Ол бүгін күндегіден
ерекше боп соншалық жақындай түскен (М.Ә). 
Бұл сөйлемдердегі былтыр ,бүгін деген үстеулер қимылдың мезгілін 
білдіріп қ а ш а н? деген сұраққа жауап беріп , мезгіл пысықтауыш болып 
тұр . Әдейі орысша деген үстеулер қимыл,амалдың жай-күйін білдіріп қалай? 
деген сұраққа жауап беріп , сын-қимыл пысықтауыш болып тұр. Соншалық
деген үстеу сөзі жақындай түсу қимылының мөлшерін ,шамасын білдіріп
қаншалық? деген сұраққа жауап беріп ,сын-қимыл 
пысықтауыш болып тұр . 
Үстеулердің барлығы бірдей етістік сөзімен байланысты бола бермейді. 
Бірқатар үстеулер есім сөздерімен (сын есіммен ), үстеулердің өздерімен де
байланысты болып сындық белгілерді айқындап тұрады . Мысалы.Ол кісі –
Қарағандының қазір ең атақты адамы . (Ә:Ә). Әрине, сонша қадірлі
мұртты осынша былғап алғаныңызды өз оңтайсыздығыңыздан деуге 
болады .(Ғ.Мүсір) деген сөйлемдердегі ең ,сонша үстеулері атақты , қадірлі 
деген сын есім сөзінің сындық мағынасын күшейтіп, анықтауыш болып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет