Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет205/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Қандай сөз табын үстеу дейді ? 
2) Үстеулер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді ? 
3) Қандай үстеулер негізгі үстеулер деп аталады? 
4) Негізгі үстеулер сын есімнің қай шырайының жұрнағы арқылы түрлене 
алады ? 
5) Қандай үсеулер туынды үстеулер деп аталады ? 
6) Туынды үстеулер қандай жолдармен жасалады ? 
7) Қандай жұрнақтар есім сөздеріне жалғанып, туынды үстеу жасайды 

8) Үстеулердің біралуаны қандай көнеленген қосымшалар жалғану арқылы 
жасалған ? 
9) Күрделі үстеулер қандай жолдар арқылы жасалады ? 
 

132-жаттығу.Мына сөйлемдерді көшіріп ,үстеулердің астын сызыңдар Олардың 
құрылымы жағынан қандай үстеу екенін және қалай жасалғанын айтыңдар . 
1.
Сәтжан бірде тік жүріп ,бірде тасқа жабыса өрмелеп, жартастың 
кеудесіне таман келді.(С.Бег) 2) Иесіз қалған екі пулеметті қатар қойып алып,
екеуімен кезек-кезек ата бастады.(Ә.Ә) 3) Шу дегенде болатын тосырқаулық 
та,салқын сыпайыгершілікпен амандасу да бірте-бірте жойылды.(М.И.) 4) 
Сол күні кешке қарай қызметін бітіріп ,Жанна велосипедпен зырлатып келе 
жатты . 5) Қазір алдында жатқан өзеннің төменгі жағындағы ілгерілі –
кейінді орналасқан үш шоқының түбіне барды (Т.А.). 6) Жас ұшқыштың 
жауынгерлік жолы осылайша басталды. (С. Б.)
7). Осылай етіп алғаны ағат болған (М.Ә.) . 
 
§ 93. Үстеулердің мағыналық түрлері . 
Үстеулер тұлғасына қарай бірнеше топқа бөлінгені сияқты мағына-ларына
қарай да бірнеше топтарға бөлінеді . Үстеулердің сөйлем ішінде беретін 
мағыналары алуан түрлі бола тұрса да , оларды негізгі сегіз топқа бөлуге 
болады : 1) мезгіл үстеулері 2) мекен үстеулері 3) мөлшер үстеулері 4) сын-
қимыл (бейнелік) үстеулері 5) күшейту (ұлғайту) үстеулері 6) мақсат 
үстеулері 7) себеп-салдар үстеулері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет