полк командирлері, екі жақтан безілдеп қоя берді. (Т. А.) 2.
Сәтбала мен
Сатқын жайын мүлде естен шығаруға болмайды. (Ғ. Сл.)
Және, да, де, та, те жалғаулықтары бірыңғай мүшелерді де,
сөйлем мен
сөйлемді де байланыстырып тұра береді. Мысалы: 1.
Тәкежан және бұрын
болыс болган Шұбар, Ысқақпен бұл жаман емес екен. (М. Ә.) 2.
Бүлінгенді
жөндейтін де, арттағыны алға бастыратын да сен емессің. (М. Ә.)- Бірішиі
сөйлем-дегі және жалғаулығы бірыңғай бастауыштарды, екінші сөйлемдегі
қайталанып айтылған
де, да жалғаулығы да бірыңғай есімшеден болған
бастауыштарды байланыстырып тұр.
Ал Табанын көк жалаған етіктер
сырғанап, тайғанап жүрісті ауырлатып отырса да, жастар өзенге жетіп,
оны бойлап төмен қарай ұзап, сөйлесіп кетісті. (М. Ә.) Батальон командирі
кііикентай штабын ықшамдап бақса да, әр түрлі себеп, қызмет тауып біраз
жұрт осы маңды ықтап жүр. (Т. А.) деген құрмалас сөйлемдердегі
да
жалғаулығы құрмаласқа енген жай сөйлемдердің арасын байланыстырып тұр
және алдыңғы сөйлемнің мағынасына соңғы сөйлемнің мағынасы қарама-
қарсы екенін көрсетеді.
ә)
Қарсылықты жалғаулықтар. Олар мыналар:
бірақ, бірақ та,
дегенмен, сонда да, алай да, сөйтсе де. Бұлар құрмалас сөйлемге
енген жай
сөйлемдердің арасын байланыстырады да, бірінің мағынасына екіншісінің
мағынасы қарсы екенін көрсетіп тұрады. Мысалы: 1.
Екі жерде пулемет
дүрсілдеді, бірақ немістер жақындаған сайын, атыстың берекесі қаша
бастады. (Т. А.) 2.
Достыққа да, қастыққа да араласса, үй жыққандай
екпінмен араласатын Оспанның ісі, сонда да араз адамына дәл мұндай
жазаны жасаған кісі бұл өңірде болмаған. (М. Ә.) Бұл
сөйлемдердегі
бірақ,сонда да деген жалғаулықтар екі сөйлемнің арасын байланыстырып тұр.
б)
Талғаулықты жалғаулықтар. Олар мынлар:
я, яки, не, немесе, не
Достарыңызбен бөлісу: