сөздің белгілі септік жалғауларында тұруын талап ететін шылау сөздерді
с е п т е у л і к ш ы л а у л а р дейді.
Септеулік шылауларға мына сияқты сөздер жатады:
арқы-лы, туралы,
үшін, сайын, сияқты (секілді, сықылды), шақты, шамалы, жөнінде,
турасында, тарта, таман, жуық, қарай, дейін, (шейін), гөрі, соң, кейін, әрі,
бері, бұрын, басқа. т. б.
Бұл шылаулар өзінің алдындағы толық мағыналы сөздің
атау, барыс,
шығыс септік жалғауларының бірінде
келуін талап етіп тұрады, яғни сол
септік жалғауларындағы сөздермен тіркесіп қана айтылады.
а)
Туралы, тақырыпты, турасында, арқылы, шақты, шамалы, жөнінде,
үшін, сайын, сияқты шылаулары атау тұлғалы сөзден кейін ғана тұра алады.
Мысалы: 1.
Мен қашан бүкіл Қарағанды үшін азаптан, тыным таппа деп
едім? (Ә. Ә.) 2. Ибрагим Қүнанбаев сияқты кісіні айыптау керек болса,
қандай жаманшылық жаланың бәрінен де тартынатын емес. (М. Ә.) 3.
Со-
лар арқылы әр кеңсенің үлкенді-кішілі чиновниктеріне де осы күнде білікті,
көзтаныс арызшы болып алган. (М. Ә.) Бұл
сөйлемдердегі үшін, сияқты,
арқылы шылаулары өзінің алдындағы атау тұлғалы зат есімдермен ғана
тіркесе алады, өзге септік жалғауындағы сөзден кейін бұлар айтылмайды.
ә)
Тарта, таман, жуық, дейін, шейін шылаулары тек
барыс септік
жалғаулы сөзден кейін ғана тұра алады, екінші сөзбен айтқанда, өзінен
бұрынғы сөздің барыс жалғауында тұруын талап етеді. Мысалы: 1)
Қайтадан
құнанын жетектеп шұқырға қарай жүрді. (С. Б.) 2. Біз сайлау сағатына
Достарыңызбен бөлісу: