Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


бе? (М. Ә.) Бәсе, бүйтпесе Базекең бола ма?



Pdf көрінісі
бет224/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

бе? (М. Ә.) Бәсе, бүйтпесе Базекең бола ма? (М. Ә.) Сенің бізден кәрі 
болғаның ба? (С. М.) 
Кейде ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылаулары түбір сөз бен жіктік 
жалғауларының арасынан келіп, мы, мі, бы, бі, пы, пі түрінде де кездеседі. 
Сен немене, тоңып қалғанбысың? (Ғ. Мүсір.) Бұл қайсың, Болатпысың? 
Қім екенін білмеймісің? (С. М.) 
2. Сөйлемнің ішінде к і м ? н е? қ а ш а н ? қ а й д а ? қай- 
д а н ? қ а л а й ? сияқты сұрау есімдіктерінің бірі келу арқылы 
да сұраулы сөйлем жасалады: 
Жеңгейдің, кішкентайыңыздың күйі қалай? Апырау, не болды? (Ғ. М.) 
Мынау кім? Оқымасаң, қайдан білесің? 


247 
3. Сөйлемнің 
күрделі 
баяндауышының 
кұрамында 
шығар, 
болар сөздері және ғой, ше шылаулары келіп, сұраулық интона- 
циямен айтылу арқылы да сұраулы сөйлем жасалады: 
Мынау тіпті бір тұнған қараңғы ғой? Мынау осы жігіттің кескіні шығар 
(С. М.) Атым Қийырғали, өзіңнің атың ше(Ғ. Мүсір.) 
Сұраулы сөйлемдер, негізінде, қойылған сұраққа біреуден жауап алу үшін 
айтылады. Бірақ кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту мақсатымен 
айтылмай, бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен де айтылады. Ондай 
сөйлемдерде риторикалық сұрау мәні болады. Риторикалық сұраулы 
сөйлемдер көркем әдебиеттерде жиі кездеседі: 
Білсең сен, нағыз сұлу мүсін қайда? Күйі
ме бұлбұл құстың жасыл майда? Немесе 
таудан аққан күміс су ма? Бұраңдап 
сылдыр қаққан самал сайда. (С. С.) 
Ерекше көңіл-күйіне, психологиялық сезімге байланысты (қуану, 
ренжу, таңдану, аяу, бұйыру, кекету және т. б.) айтылған сөйлемдерді
л е п т і с ө й л е м дейді. 
Лепті сөйлем ерекше көтеріңкі дауыспен айтылады. Мысалы: Абайжан-ау, 
қайдағыны айтқыздың-ау! (М. Ә.) 
Тыңда, дала, Жамбылды! 
Тыңда, Қастек, Қаскелең! (Ж. Ж.) 
Қайдасың, балапаным, келші, жаным! (Т. Ж.) 
Лепті сөйлемнің баяндауыш тұлғасына байланысты мағынасы да әр түрлі 
болып отырады: 
а) Лепті сөйлемнің баяндауышы, көбіне, бұйрық райдың жекеше, көпше 
түрлерінде келеді де, ылғи тіке бұйрықты білдіреді. Мысалы: 
— Тәкежан, Каражан, сендер де тыңдаңдар! деп, үйдің ішін түгел елең 
еткізді. 
— Қой, шырағым, бүйтіп асқақтама! (М. Ә.) 
— Тоқтай тұрыңдар! 
-Немене? 
— Тоқта деген соң тоқта! (Ғ. М.) 
ә) Бұйрық райдан кейін -шы, -ші қосымшасы жалғанған 
етістік сөйлемнің баяндауышы болып келсе, тілек мағынасын 
береді. Мысалы: Отыршы, шырағым, шыныңды айтшы! Осындай 
жақсы пікірлерді дәлелдеп, қағазға түсіре берсеңдерші! (Ғ. М.) 
Барайын, тымағымды алып берші, Бүркітбай. (С. М.) 
б) 
Баяндауышы шартты райдың I, III жағында айтылып, одан кейін 
-шы,-ші 
қосымшасы 
жалғанса, 
лепті 
сөйлем 
өкініш 
түрінде айтылады. Мысалы: Қап, осы пікір кеше есіме келсеші! 
Осы курста мен де оқысамшы! 


в) 
Сөйлемнің баяндауышына не басқа бір мүшесіне ау, ақ, 
ай, ғой шылауларының бірі тіркесіп айтылса да, сөйлем лепті 
болып келеді. Мұндай лепті сөйлемдер таңдану, шаттану, күдік- 
тену, аяушылық мағынасында айтылады. Мысалы: 
— Машинаның да жүрдегі бар екен-ау! (Ғ. М.) 
— Япырай, мынауың да бір соны сөз болды-ау! 
— Алда бақыр, есіл ер-ай! — дейді. 
— Уа, мен күні бойы малдан келдім ғой. 
-Маған бүұл жайдың бәрін текке айтып отырған жоқсың ғой! (М. Ә.) 
-Он сегіз жылдың үйреткені осы ғой,-деп, сақылдап күлді Жанәбіл. (Т. А.) 
г) Сөйлемнің ішінде адамның ішкі сезімдерін білдіретін одағай сөздерінің 
бірі болса, сөйлем лепті болады да, қуаныш, реніш, шаттық сияқты көңіл-
күйін білдіреді. Мысалы: 
— Ойбай, Шоқыланы қара! (М. Ә.) 
— Япырай, иманым қасым болды-ау, Айжан! деді, үйге кіріп-шығып 
жүрген Ержан. 
— Астапыралла,— деді Ержан шошып кетіп,— айта көрме. жарықтығым. 
(С. М.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет