Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет25/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

 жұрнағы: алма, келме, айтпа, кетпе, жазба; 
б) есімдерге жалғанып теңеулік ұғым тудыратын –дай, -дей, -тай, 
 -тей  жұрнақтары: таудай, үйдей, аттай; 
в) етістіктің түбіріне жалғанып тілек, өтініш ұғымын тудыратын шы, 
 -ші жұрнағы: айтшы, келші, көрші, барсыншы, көмектесейінші. 
Орыс тілі сияқты екпіні тұрақсыз болып келетін тілдерде, яғни екпіннің
белгілі орны болмай, бір сөзде бір буында болса, екінші сөзде өзге буынға
ауысып отыратын тілдерде, кейде сөз мағынасын ажыратып тұратын бірден-
бір белгі екпін ған болады. Мысалы: замок (қорған), замок (құлып), мука 
(азап, бейнет), мука (ұн), коса (бұрым), коса (шалғы) т. б. 
Қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындау қызметін атқармайды. 
Өйткені қазақ тілінде екпін тұрақты болады да, бір сөзде бір буында болып, 
екінші сөзде өзге буынға ауысып  отырмай, үнемі сөздің соңғы буынына 
бекілген болады. Сөйте тұрса да, кейде -ма, -ме, -па, -пе,-ба, -бе болымсыз-
дық жұрнағы және -шы, -ші жұрнағы жалғанған етістік сөздердің және 
олармен тұлғалас есім сөздердің мағынасын ажыратуға себепші екпін болып 
келеді. Мысалы: кеспе — кеспе, жарма - жарма, баспа — баспа, көрме — 
көрме, жазба — жазба, көрші — көрші, қойшы — қойшы, басшы — басшы, 
асшы — асшы. 
Орыс тілінен енген, не орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген термин 
сөздерде екпін орыс тілінде қай буында болса, қазіргі қазақ тілінде де сол 
буында болады. Мысалы: фйзика, республика, кино, абажур, дйктор, машйна, 
комитёт, телефон, трактор, сйнтаксис. 
Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты, 
кейде сөйлемде бір сөзге айырықша назар аударылып айтылады.Сөйлемдегі 
айырықша назар аударылып айтылған сөзде о й е к п і н і болады да, ол сөз 
басқа сөздерге қарағанда ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін л о г и к а 
л ы қ е к п і н деп аталады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, 
логикалық екпін көбінесе баяндауыштың алдындағы сөзде болады. Мысалы: 
Болат қаладан кеше келді деген сөйлемде логикалық екпін кеше деген сөзде 
болса, Болат кеше қаладан келді деген сөйлемде –қаладан деген сөзде, ал 
Кеше қаладан Болат келді деген сөйлемде логикалық екпін Болат деген сөзге 
түсіп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет