Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


-тар, -тер, -дық, -дік, -қа, -ке, -тан, -тен, -пен



Pdf көрінісі
бет33/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

-тар, -тер, -дық, -дік, -қа, -ке, -тан, -тен, -пен. 
 
2. І л г е р і н д і ы қ п а л д ы ң ж а з у д а ( о р ф о г р а ф и я д а)
е с к е р і л м е й т і н т ү р і: 
а) түбір сөз қатаң ш дыбысына аяқталып, оған жалғанатын қосымша с 
дыбысынан басталса, айтылуда қосымшаның басындағы қатаң с дыбысы қатаң 
ш дыбысына айналып естіледі. Бірақ жазуда морфологиялық принцип 
бойынша қосымшаның морфологиялық тұлғасы сақталып с дыбысы 
жазылады, 
Ж а з ы л у ы А й т ы л у ы 
қаш-\-са қашша 
аш-\-са ашша 
ұш са ұшша 
шаш-\-сыз шашшыз 
ә) біріккен сөздің бірінші сыңары қатаң дауыссыз дыбысқа бітіп, екінші 
сыңары б дыбысынан басталса, айтылуда бірінші сөздің соңындағы қатаң 
дыбыстың әсерінен екінші сөздің басындағы ұяң б дыбысы қатаң п дыбысына 
айналып естіледі де, жазуда ол өзгеріс ескерілмей, әрбір сөздің бастапқы 
тұлғалары сақталып жазылады.
Ж а з ы л у ы А й т ы л у ы 
Жүсі п-\-бек Жүсіппек 
Кеңе с + бай Кеңеспай 
Қанат-\-бай Қанатпай 
б) біріккен сөздің бірінші сыңары не ұяң, не үнді дауыссыз дыбыс немесе 
дауысты дыбыс болып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталатын болса, 
екінші сыңарының басындағы қатаң дауыссыз дыбыс ұяңға айналып естіледі 
де, ол жазуда ескерілмей, әр сөздің бастапқы тұлғасы сақталып жазылады. 
Ж а з ы л у ы А й т ы л у ы 


Жиен + құл Жиеңғұл 
Көз-\-қарас көзғарас 
в) сөз тіркестерінің алдыңғы сөзі қатаң дауыссыз дыбысқа аяқталып, 
екінші сөзі ұяң дыбыстан басталса, алдыңғы қатаң дыбыстың әсерінен келесі 
сөздің басындағы ұяң дауыссыз дыбыс айтылуда қатаңға айналады. Бірақ 
жазуда ол өзгеріс ескерілмей, бастапқы түбірлері сақталып жазылады. 
Ж а з ы л у ы А й т ы л у ы 
Алып бар алып пар 
Тоқ бала тоқ пала 
Көк  бөрі көкпөрі 
г) сөз тіркестерінің алдыңғы сөзі дауысты дыбысқа не үнді, не ұяң 
дауыссыз дыбыстардың біріне аяқталып, келесі сөздің басқы дыбысы қатаң


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет