Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет26/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Тақырып бойынша сұрақта 
 


31 
1.Екпін деген не? 
2.Екпіннің қандай түрлері бар? Олардың айтылу ерекшеліктері қандай? 
3.Қазақ тіліндегі екпін қандай екпін деп аталады? 
4. Қазақ тілінде қандай қосымшалар екпін қабылдамайды? 
5. Ой екпіні деген қандай екпін? Ол ,көбінесе, қай сөзге түседі? 
 
І м о д у л ь т е с т е р і 
 
Тіл – қатынас құралы  
 
1.Тілдің қандай құбылыстардың қатарына жататынын көрсетіңіз
 
а) табиғат құбылыстарының; в) қоғамдық құбылыстардың
с) физикалық құбылыстардың; d) саяси құбылыстардың; е) физиологиялық 
құбылыстардың ; 
2. Тілдің сөздік құрамындағы басты нәрсе: 
а) тіл дыбыстары в) сөз с) сөз тіркестері d) сөздік қор е) сөздік құрам 
3. Тілдің негізгі қызметі: 
а) ойды жарыққа шығару қызметі в) қарым-қатынас жасау қызметі 
с) сезімді, эмоцияны білдіру қызметі; d) қоғамдық еңбекті ұйымдастыру
қызметі е) халық тарихының, шежіресінің, оның күллі рухани өмірінің
үні, сақталу формасы ретіндегі қызметі; 
4. Тіл ұлттық тіл деп танылу үшін сол тілді жасаушы халықтың бойынан
табылуға тиісті басты шарттар: 
а) тілдің тұтастығынан туындайтын психологиялық пішін тұтастығы
в) жердің, территорияның тұтастығынан туындайтын психологиялық
пішін тұтастығы; 
с) экономикалық тұрмыстың тұтастығынан туындайтын психологиялық
пішін тұтастығы; 
d) мәдениеттің тұтастығынан туындайтын психологиялық пішін
тұтастығы; 
е) осылардың барлығының тұтастығынан туындайтын психологиялық
пішін тұтастығы ; 
5) Дүниежүзілік ресми тілдер ретінде танылған тілдер: 
а) итальян, грек, испан, қытай, орыс, американ тілдері; 
в) араб, француз, испан, ағылшын, орыс, қытай тілдері; 
с) үнді, неміс, жапон, араб, испан, француз тілдері; 
d) латын, санскрит, славян, грек, парсы, араб тілдері; 
д) қытай, жапон, корей, монғол, бирма, үнді тілдері 
6) Тілдерді генеологиялық сұрыптау (квалификациялау) дегеніміз: 
а) құрылымы мен құрылысына қарай сұрыптау
в) туыстығы мен шығу тегіне қарай сұрыптау; 
с) қазіргі кездегі қолданылу ерекшелігі мен қажеттілігіне қарай
сұрыптау; 


d) дыбысталу ерекшеліктеріне қарай сұрыптау; 
е) Бір елдің аумағында қолданылу қажеттілігіне қарай қарай сұрыптау
7) Тілдерді типологиялық сұрыптау (квалификациялау) дегеніміз: 
а) құрылымы мен құрылысына қарай сұрыптау; 
в) туыстығы мен шығу тегіне қарай сұрыптау; 
с) қазіргі кездегі қолданылу ерекшелігі мен қажеттілігіне қарай
сұрыптау; 
d) дыбысталу ерекшеліктеріне қарай сұрыптау; 
е) Бір елдің аумағында қолданылу қажеттілігіне қарай қарай сұрыптау; 
8) Қазақ тілі құрылысы жағынан; 
а) полисинтетикалық тілдерге; в) флективті ( қопарылмалы) тілдерге; 
с) агглютинативті (жалғамалы) тілдерге; d) даралаушы тілдерге;
д) оморфты тілдерге жатады
9) Тілдің құрылымдық элементтері: 
а) дыбыс, морфема, сөз, сөйлем; 
в) түбір, жұрнақ, жалғау; с) дыбыс, әріп; d) дыбыс, буын, сөз;
е) сөз, сөйлем, сөйлеу; 
10) Қазақтың әдеби тілінің қалыптаса бастаған кезеңі: 
а) XVII ғасырдың басынан; в) XVII ғасырдың ІІ жартысынан;
с) XVIII ғасырдың басынан; d) XIX ғасырдың екінші жартысынан; 
д) XX ғасырдың басынан; 
11) Қазақ әдеби тілінің негізін қалаған көркем сөз шеберлері: 
а) Асан қайғы , Қазтуған; в) Бұқар жырау, Махамбет Өтемісұлы; 
с) А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарын; d) А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов; 
е) М.Әуезов, С.Мұқанов 
12) Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алған жыл: 
а) 1986 в) 1989 жыл с) 1992 жыл d) 1991 жыл е) 2001 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет