Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


мұны маған несіне айтып отырсың? (Ғ. Сл.)  160-жаттығу



Pdf көрінісі
бет253/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

мұны маған несіне айтып отырсың? (Ғ. Сл.) 
160-жаттығу. Мына сөздерді тура толықтауыш тұлғасында қолданып, сөйлем 
құрастырыңдар. 
Үлгі: Мен осы кітапты кеше сатып алдым. 
Үй, кітап, қағаз, Болат, сен, жалау, ат, өлең, журнал, баласы, өзі, ағаш. 
2.Жанама толықтауыш. Жанама толықтауыш сабақты етістіктің 
мағынасымен тікелей байланысты болмай, салт етістіктермен жанама түрде 
байланысады. Ол кітапты маған берді деген сөйлемді алсак, мүндағы берді 
деген етістік баяндауышпен тікелей байланысты кітапты деген сөз — тура 
толықтауыш. Ал маған деген барыс жалғаулы сөз етістік баяндауыштың 
қимылдық мағынасымен екінші сатыда тұрып, жанамалай байланысып түр. 
Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының бірінде келіп 
немесе туралы, таңырыпты, жөнінде, жайында деген шылаулардың 
біріне тіркесе айтылып, салт етістіктен болған мүше меңгеріліп тұратын 
толықтауышты ж а н а м а т о л ы қ т а у ы ш деп атайды. 
Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез. (А. Қ.) Ол бұған аулын 
тапқандай қуанды (Б. С.). Ол бізбен амандасып болмастан, иығындағы сум 
касын жерге тастай берді (Ә. Ә.) 4) Біз дәл жаңағы күлкіні көзімізбен 
көргендей болдық. (С. Ер.) 5. Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ («М. М.») 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Қандай мүшелер тұрлаусыз мүшелер деп аталады? 
2) Толықтауыш сөйлемде қандай қызмет атқарады? 
3) Толықтауыштар қандай сөз таптарынан жасалады? 
4) Тура толықтауыш деген не? 
5) Жанама толықтауыш деген не? 


161-жаттығуМына сөйлемдерді көшіріп жазып, тура толықтауыштың астын бір, жанама 
толықтауыштың астын екі сызыңдар. Олардың қандай сөз табынан, қандай тұлғада 
тұрғандығын, қай сөзді толықтайтындығын айтың-дар. 
1.Ахмет қонақтарын жазғы үйіне енгізді. (Ғ. М.) 3) Төлеп пен Дәмеш екеулеп 
жер баракты қазып жатыр. (С. Ер.) 4) Қазақтың тұңғыш театрының сахна-
сында Қалыбек алуан түрлі өнер көрсетті. (Қ. А.) 5. Мынаны өлсін деп аш 
бөріге тастаған. (М. Ә.) 6) Менің ол кезде сегізден тоғызға шыққан жылым. (Ғ. 
М.) 7) Жабай енді ең соңғы сөзін айтуға ыңғайланғанда, ақырын ғана жер 
үйдің есігі ашылды. ( Ғ. Мүсір.). 8) Шоқтеректегі ел бұл келіске сұмдықтай 
қарады ( М. Ә.). 9) Аман ойыншығын қапсыра құшақтап, оларға бермеді ( «Қ. 
П.») . 10) қызылдарға қосылуға аттанған топқа нағима ана жаралы қызыл 
әскер мен өз баласы Жапарды қосып берді ( Ғ. Мүсір.). 
 
ІІ. 1. Ащы мен тәттіні татқан білер. Алыс пен жақынды жортқан білер. Бір 
мінсең де жорға мін, бүлкілдесін бүйрегің ( Мақал ). 2. –Қателерің тілге 
байланысты, -деп, Мейрам енді жұбата сөйледі екеуіне, - орыс тілі-қиын тіл. 
Мектеп бітірген біз де қате жіберіп аламыз. Одан ұялмай, шағылмай үйрене 
беру керек (Ғ. М.). 3. Барар жолын,аңсар арманын, алысар тәсілін 
танытқанымыз жоқ. Орыс ойшылдары, ер, өжет ұлдары осы жолдарды тауып 
келеді (М. Ә. ). 4. Отыратын орындық та таппады, қазақша жерге де отыра 
алмады ( Ғ. М. ). 5. Абайдан ақыл мен ақындықты, Шоқаннан білім мен 
сүйіспеншілікті, Махамбеттен батырлық пен қайсарлықты үйрендің сен
( М. И. ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет