Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 115. Тура толықтауыш пен жанама толықтауыш



Pdf көрінісі
бет252/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 115. Тура толықтауыш пен жанама толықтауыш 
Толықтауыштар сөйлемдегі етістіктен болған мүшеге меңгеріліп, белгілі 
септік жалғауы тұлғасында қолданылып, өзін меңгеретін етістіктен болған 
мүшемен мағыналық жағынан тығыз байланысты болады. Байланысу түріне 
қарай толықтауыштар екі түрлі болады: 1) тура толықтауыш, 2) жанама 
толықтауыш. 
1. Тура толықтауыш. Тура толықтауыштар морфологиялық тұлғалық 
жағынан табыс септік жалғауында болып келеді де, өзін меңгеріп тұратын 
етістікке мағына жағынан кірігіп тұрады. Ондай толықтауыш сөйлемде 
айтылмаса, меңгеріп тұрған сабақты етістіктің мағынасы олқыланып, ой 
жеткілікті түрде тиянақталмайды. Мысалы, Ботакөз үйге от (ты) жақты (С. 
М.) деген сөйлемдегі от сөзі — тура толықтауыш. Оны сөйлемнен түсіріп, 
Ботагөз үйге жақты дейтін болсақ, от (ты) сезінің орны ойсырап тұрады, 
сөйлемнің мағынасына айтарлықтай олқылық келтіреді, өйткені табыс 
жалғаулы тура толықтауыш болатын сөздің мағынасы өзін меңгеріп тұрған 
сабақты етістіктің мағынасымен ұласып кірігіп жатады. 
Табыс септік жалғауы тұлғасында айтылып, сөйлемдегі сабақты 
етістіктен болған мүшеге меңгеріліп, к і м д і? н е н і? деген сұраққа 
жауап беріп тұратын толықтауышты т у р а т о л ы қ т а у ы ш  деп 
атайды. 
1) Аспандағы әрбір жұлдызды есепке алды. (Л. К.) 2) Жауды аяған 
жаралы болады. («М. М.») 3) Штурман бағытты баяндады. (Л. К.) 4) Ұзамай 
Антонов ауылды қайта шапты. (Ғ. Мүсір.) 5) Ол орысша хат танып қалған 
еді. (М. Ә.) 
Тура толықтауыш табыс септік жалғауының жасырын (жалғаусыз) түрінде 
де, ашық (жалғаулы) түрінде де қолданыла береді. 
Тура толықтауыш болатын табыс жалғаулы сөз жалпы затесім болып, өзін 
меңгеретін етістік сөзімен іргелес айтылса, табыс жалғауы қосымшасыз 
(жасырын) түрде колданылады. 
1) Ол балық аулады. 2) Мен хат жаздым. 3) Сен кітап оқыдың. 
Тура толыктауыш болатын табыс жалғаулы сөз төмендегідей жағдайларда 
ашық (жалғаулы) түрде қолданылады. 
1. Табыс жалғаулы тура толықтауыш өзін меңгеретін етістік сөзімен іргелес 
айтыла тұрса да, ол толықтауыштың алдында анықтауыш болса, табыс 
жалғаулы сөз ашық (жалғаулы) түрде қолданылады. 
1Мен бұл кітапты оқыдым. 2) Біз осы малды бақтық. 3) Ақылиманың 
қолындағы хатты алды. (Ғ. Мүсір.) 


277 
2. Тура толықтауыш болатын табыс жалғаулы сөз жалпы зат есім болып
оны меңгеретін сабақты етістікпен екі арада басқа сөз болса, табыс жалғаулы 
сөз әр уақытта да ашық (жалғаулы) түрде қолданылады. 
1) Өлеңді мен жазбаймын ермек үшін. (А. К,.) 2) Кітапты сен оқыдың. 3) 
Шыбықты ат қылып мінген балалар темір дөңгелектен арба жасап 
жүгіртіп жүр (Ғ. М.) 
3. Тура толықтауыш қызметінде мынадай сөздер әр уақытта жалғаулы 
болады:
а) тәуелдік жалғауындағы есімдер, ә) жіктік, өздік және сілтеу есімдік 
сөздері, б) сын есім мен есімшелер. 
1) Мен сабағымды оқыдым. 2) Ол кинода Болатты көрді. 3) Онысын өзім 
де біліп тұрмын ғой. (С. М.) 4) Мені жауырын деп тұрмысың? 5) Сіздің бір 
тілегіңізді орындай алсам, мен өзімді бақытты деп санаймын. (С. М.) 6) Ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет