Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет258/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 118. Пысықтауыш 


Пысықтауыш сөйлемдегі етістік баяндауыштың және етістіктен болған 
өзге мүшелердің қимылдық сапасын, белгісін көрсету үшін қолданылады. 
Пысықтауыштың синтаксистік қызметі жағынан анықтауышқа ұқсас 
қасиеттері де, анықтауыштан ерекше белгілері де бар. Оның анықтауышқа 
ұқсастығы — сөйлемдегі басқа бір сөздің бір сапасын, ерекше қасиеттерін 
білдіруі. Ерекшелігі — анықтауыш есім сөздермен байланысты болып, оларды 
анықтап тұратын болса, пысықтауыш етістік сөздерімен байланысты болып
қимылдық әрекеттерді пысықтап тұрады. Мысалы, Қысқа жіп күрмеуге 
келмейді дегенде қысқа анықтауыш болса, Ол жиналыста қысқа сөйледі 
дегендегі қысқа — пысықтауыш. Өйткені біріншіде қ а н д а й жіп? деген 
сұраққа жауап беріп, зат есім сөзінің белгісін керсетсе, екіншіде
қ а л а й сөйледі? деген сұраққа жауап беріп, етістіктің қимылдық белгісін 
көрсетіп тұр. 
Сөйлемде етістіктен болған мүшемен байланысты болып, етістік 
мағынасындағы қимылдық процестің амалын, мезгілін, мекенін, 
мақсатын, мөлшерін, себеп-салдарын білдіретін тұрлаусыз мүшені
 п ы с ы қ т а у ы ш дейді. 
Пысықтауыштар қ а л а й ? қ а й т і п ? қ а ш а н ? қ а й д а ? (қ а л а й қ 
а р а й ? ) қ а й д а н ? қ а н ш а ? н е с е б е п т і ? н е л і к т е н ? к і м ү ш і 
н ? н е ү ш і н ? н е м а қ с а т п е н ? қ а н ш а у а қ ы т ? н е ш е р е т? н е
с а й ы н ? н е а р қ ы л ы ? деген сұрақтардың біріне жауап болады. 
1.Лавада жұмыс қызу жүріп жатыр. 2) Қызған сайын жұмысшылар да 
түндей түнерген забойды күнше күркіретіп жіберді. (Ә. Ә.) 3) Жау кейін 
шегінді. 4) Біз ілгері бастық. (Ғ. Мүсір.) 5) Қарағандыға Лизалардың тойына 
әдейілеп академик келді. (С. Ер.) 6) Лаврецкий қысты Москвада өткізді. (И. 
С. Тур.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   254   255   256   257   258   259   260   261   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет