Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет257/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

екі гранат пен бір наган, наганымда алты оқ бар (Ә. Ә. ). 


281 
Кейде заттық ұғымдағы сандар (жинақтау сан есімдері) ілік жалғауда тұрып 
анықтауыш болады: Үшеуінің де ойлағаны — институтты бітіру. 
6. Есімшелер атау тұлғада тұрып, зат есім сөзімен қабыса байланысып 
және ілік жалғауы тұлғасында келіп, сөйлемнің анықтауышы болады. 
1) Балтабек үйі мен жәмшік тоқтайтын Андрей Кулаков үйінің арасында 
текшеленген тастардан табиғаттың өзі жасаған қорған бар еді. (С. М.) 2) 
Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. 3) Оқығанның беті жарық, 
оқымағанның беті көн-шарық. («М. М»). 
7. Тұйық райлы етістіктер ілік септік жалғауы тұлғасында қолданылып, 
сөйлемде анықтауыш болады.
1) Пленум қаулысында жұмысшылардың еңбек жағдайын онан әрі 
жеңілдете берудің, еңбек қорғау заңдарын мүлтіксіз орындап отырудың 
орасан зор маңызы бар іс екені атап көрсетілді. («С. Қ.») 2) Өндірісті ілгері 
дамытудың, еңбекті үйымдастырудың, еңбек өнімділігін арттырудың, 
жүмысшыларға еңбек және мәдени-тұрмыстық жағдай жасаудың келелі 
мәселелерін кең қамтитын ұжымдық шараларды кезінде жасап, онда 
көрсетілген міндеттеменің сөзсіз орындалуын қамтамасыз ету шаруашылық 
және кәсіпорын басшыларынан талап етілді. («С. Қ.») 
 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Анықтауыш сөйлемде қандай қызмет атқарады? 
2) Сапалық анықтауыш деген не? 
3) Қатыстық анықтауыш деген не? 
4) Анықтауыштар қандай сөз таптарынан жасалады? 
163-жаттығуМәтінді көшіріп жазып, анықтауыштардын астын сызыңдар да, олардың 
қандай сөз табынан жасалып тұрғандығын айтып беріндер. 
I. 1) Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі, сүйіктісі- 
мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, 
кең, ақ маңдайлы, нұрлы жігіт. 2 Үстінде қара мақпал, кең , жеңіл шапаны бар 
(М.Ә.). 3. Уығын ат үстінен шаншатын он екі қанат үлкен үй – бұл 
отырғандардың да көрмеген үйі ( Ғ. М.).
II. 1) Осы ақымақ күлкісінен өзі де опық жеген болатын. (Лев. Т.) 2) Леночка 
балалық табынғыш жүзбен әншіге қарады. (И. С. Тур.) 3) Оқжетпестің найза 
денесі Ботакөзге түрлі түсті жібек лента араластыра өрген қыздың тұлымына 
ұқсап кетті. 4) Күнге шағылысқан күміс күмбездей төрт ақ үй Асқардың көзіне 
алыстан шалынды. (С. М.) 5) Жаңа жыл күн көзін жарқ еткізіп бақыттың 
байтақ Отанына қарады. (Қ. А.) 6) Мұның әніндегі ең әсерлі жаңалық — сөзі. 
(М. Ә.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет