Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет262/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Кешеден бері қыз жанының қытығына тиіп, ойға шомдырып жүрген де осы 
хат. (М. И.) 4) Кешке таман қойға қасқыр шапты. («Л. ж.») 5) Ауыл 
адамдары мініс аттарын түнге қарай өзен бойына қоя береді. (Б. С.) 6) 
Теңізде кеменің орнын радио арқылы да дәл білуге болады. 
164-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, ондағы пысықтауыштардың астын сызып, 
олардың қай сөз табынан жасалып тұрғандығын айтып бе-ріңдер. 
1)Кенет салдырлаған арба, машина дауыстары да құлаққа шалынды. (Т. А.) 
2) Даусы дірілдеп шықса да, қатты шықты. (Ә. Ә.) 3) Қарт қолқасын екеуі осы 
арада тыңдамақ. (Ғ. Сл.) 4) Ебімен емес, еңбегі арқылы жүртқа әйгілі болып 
жүрген Бүлдіргенді көрген соң оның көңілі көтеріліп, даусы да көтеріңкі 
шықты. (Ә. Ә.) 5) Абай Әбдіні бар ынтасымен түсінгендей, оның отты тілді 
кескініне сүйсініп қарап қалды. (М. Ә.) 6) Ол күні кешке Асқар Булатовты 
күтті. (С. М.) 7) Шербаковтан шыққан соң Мейрам тура обкомға тартты. (Ғ. 
М.) 8) Мұхит төрге шықты. (Ғ. Сл.) 9) Бұлардың қазақша сөзіне топталған 
көптен екі адам қазақша жауап қайырды. (С. М.) 10) Қарқын дегенде бұлар 


285 
капитал дүниесін айқын көріп отыр. (Ғ. М.) 11) Бүгінгі кештің сырын көңілді 
сәтте ашқысы келіп отырған Калует бар жайды енді баяндады. (Ғ. Сл.) 12) 
Майданға кеткелі бес жыл болған жалғыз ұлы Қасымнан екі жылдан бері 
хабар жоқты. (Ғ. Мүсір.) 13) Сәтжан ауылға жеткенше асығып келеді. (С. Бег.)
 
ПЫСЫҚТАУЫШТЫҢ ТҮРЛЕРІ 
Пысықтауыштар етістік баяндауышпен және етістіктен болған өзге 
мүшелермен байланысты болып, етістіктегі қимылдық процесті түрлі жағынан 
пысықтап тұрады. Пысықтауыш және онымен байланысты етістіктен болған 
мүшелердің арасындағы мағыналық қарым-қатынастардың түріне қарай 
пысықтауыштар мына сияқты алты түрге бөлінеді: 
1)Мезгіл пысықтауыш. 2). Мекен пысықтауыш. 3). Мақсат пысықтауыш. 
4)Сын-қимыл (амал) пысықтауыш, 5) Себеп пысықтауыш. 6) Мөлшер 
пысықтауыш.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет