Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет263/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 120. Мезгіл пысықтауыш 
Етістік баяндауышпен немесе етістіктен болған басқа мүшемен 
байланысты болып, етістік мағынасындағы қимылдың мезгілін 
білдіретін пысықтауышты м е з гі л п ы с ы қ т а у ы ш дейді. 
Мезгіл пысықтауыштар қ а ш а н? қ а ш а н н а н? қ аш а н н а н б е р і? к 
а ш а н ғ а ш е й і н? қ а й к е з д е? сияқты сұраулардың біріне жауап береді. 
Мезгіл пысыктауыштар төмендегі көрсетілген сөз таптарының мына сияқты
тұлғалық ерекшеліктері арқылы жасалады. 
1. Мезгіл үстеулері дара күйінде келіп те, өзге сөздерге тіркесіп айтылып 
та мезгіл пысықтауыш болады. 1) Ертемен жайылып оты қанған 
бұзаулардың алды жусай бастады. (С. Бег.) 2) Босағалы бүгін он күн болды. 
(Ғ. Мүсір.) 3) Ертеде осы аңгардың кәріне іліккен үлкен көштен бір ит қана 
тірі қалыпты-мыс. (Ғ. Сл.) 
2. Кейбір шақтық, мезгілдік ұғым беретін есім сөздері (жаз, қыс, көктем, 
күн, түн, сәске, кеш, күз) түбір күйінде, сондай-ак, барыс, жатыс, шығыс, 
көмектес жалғауларының бірінде келіп те мезгіл пысықтауыш болады. 1)
Жаз жайыларсың, қыс қысыларсың. («М. М.») 2) Түнде шыққа малынған тау 
қараған адамға бері келе жатқан сықылды. (С. Бег.) 
3. Сілтеу есімдіктеріне және бір, әуелгі, соңғы сиякты сөздерге тіркесе 
айтылған мезгілдік, шақтық мағыналы есім сөздері де мезгіл пысықтауыш 
болады.1) Сол кезде ауыл сыртында мылтық бір шаңқ етіп қалды. (Ғ. Мүсір.) 
2) Соңғы кезде тай-тұяғымен бес-алты жылқы біткен ғана отау шаруа еді. 
(С. М.) 3) Бір уаңытта жолдасым орнынан қарғып тұрды. (С. Ер.) 
4. Есім сөздері қарай, таман, сайын, шейін, соң, кейін, бұрын, бойы, 
былай, әрі, бері шылау сөздеріне тіркесіп айтылып, қ а ш а н? деген сұраққа 
жауап беріп, мезгіл пысықтауыш болады. 1) Содан бері Серәлінің Гауһарды 
көруге ынтығы арта берді. (Т. А.) 2) Осыдан кейн Баршагүл қызу сөзге 


оқталып еді. (Ғ. Сл.) 3) Осы күйде түн бойы айықпай жатқан науқасқа ес 
кірмеді. (М. Ә.) 4) Осыдан он күн бұрын студенттердің бір жиылысында 
Нұрлан қазіргі жастардың адамгершілігі жайында баяндама жасаған еді. 
(Ә. Ә) 
165-жаттыгу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, мезгіл пысыкдауыштардың астын сызыңдар. 
Олардың қай сөз табынан жасалып тұрғандығын айтып беріңдер. 
1)Анда-санда шыңырау кұдықтан бір шелек көмір шығарады. 2) Сол кезде 
тап дегенінді білді ме екен солар. 3) Мейрам ертеңіне таңертең Сейтқалыны 
ерте Щербаковтың пәтеріне қарай аяңдады. 4) Бүгін тымырсық ыстық болатын 
түрі бар. 5) Бұдан кейін бір жыл өтті. 6) Қешке жақын ала көлеңке бөлмеде 
қам көңілді үш жетім-жесір ананы қоршай отырды. 7) Ер-тең нан алуға ақша 
жоғын бәрі біліп отыр. \Ғ. М. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет