Қарағай ішіне кірсе де, сол нобайы адастырмайды. (Ғ. Сл.) 2) Есікке қарсы төрде кішкене жүк аяқтың үстінде екі ескі сандық, үйдің қалған жерінде бөтен еш нәрсе жоқ.3) Пештің жанында біріне-бірі тығылып бүрісіп отыр. (М. Ә.) 4) Бір күні Алтыбас байдың тезек арбасының қасында жатыр ем, біреу келіп арқамнан қүшақтай алды. (Ғ. Мүсір.) 6. Есім сөздері мен есімдіктер қарай, таман, сайынсияқты шылауларға
тіркесіп айтылып мекен пысықтауыш қызметін атқарады. 1) Толықси жүзген беті толық ай да батыс жаққа таман барып бозарып тұрып қалган. (Ғ. Сл.) 2) Ботагөз кейін қарай аяңдады. (С. М.) 3) Бұлардан қиыс алға таман бір қыз бен жігіт біріне-бірі жабысып барады. (Ә. Ә.) 7. Мекендік ұғым беретін кейбір зат есім сөздері барыс, жатыс, шығыс
септік жалғауларының бірінде айтылып, қ а й д а? қ а й д а н? деген сұрауларға
жауап беріп, мекен пысықтауыш болады. 1)Тысқа жұртпен бірге Асқар мен
Итбай да шықты. (С.М.) 2) Қасында Жұмабай ғана қалыпты. 3) Астанаға оқуға бару оның арманы болатын. (Ғ. Сл.) 4) Базаралы ішкі Россиядан, тіпті алыстан көшіп келе жатқандықтарын ұғындырды. (М. Ә.) 166-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазып, әрбір сөйлемдегі мекен пысық-тауыштың астын
сызыңдар да, қай сөз табы мен қандай тұлғадан тұрғандығын айтыңдар.
1) Үзеңгіге аяғын сала бергенде, арт жағынан ат пысқырды. 2) Ана
Сарымсақтың арғы жағында, бір елеусіз адыр бұйратта бұғып қалмасын. 3)
Бекбол жуан торының дағдылы бүлкіліне салып тауға қарай тартып берді. 4)
Тау басында тұрып көз мөлшерімен жасаған бір межесі бар екен. (М. Ә.) 5)
Қаладан келем, шырағым! 6) Есік алдына Нағима шешейдің көк қошқары да
келіп қалды. 7) Енді ақырындап ағашқа қарай жылжып барады. 8) Қалада
қалған халық түгел көтерілді. (Ғ. Мүсір.)