Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет319/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Сабақтас құрмалас сөйлемнің салалас құрмалас сөйлемнен 
айырмашылығы неде? 
2) Сабақтастың құрамындағы қандай сөйлемді басыңқы сөйлем дейді? 
3) Сабақтастың құрамына енген жай сөйлемдер қандай тәсілдер арқылы 
байланысады? 
4) Сабақтас құрмалас сөйлемдер басыңқы және бағыныңқы сөйлемдерінің 
мағыналық қарым-қатынасына қарай нешеге бөлінеді? 
5) Қандай сабақтастың түрін шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем 
дейді? Шартты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі 
қандай тұлғада тұрады? Қандай сұрақтарға жауап береді?
6) Қандай сабақтасты қарсылықты бағыныңқылы сабақтас сөйлем 
дейді? Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі 
қандай тұлғада тұрады? Қандай сұрақтарға жауап береді?
 
7) Қандай сабақтастың түрін мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлем дейді 
?Мезгіл бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі қандай 
тұлғада тұрады? Қандай сұрақтарға жауап береді?
 
8) Қандай сабақтасты амалы бағыныңқылы сабақтас сөйлем дейді? 
Амалы бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі қандай тұлғада 
тұрады? Қандай сұрақтарға жауап береді?
 
9) Қандай сабақтастың түрін себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас 
сөйлем дейді ?Себеп-салдар бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы 
сөйлемі қандай тұлғада тұрады? Қандай сұрақтарға жауап береді?


345 
 
10) 
Қандай сабақтастың түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас 
сөйлем дейді? Мақсат бағыныңқылы сабақтастың бағыныңқы сөйлемі 
қандай тұлғада тұрады? Қандай сұрақтарға жауап береді?
 
206
-жаттығу. Мына сөйлемдерді оқып шығындар да, көп бағыныңқы сөйлемдердің 
түр-түріне қарай теріп жазыңдар. Мысалы, әуелі қарсылықты бағыныңқылы, сонан соң 
шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерді т. с. с.
1) Сорайған теректер қою жапырақ төгіп, жердің көгі көтеріліп қалған. 
2) Жанқабылов кеткеннен кейін, Кузьменко көп аялдамай тысқа шықты. 3) 
Тау сағасы өте жақын болғандықтан да, өзен ағасының гүрілі естіледі. 4) 
Зылиқа баласының көз алдында жүргенін теріс көрмесе де,оның талай рет 
қатты ауырғанын есіне алады да қиналады.5) Нұржан батальон командирінің 
үйіне кіре бергенде , немістер оннан астам танкінің сүйемелдеуімен екі 
ротаның қарсысынан шабулға шықты. 6) Егіс басталғалы бірқатар күндер 
өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған жоқ. 7) Елеусін жолдасының бетіне көз 
салса , іші тым томсара қалыпты. 8) Істеп жатқан сен білмегенде ,жаңа келген 
мен білемін бе? 9) Жасаураған көзімді жеңіммен сүртіп жібергенше , қара 
қасқа атты Қанапияны сойылмен сілтеп қалды. 10) Дәулеті шағын болғанмен 
,ол үй тамағын тоқ қып ұстайды. 11) Жиренше атты байлай сала , топқа қарай 
жүгіргенде , Абай көзін басып отыра кетті.12) Қасындағы қартаң кісіні Абай
өзі білмегенмен, шешесі әбден таниды екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет