343
1)
Екі бастағы үлкен терезелерден түскен жарық жетімсіз болған соң,
сол люстралар күндіз де жарқырап жанып тұр. (С. Ш.) 2)
Кымыз желігіне
қызып кеткендердің қызуы қосылған соң, Тәуке ұрынуға қара таба алмай
отыр. (Ғ. М.)
3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы
-й және
-ып, -іп, -п жұрнағы
жалғанған көсемше болып келу арқылы да
себеп-салдар бағыныңқылы
сабақтас сейлем жасалады. Мысалы:
1)
Өзеннен өтетін көпір уақытында оңдалып бітпей, біз арғы бетте екі
күн кідірдік. 2)
Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты болмай,
бір мезгіл пристаньда қара жұмыс істейтін еді. (С. М.) 3)
Жиналыс бітіп,
жұрт тарай бастады.
4. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы ашық райлы етістік болып, оған
деп
көмекші етістігі тіркесіп айтылу арқылы да себеп-салдар бағыныңқылы
сабақтас сөйлем жасалады. Мысалы:
1)
Ол екеуінің кеңесін таңдана тыңдаймын деп, аттарды жолдан
шығарып жіберіппін. (С. М.) 2)
Биіктен келе жатқан допты секіріп қағам
Достарыңызбен бөлісу: