Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


шыңса, үйдің сыртында көзілдірікті, қылышты біреу отыр екен. (С. М.)  203-жаттығу



Pdf көрінісі
бет316/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

шыңса, үйдің сыртында көзілдірікті, қылышты біреу отыр екен. (С. М.) 
203-жаттығу. Мына берілген сөйлемдерден мезгіл бағыныңкылы сөйлемді теріп 
жазыңдар да, бағыныңқы сөйлем баяндауышының қандай тұлғалардан жасалып тұрғанын 
айтыңдар. 
1) Байтас пен Жұмабай тақай бергенде, Абай да қасына кеп қалып еді.
(М. Ә.) 2) Енді бейбітшілік өмірге лайықталып болғанша, сұраған 
машиналарьңызды ала алмасаңыз қайтесіз? (Ғ. М.) 3) Көпшілік Мәшіктің сөзін 
мақұлдап дуылдай бастағанда, төсек ағашқа сүйеулі тұрған бапты 
домбырасын Дәулеткерей алды. (С. М.) 4) Жамал осылай ойдан өрмек токып 
жатқанда, басқалар да қарап жатқан жоқ. (Ғ. М.) 5) Активтер тарап кеткеннен 
кейін, Сұлтанның кабинетінде Әділ мен Қамбар, Бисен қалды. 6) Сені мына 
шешең әлдилеп отырған кезде, ол қызмет істеп Жүрген азамат болатын.
(Қ. О.) 7) Еремин тауға кеткеннен бері, күн зымырап өтіп жатыр. (3. Ш.) 
§ 157 Қимыл-сын (амал) бағыныңқылы сабақтас сөйлем  
Бағыныңқы сөйлем басыңқыдағы айтылған ойдың, қимыл, амалдың 
қалай орындалғанын білдіріп тұратын сабақтас сөйлемді қ и м ы л- 
с ы н б а ғ ы н ы ң қ ы л ы с а б а қ т а с қ ұ р м а л а с с ө й л е м
дейді. 
Қимыл-сын бағыныңқы сөйлем қ а й т і п ? н е е т і п ? қ а л а й ? деген 
сұрактардың біріне жауап беріп тұрады. 


Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы -ып, -іп, -п, -а, -е, -й жұрнақтарының 
бірі жалғанған көсемше, не болмаса -дай, -дей жұрнағы жалғанған есімше 
болып келсе, қимыл-сын бағыныңқылы сабактас сөйлем жасалады. Мысалы: 
1) Әр сыныптың есігі ашылып, оқушылар тысқа шығып жатты. (М. И.)
2) Абай есіктен кіре, үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен айқын етіп 
сәлем берді. (М. Ә.) 3) Қоқыштың сондай түрін көре тұра, біз ол үйде 
жұмаға жақын жаттық. (С. М.) 4) Ауыз үйде ешбір жан қалмай жұрттың 
бәрі Кирилл Петровичті көруге кеткен болатын. (А. П.) 5) Әр өңешке бір 
өгізше кіріп бара жатқандай, әркімнің аузына қадалады. (Ғ. М.) 
204 -жаттығу. Мына сөйлемдерді оқып шығыңдар да, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас 
сөйлемдерді теріп жазыңдар. Бағыныңқы сөйлемнің қандай тұлғада тұрғанын айтыңдар. 
1) Әр ұлттан бір көркемдікті алып, өзгеше бір сұлу жасаған тәрізді. (Ғ. М.) 
2) Зор бітімі тұнжырап, суық томсарып алған. (Әб. Нұр.) 3) Аяғындағы етігі
суға әбден балбырап, өзі де әбден қалжыраған Құсбек алқынған бойында 
тасқа жантайып отыра кетті. (К. О.) 4) Қонақ келгенін тосып отырғандай, 
лезде ауыл азаматтары жинала бастады. (3. Ш.) 5) Екі жағы білеулене 
жұмырланып, шеке тамыры көгеріп шыға келді. 6) Кузьменко тысқа құлақ 
түріп, бірнеше минут бойыиа төсекте қозғалмай жатты. (Қ. Т.) 7) Домбыра мен 
өлеңге әулігіп жүріп, мен Молдағазыдан оқи алмадым және со бір күндері 
тағы бір айтысқа қатынасуға тура келді. (С. М.) 8) Әр үйде қысыр сауылып, 
жылтыр қара сабалар ертеңді-кеш күрпілдей пісіліп жататын.
(М. Ә.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет