§ 33. Диалект
Белгілі тілдің даму, жетілу жолын, заңдылығын сол тілді жасаушы және
сол тілде сөйлеуші халықтың даму жолымен, тарихымен байланыстыра
зерттегенде ғана дұрыс түсінуге болады. Өйткені – тіл қоғамдық құбылыс, сол
қоғамның дамуымен бірге дамып, қоғамның өлуімен бірге өліп, жоғалып
отырады. Сондықтан қоғамдағы әрбір халықтың даму жолының әр түрлі
болғаны сияқты, тілдерінің де даму, өсу, жетілу жолдары да әртүрлі.
Жергілікті тілдік ерекшеліктер –жалпы халықтық тілдің бір аймаққа тән
тілдік көрінісі. Оның өзіне тән тілдік материалы жалпы халықтық тіл
арнасымен жалғасып жатады да, кейбір лексикалық, фонетикалық,
грамматикалық ерекшеліктері жағынан одан ерекшеленіп тұрады.
Жалпыхалықтық сипаты жоқ, белгілі бір аймақтарда ғана
қолданылатын тілдік ерекшеліктер д и а л е к т ( грек. dialektos-
сөйленіс) деп аталады.
Диалектілер мен сөйленістерді тіл білімінің д и а л е к т о л о г и я деп
аталатын саласы зерттейді.
Қазіргі қазақ тілінде сөйленістер төрт түрлі топқа бөлініп қарастырылады.
Олар: 1. Оңтүстік, 2. Батыс 3. Шығыс және 4. Орталық-солтүстік топтары.
Қазақ тілінің жергілікті тіл ерекшеліктерінің ішіндегі бір саласы – д ы б ы
с т ы қ е р е к ш е л і к т е р . Бұл құбылыс әдеби тілдегі әрбір дыбыстың
өзіндік ерекшеліктерімен сәйкес келеді.
Белгілі бір дыбыстардың алмасуын сөз еткенде ол алмасу сөйленістердегі
барлық сөздерде кездеседі деген ұғым тумауы керек. Мысалы, кейбір
алмасулар жүздеген сөздерді қамтыса, бірқатары 10-20 шақты сөзді ғана
қамтуы мүмкін ( маңлай-маңдай, түңлік-түндік, тыңла-тыңда, саңлақ-
саңдақ, аңла-аңда т. б. ).
Қазақ тілі сөйленістерінде дауысты, дауыссыз дыбыстардың қолданылуына
байланысты кездесетін басты ерекшеліктерді төмендегі мысалдардан көруге
болады:
1. Еріндік дауысты о, ұ ( ө, ү) дыбыстарының өзара алмасуы: құлдану
(әдеби нормасы: қолдану), сұрақы (сорақы), шұшқа (шошқа), үгей (өгей),
құрылдау (қорылдау), құйма (қойма), ұят (оят), шүбере (шөбере).
2. е/і және і/е дыбыстарының алмасуы: өткіл (өткел), жібір (жібер),
әсіресі (әсіресе), көкпіңбек (көкпеңбек), икімді (икемді), шікілдеуік
(шекілдеуік).
3. а/ы және ы/а дыбыстарының алмасуы: жыназа (жаназа), ықпыл
(ықпал), қысап (қасап), тым-тымдап (там-тұмдап).
4. а/ә дыбыстарының алмасуы: әсілі (асылы), зәлім (залым), мәнсәп
(мәнсап), жәле (жала), жәутең-жәутең (жаутаң-жаутаң), кәйтейін
(қайтейін).
5. Т/д дауыссыздарының алмасуы: ділмаш (тілмаш), дегершік (тегершік),
дөгөрөк ( төңірек), дерезе (терезе);
6. С /ш дауыссыздарының алмасуы: мышық (мысық), беш (бес), оқса (ұқса);
7. К/г дауыссыздарының алмасуы : ғайрат (қайрат), ғашыр (қашыр),
дарбыз (қарбыз);
8. Д/л дауыссыздарының алмасуы: аңлу (аңду), таңлай (таңдай), таңлау
(таңдау), теңлік (теңдік), шаңлату (шаңдату);
Лексикалық ерекшеліктер әдеби тілде кездесе бермейтін, кездессек де
тұлғалақ және мағыналық жағынан басқаша, қолданылу аясы өзгеше сөздер
мен сөз тіркестері.Сөйленістегі лексикалық ерекшеліктердің кейбіреулері
тіліміздің байырғы белгілерінің ізі ретінде танылса, кейбір лексикалық
құбылыстар көрші халықтар тілінің әсеріне байланысты.Мәселен, батыс
диалектісінде, оның ішінде Орал, Атырау, орынбор, Еділ бойы қазақтарының
тілінде, негізінен, ноғай, татар, башқұрт, қаламақ тілдерінен ауысқан атаулар,
оңтүстік диалектісінде көршілес өзбекстан, қырғызстан, қарақалпақстан,
түрікменстан тұрғындарының тілдерінен ауысқан атаулар жиі кездеседі.
Жегілікті халық тілінде кездесетін лексикалық ерекшеліктердің кейбіреулері
тіліміздегі белгілі сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, ттілдегі диалектизмдер заттық мағынасына
қарай өзара бірнеше топқа бөлініп қарастырылады.
1.Үй тұрмысына, бұйымдарға байланысты атаулар: қызылтас-күйдірген
кірпіш, сарай - қора, тоқалақ үй - төбесінің шатыры жоқ үй, шарбақ - қора,
аула;
2. Туыстық атауларға байланысты сөздер: кемпес - кемпір, кәрі әйел,
тайәже - нағашы апа, тайеке - нағашы, сой - нәсіл, ұрпақ;
3. Ыдыс-аяқ атаулурына байланысты сөздер: ашқыш – кілт, бақыр – шелек,
жез тавақ - шылапшын, поднос, кәчәрга – көсеу, ләгон – поднос, мәтке
орақ - шалғы орақтың кішілеу түрі, шпешке –сіріңке, мәшін – машина;
4. Құрал-сайман атаулары: мажар арба – қалқанды арба, тегершік –
дөңгелек, шомақ – түйелі арба, ыдыс – көлік (ат арба, қайық);
5. Ауа райына, табиғатқа байланысты сөздер: алағаншық – суық жел,
керімсал – күннің біресе ыстық, біресе суық болуы, ақшам – кешкі намаз,
жасыл – найзағай, қосақкемпір – кемпірқосақ;
6. Киім-кешекке байланысты атаулар: ақманар шапан – жібек шапан, ату –
мәсі, биялай – қолғап, байпақ – пима, жаулық – орамал, топчы – түйме,
жорған – көрпе, тізкиім – ішкиім, дамбал;
7. Азық-түлік, тағам атаулары: ауқат – ас, тамақ, азық, сөк – ақталған
тары, ашымал – ашыған көже, қансоқта – ет, май, өкпе-бауырға қан
араластырп бүйенге салып пісірген ас, секер – қант, тас құман шай – бірінші
сортты үнді шайы;
71
8. Түрлі қимылды, сапалық, сындық белглерді білдіретін, көңіл-күйге
байланысты айтылатын сөздер: апшыққандай, дөкей, нән, дырау – ірі,
үлкен, сәлекей - аз, азғантай, кембағал - кемтар, ауру, әмәнда – әр уақытта,
кіл, шли – ылғи, бек – тіпті, өлә – одағай, тәмәм – бәрі, ой, мәтігүл – ой,
жексұрын, жүдә, мәгәрім – мүмкін, қыңбау - бүлк етпеу, саспау, мәтек –
тәртіпсіз, шақар – бұзық, тентек, әпше, әкпе – апа, тәте – әке, апа, көке –
әке ;
Грамматикалық ерекшеліктерге төмендегілерді жатқызуға болады :
- Сыңыз/-сіңіз етістікке жалғанатын екінші жақ жіктік жалғауының сыпайы
түрі. Асықпаңыз, сосын барасыңыз. Сіздер Таловкеге қашан
барасыңыздар?
- Улы/-улі етістіктің түбіріне жалғанып, есімшенің –ған жұрнағының
- мағынасын береді: Мен армиядегі балама бірнеше герең хат жазулымын,
жауап жоқ. Ертеде Мақаш деген кісі тұрулы.
- жақ/жек етістіктің түбіріне тікелей жалғанбай, өзінің алдында
- көсемшенің – а /- е жұрнағының тұруын талап етеді. Келер шақ мағынасын
береді. Өзі хабар етержақ. Олар сонда баражақ. Көп болсын бережақтан
алажағың.
- Тоғын, есімшенің -тын / -тін жұрнағының орнына жүреді . Біз де
баратоғын болдық сол тойға.
Достарыңызбен бөлісу: |