аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис
А н а л и т и к а л ы қ т ә с і л деп ( грек тілінің analytikos – «анализдің нәтижесінде жасалған, «ажыратушы» деген сөзінен шығып қалыптасқан
термин) түбір я туынды сөздерді біріктіру, қосарлау, тіркестіру арқылы жаңа сөз жасау тәсілін айтады. Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің мынандай ішкі түрлері бар: 1) біріктіру
тәсілі 2) қосарлау тәсілі 3) тіркестіру тәсілі 4) қысқарту тәсілі.
Б і р і к т і р у т ә с і л і . Бұл тәсіл бойынша түбір морфемалар, немесе,
түбір мен негіз өзара қосылып, жаңа сөз жасалады. Біріккен сөздердің қатарына
семантикалық тұтастығымен де, морфологиялық тұтастығымен де,
синтаксистік тұтастығымен де сипатталатын қазақ тіліндегі отағасы, тасбақа, шекара, әлдекім, әрқашан, саяжай, тікұшақ, балмұздақ тәрізді сөздер енеді.
Құрастырушы сыңарларының әрі фонетикалық өзгерістерге ұшырауынан, әрі
ықшамдалуынан жасалған апар (алып бар), әкел (алып кел), биыл (бұл жыл), білезік (білек жүзік) тәрізді сөздерді тарихи тұрғыдан алғанда ғана біріккен
сөздердің қатарына жатқызуға болады. Қазіргі тілдің тұрғысынан алғанда бұл
сөздер (апар, әкел, бүгін, биыл, білезік және т. б. осы тәріздес сөздер) өзін
құрастырушы сыңарларға ажыратылмайтын сөздер ретінде ұғынылады.
Алғашқы екі түбірдің бірігуінен жасалып, тілдің даму барысында сыңарлары
дыбыстық және мағыналық өзгерістерге ұшырап, соның нәтижесінде ол
сыңарлардың бір-біріне әбден кірігіп, сіңісуінен жасалған сөздер бір екпінге
бағынады да, құрамындағы дауысты дыбыстар сингормонизм заңы бойынша не
біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке болып, барлық жағынан жалаң сөздерге тән
қасиеттерге ие болады.
Қ о с а р л а у т ә с і л і . Қосарлау тәсілі де түркі тілдерінде, соның ішінде
қазақ тілінде кең тараған тәсіл. Зерттеушілер қос сөздерді қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер деп екі үлкен топқа бөліп қарайды.
Қайталама қос сөздер белгілі бір сөздің екі рет қайталануы немесе, сол сөздің
бір (не бірнеше) дыбысының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: қора-қора, биік-биік, көре-көре, сөйлей-сөйлей, бетпе-бет, ауызба-ауыз, бес- бестен, шай-пай, ет-мет т. б. Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталана қосарлануынан жасалса,
қосарлама қос сөздер әрбасқа екі сөздің қосарлануынан жасалады. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, тау-тас, дәм-тұз, құрт-құмрысқа, ілгерінді-кейінді, ұрыс-керіс, қырып-жойып т.б.Қосарлама қос сөздер мағына жағынан
ыңғайлас, морфологиялық жағынан тектес, синтаксистік жағынан теңдес
сөздерден (компоненттерден) құралады. Мысалы: әке-шеше, әне-міне, алты- жеті, алды-арты, үсті-басы, ойнап-күліп деген сөздерді алсақ, олардың
әрқайсысының компоненттері, біріншіден, мағына жағынан бір-біріне орай,
ыңғайлас сөздер болса, екіншіден, морфологиялық төркіні жағынан да
біртектес, демек, белгілі бір ғана сөз табына тән әрі формалары біркелкі
сөздер.
Сыңарлары морфологиялық жағынан біртектес, синтаксистік жағынан өзара
теңболатындықтан, қосарлама қос сөздердің мағынасы құрамындағы екі
компоненттің де мағынансын бірдей қамтиды да, жалпылау, топшылау,
жинақтау, болжалжау, мөлшерлеу тәрізді ұғымдарды білдіреді.
Сөздердің қосарлануы арқылы берілетін мағыналар алуан түрлі. Солардың
негізгілері мыналар:
1) Жинақтық я жалпылық мағына: кәрі-құртаң, көйлек-көншек, тау-тас, жан-жануар, шыбын-шіркей, аяқ-табақ т.б. 2) Жіктеу, даралау мағынасы: алдын-ала, лек-легімен, бас-басына, кімде кім т.б. 3) Болжалды мағына: бүгін-ертең, он-он бес, жүре-бара, жата-жастана т.б. 4) Амалдың, іс-әрекеттің қайталану мағынасы: сөйлей-сөйлей, көре-көре, айта-айта, т.б. 5) Сын мен сапаны күшейту мағынасы: қып-қызыл, үп-үлкен, жап-жарық, тап-тұйнақтай, т.б. Т і р к е с т і р у т ә с і л і . Бұл тәсіл арқылы сөз жасалғанда, сөз
тіркестері ұзақ уақыт қолданыла келе сыңарларының мағыналары кірігіп, бір
мағынаға көшеді. Бірақ олар өзінің сөз тіркесі кезіндегі бөлек жазылу қалпын
сақтайды. Мысалы: тас жол,ортан жілік, оқ жылан, он алты, екі жүз алпыс бес, қара торы, сары ала, кіріп шық, алып кел, қол қой, ән сал сияқты
сөздердің әрқайсысы біртұтас лексикалық мағынасы бар сандардың, сындық
белгілердің, түр-түстің, қимылдың атаулары. Бұл күрделі сөздер бір ғана
сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқарады. Сөз
түрлендіруші қосымшалар олардың соңғы сыңарларына ғана жалғанады.
Тіркесу тәсілінің тілдің әр сөз табының сөзжасам жүйесінен алатын орны
әртүрлі. Бұл тәсіл қазақ тілінде , әсіресе, сан есімдер мен етістіктердің
сөзжасамында негізгі тәсіл болып саналады. Миллионға дейінгі сан есімдер,
негізінен, тіркесіп қолданылатын аса көп мөлшердегі күрделі сандардан
тұратын болса, етістіктің сөзжасамында отызға жуық негізгі түбір етістік
өзінің алдындағы етістік сөздеріне тіркесіп, олардан күрделі қимылды
білдіретін күрделі етістіктер жасайды.
Тіркесу арқылы сөз жасау тәсілінің өзіндік моделі бар. Бұл модельде
негізгі рольді тірек сөздер (компоненттер) атқарады және олар бірнеше
күрделі сөздің жасалуына негіз болады. Мысалы: қара ала, қызыл ала, сары ала, қоңыр ала деген тіркестерде ала сөзі тірек сөз болса, қара торғай, боз торғай,суық торғай дегенде – торғай, он бір, он екі, он үш ... дегендерде он сөзі тірек сөз болып тұр.
Қ ы с қ а р т у т ә с і л і - әралуан әлеуметтік, қоғамдық ұйымдардың,
мекеме және мемлекеттік құрылымдардың аттарын қысқартып, ықшамдап
айту, жазу мақсатына байланысты туындаған қазақ тілі үшін жаңа тәсіл.
Қысқарту тәсілі мынандай жолдармен жасалады:
1) күрделі атаулардың құрамындағы әрбір жеке сөздің тек басқы
дыбыстары алынып жазылады. Мысалы: ҚР- Қазақстан Республикасы, АҚШ- Америка құрама Штаттары, ІІМ-Ішкі Істер Министрлігі, АК-Акцианерлік қоғам);
95
2) күрделі атаулардың құрамындағы алғашқы сөздің бірінші буыны мен
соңғы сөздің басқы дыбыстарынан, не басқы буындарынан қысқартылып
алынады. Мысалы: ҚазМК, ҚазҰМУ; 3) күрделі атаудың құрамындағы әрбір сөздің алғашқы буындарынан
қысқартылады. Мысалы: Қазатком-казақ атқару комитеті, кеңшар-кеңестік шаруашылық, партком-партия комитеті; 4) күрделі сөздің құрамындағы бірінші сөздің алдыңғы буыны мен соңғы
сөздің тұтас айтылуынан, сондай-ақ күрделі тіркес құрамындағы бір не
бірнеше сөздің алдыңғы буындары мен бас дыбыстарынан, не тұтас сөздерден
қысқартылып алынады. Мысалы: Евроодақ, Казкомбанк, педколледж, медпункт; Мұндай жолмен қысқартылған сөздердің қай түрі болмасын, тіл
практикасында біртұтас термин ретінде қабылданып, оларға жалғау,
жұрнақтар сызықша арқылы жалғанады. Тілде экономия мақсатында
қолданылатын шартты қысқартулар да бар. Мысалы: кг-килограмм, см- сантиметр, мыс. – мысалы, т.б.- тағы басқа.