91
Шығу төркіні жағынан бір –бірімен байланысты кейбір жұрнақтар,
мағыналары я бірдей я жақын болғанымен, бірде сөз тудыру қаблетіне қарай,
бірде стильдік реңіне қарай ерекшеленіп келеді. Мысалы:
-лық және
–шылық
жұрнақтары өзара
форма жағынан да, мағына жағынан да қанша жақын
болғандарымен, сөз тудыру қаблеті жөнінен де, стилистикалық ерекшелігі
жөнінен де бірдей емес.
Біріншіден,
-лық жұрнағы жаңа сөз тудыру қаблеті жағынан аса
құнарлы
қосымша, оның жалғанатын сөздерінің өрісі де кең. Мысалы:
бастық, қолтық,
қазандық, күздік, сыйлық, жоқтық, егіндік, әкелік, дұрыстық, жақсылық,
үлкендік, төзімділік, білгіштік, оқығандық... деген сияқты көптеген туынды
сөздерді алсақ,
ол жұрнақтың құнарлылығы да, жалғанатын сөздерінің өрісі
кең екендігі де көрініп тұрады. Ал
–шылық жұрнағында ондай қаблет аз. Бұл
жұрнақ
-лық жұрнағы жалғанатын сөздердің бәріне бірдей жалғана бермейді.
Оны
шаруашылық, тіршілік, жаманшылық, қиыншылық, кеңшілік,
жоқшылық,күйзелушілік дегендерден байқаймыз. Екіншіден, бұл екі
жұрнақтың қолданылу ерекшеліктері мен стилистикалық талғамдары да
бірдей емес. Мысалы,
тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам
баласын (Абай) дегендегі
жоқтық, тоқтық сөздерінің орнына
жоқшылық,
тоқшылық сөздерін қолдануға болмайды.
Сөздерде болатын синонимдік қасиет жұрнақтарда да болады.
Мысалы:
-қыш, -ғыш,-қыш, -кіш, -шақ, -шек, -қақ, -ғақ, -кек, -гек, -қыр, -ғыр, -кір,-гір
жұрнақтары өзара мағыналас (синонимдес). Өйткені
жасқаншақ, ұялшақ,
мақтаншақ, қызғаншақ, ұрыншақ сөздері
жасқанғыш, ұялғыш, мақтанғыш,
қызғанғыш, ұрынғыш сөздерімен мағыналас екені сияқты,
ұрысқыш,
тырысқыш дегендер
ұрысқақ, тырысқақ сөздерімен мағыналас.
Синонимдес жұрнақтардың мағыналары қаншалықты жақын болса да, олар
тең болмайды және мағыналық та, стилистикалық та ерекшеліктері болады.
Бір ғана мағынаны білдіретін жұрнақтармен қатар, кемі екі я онан да көп
мағынаны білдіретін жұрнақтар бар. Ондай жұрнақтарды көп мағыналы
жұрнақтар деп атауға болады. Мысалы:
-қақ (-ғақ, -кек, -гек) жұрнағы
етістікке жалғанып, семантикалық – грамматикалық қызметтері екі басқа екі
топ сөздер тудырады. Мысалы,
майысқақ, жабысқақ, ұрысқақ сияқты сөздер
сын есім болады да,
кескек, ілгек, жөргек тәрізді сөздер зат есім болады.
Көйлекшең, киімшең, бешпетшең сөздеріне жалғанған
–шаң, (-шең)
жұрнағы бір түрлі мағына тудырса,
тершең, кіршең деген сөздерде басқа
мағынаны білдіреді.
Жұрнақтардың ішінде дыбысталуы мен таңбалануы бірдей болғанымен,
негізгі
мағыналары да, туынды мағыналары да бір-бірімен байланыспайтын,
ұштаспайтын, тіпті басқа-басқа біралуан жұрнақтар бар. Ондай жұрнақтар
Достарыңызбен бөлісу: