Тілдегі жеке сөздерді белгілі сөз табы деп тану үшін, сөйлем ішінде, сөз
тіркестерінде оларды дұрыс талдау үшін әрбір сөздің мағыналық жағын,
тұлғалық белгісін және сөйлемдегі синтаксистік қызметін түгел ескеру керек.
Егер де әрбір сөздің осы сияқты үш түрлі белгісін бірдей ескермесе, сөз
таптарына талдауда белгілі дәрежеде қате жіберу мүмкін. Өйткені сөз таптары
бір-бірімен қарым-қатынасы жоқ, тұйықталған нәрсе емес, олардың әрбір
тобының өзіндік ерекше белгілері болуымен қатар, бір-біріне
ұқсас жақтары
да болады. Мысалы, үстеу сөздер етістік сөзімен байланысты болады да,
етістіктегі қимыл, амал-әрекеттің өту дәрежесін, қалпын, сапасын білдіреді
немесе қимылдың мезгілін, мекенін, мақсатын, себебін білдіреді. Сөйлемде
пысықтауыш болып келеді де қ а л а й ? қ а л а й ш а ? қ а й т і п ? қ а ш а н ?
қ а й д а ? н е г е ? н е ү ш і н ? н е с е б е п т і ? деген сұрақтардың біріне
жауап береді. Кейде сөйлем ішінде өзге сөз таптарына
қатысты сөздер де
жоғарыдағы сұрақтардың біріне жауап беріп, пысықтауыш кызметінде
қолданылуы мумкін. Мысалы, А
йгүл жақсы оқиды деген сөйлемдегі
жақсы
сөзі
оқиды етістігімен байланысты болып, қ а л а й ? деген сұраққа жауап
беріп, қимыл-сын пысықтауыш болып тұр. Бұл белгілері үстеуге ұқсайды.
Осы белгілеріне қарай
жақсы деген сөзді үстеулер тобына жатқызуға
болмайды. Өйткені ол сөздің мағыналық жағы ескерілген жоқ.
Жақсы деген
сөз етістікке тіркесіп айтылғанда, қ а л а й ? деген сұраққа жауап беріп,
пысықтауыш
болып тұрғанымен, зат есіммен тіркесіп айтылғанда, қ а н д а й ?
деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болады. Негізгі лексикалық
мағынасы
нәрсенің сапасын білдіреді.
Айгүл- жақсы қыз деген сөйлемде
жақсы деген
сөз
қыз сөзінің сапасын білдіріп, анықтауыш қызметінде жұмсалып тұр.
Сол сияқты
ағаш үй, алтын сағат деген тіркестердегі
ағаш, алтын деген
сөздер өзінен кейінгі сөздермен байланысып, қ а н д а й? деген сұраққа жауап
беріп, анықтауыш болып тұр. Қойылатын сұрауына және синтаксистік
қызметіне қарағанда, сын есімге ұқсайды. Осы белгілеріне қарай, бұл сөздерді
сын есім тобына жатқызуға болмайды. Өйткені
ағаш, алтын сөздерінің
лексикалық мағыналары — белгілі нәрселердің атауы.
Ағаш —
үй тұрғызу
үшін керекті құрылыс материалы, алтын- бағалы металл деген
сөйлемдердегі
ағаш,алтын сөздері
н е? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемдегі
айтылған ойға қазық болып, бастауыш қызметін атқарып тұр.
Белгілі сөз
сөйлемдегі орнына қарай, қандай сөзбен байланысып келуіне
қарай әр сөйлемде әр түрлі синтаксистік қызметте жұмсалуы мүмкін. Біздің
жоғарыдағы келтірілген сөздеріміз әр сөйлемде әр түрлі сөз тобы болып
тұрған жоқ, әр сөйлемде сөйлемнің әр түрлі мүшесі болып тұр
Сөйтіп, қазақ тілінің сөздік кұрамында қолданылып жүрген сөздер
лексикалық мағыналарының ыңғайластығына қарай, морфологиялық
тұлғалары мен синтаксистік кызметінің ұқсастығына қарай мына сияқты
9 топқа жіктеледі, яғни сөз таптары қазақ тілінде 9 түрлі болады: 1) зат есім,
2)
сын есім, 3) сан есім, 4) есімдік, 5) етістік, 6) үстеу,7) шылау сөздер 8)
одағай сөздер 9) еліктеу сөздер. Осы 9 топтағы сөздер: 1) негізгі сөздер, 2)
көмекші сөздер болып екі топқа бөлінеді.