Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Ұйым, мекеме атауларын білдіретін күрделі атаулардың қысқар-



Pdf көрінісі
бет94/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

Ұйым, мекеме атауларын білдіретін күрделі атаулардың қысқар-
тылып жазылған түрлерін қ ы с қ а р ғ а н с ө з д е р ( а б б р е в и а т у р 
а ) дейді.
Қысқарған сөздер мына сияқты т ө р т т ү р л і жолмен жасалады: 
1. Күрделі атауға енетін әрбір сөздің басқы дыбыстары алынады да, бас 
әріппен жазылады: Мысалы: ҚР - Қазақстан Республикасы, АҚШ – Америка 
Құрама Штаттары, РФ – Ресей Федерациясы, АҚ – Акцианерлік Қоғам. 
Бас әріптер арқылы қысқарған сөздерге қосымша жалғанғанда, қосымша-
лар соңғы әріптің айтылу әуеніне қарай жалғанып, дефис (-) арқылы жазыла-
ды. Мысалы: АҚШ-қа, ТМД-дан. 
2.Қүрделі атаулардың құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны алынады 
да, кейінгі сөздердің басқы дыбыстары алынып бір сөз жасалады. Мысалы: 
ҚазМҰУ - Қазақтың Мемлекттік Ұлттық Университеті Бұлайша қысқар-
ған сөздің алғашқы буынының бірінші әрпі және қысқартылып алынған соңғы 
сөздердің басқы әріптері бас әріппен бірге жазылады. 
3. Күрделі атаулардың қүрамындағы әрбір сөздің басқы буындары 
алынып, бір сөз жасалады да, біркелкі кіші әріптермен бірге жазылады. 
Мысалы: кеңшар- кеңестік шаруашылықфилфак – филология факультеті.
4. Күрделі атаулардың құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны алынады да, 
келесі сөз толық алынып, бір сөз жасалады. Бұлар да біркелкі кіші әріптермен 
бірге жазылады. Мысалы: партбилет (партия билеті), мединститут 
(медицина институты), педколледж – педагогикалық колледж. 
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1) Қандай күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады ? 
2) Біріккен сөздердің күрделі сөздерден айырмашылығы неде ? 
3) Кіріккен сөздер деген қандай сөздер ? 
4) Қысқарған сөздер ғылым тілінде қалай аталады ? 
5) Қысқарған сөздер қандай жолдармен жасалады ? 
 


109 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет