Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет119/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

74 -жаттығу. Мәтінді оқып шығып, табыс жалғаулы сөздерді табыңдар. Олардын 
неліктен ашық, жасырын түрде тұрғандығын айтындар. 
Облыстық совдепке бағын, өкіметіңнің тұқымын құрт, войскаңды тарат деп 
Мартынов, Михеев, Емуганов, Акутин генералдарға әлдеқашан айтылды, 
съездің осындай қаулысы болды. Ақ генералдар мен елірген атты қазақ 
байларының қытығына тиеді екен деп революция туғызған совдепті мен мына 
столдың ішіне тығып қоя алмаймын және олардың қолында жүздіктер бар 
екен деп съезд бен облыстық атқару комитетінің белгілеген шараларын жүзеге 
асырмай, қол қусырып қарап отыруға, күштің теңелуін күтуге уақыт жоқ
уақыт болса да, мұндай қылмыс жасауға пролетариат алдында менің правом 
жоқ. Бұл — бір. Екінші, тұтқыннан қорықса, большевик партиясы әлдеқашан 
тарап кетер еді немесе Керенский сияқты абжылан социалистермен баяғыда 
келісім жасар еді. Сөйтіп, жұмысшының құлдық қамыты мойнынан, 
шаруаның қайыршылық шәркесі аяғынан түспес еді. Жоқ, революция алдында 
мұндай былқылдақ саясат пен ымырашыл бықсық әрекет жүргізуге және 
мұндай қылмысқа басқаларды итермелеуге менің ұжданым бармайды,— 
деп, Дмитриев басқалардың жүзінен достық шырай іздегендей, отырғандарды 
көзімен тегіс сүзіп өтті. (X. Е.) 
5. Жатыс септік. Бұл септік жалғаудағы сөз етістіктен болған мүшемен 
жанама түрде байланысты болып, қимылдың орнын, мекенін білдіреді. Кейде 
септік жалғауда тұратын сөз лексикалық мағынасына қарай мезгілдік ұғымды 
да білдіреді. Мысалы: 1) Біздің қалада сұлы мен арпа беретін жер жоқ. (Б. 
М-ұ.) 2) Мойнымда желбіреген қызыл галстукқолымда су жаңа сары 


137 
портфель. (Б. С.) 3) Кермеде ат байлайтын бос орын жоғын көрді де, 
Баршагүл оқшау жалғыз еменнің түбіне кеп түсе қалды. (Ғ. Сл.) Бірінші 
сөйлемдегі қалада, екінші сөйлемдегі мойнымда, қолымда, үшінші сөйлемдегі 
кермеде деген жатыс жалғаулы сөздер мекендік ұғым беріп тұр. 
Жатыс септік жалғаулы сөз к і м д е ? н е д е ? қ а й д а ? деген сұрақ-
тардың біріне жауап береді. 
Жатыс септіктің қосымшасы мыналар: -да, -де-та, -те, -нда, -нде. Бұл 
жалғаулар буын үндестігі бойынша сөздің соңғы буынының әуеніне қарай 
жуан буыннан кейін -да, -та-нда ( қала-да, жұмыс-та, бақшасы-нда) 
түрінде жалғанады да, жіңішке буыннан кейін -де-те, -нде (үй-де, кереует-
те, бөл-месі-нде) түрінде жалғанады. 
Жатыс септік қосымшалары дыбыс үндестігі бойынша сөздің соңғы 
дыбысының әуеніне еріп, мына сияқты болып кұбылып жалғанады: 
1) Сөздің соңы не дауысты, не үнді, не ұяң з, ж дыбыстары болса, жатыс 
септік жалғауы -да, -де (дала-да, ауыл-да, мұз-да, кеме-де, ел-де, үй-де) 
түрінде жалғанады. 
2) Сөздің соңы қатаң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, жатыс септік 
жалғау қосымшасы -та, -те (сабақ-та, жұмыс-та, кітап-та,сурет-те, 
кабинет-те,) түрінде жалғанады. 
3) Тәуелдік жалғаудың III жағынан кейін жатыс септік жалғауы -нда, -нде 
(баласы-нда, қаласы-нда, ауданы-нда, бөлмесі-нде, үйі-нде) түрінде 
жалғанады. 
Жатыс жалғаулы сөз к і м д е ? н е д е ? деген сұрақтарға жауап беріп, 
сөйлемде толықтауыш болады. Мысалы: 1) Мұхитта да ол екеуімен әңгі-
мелескісі келген түр жоқтай. (Ғ. Сл.) 2) Саудада достық жоқ, сәлемде 
борыштық жоқ. (М. М.) Бұл сөйлемдердегі Мұхитта, саудада, сәлемде деген 
жатыс септік жалғауындағы сөздер к і м д е ? н е д е ? деген сұрақ-тарға жауап 
беріп, толықтауыш болып тұр. 
Жатыс септік жалғауы мекендік, көлемдік мағынасы бар зат есім сөз-деріне 
жалғанып, қ а й д а ? деген сұракқа жауап беріп тұрса, жатыс жал-ғаулы сөз 
сөйлемде мекен пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы:
1. Ең соңғы сұрыптау жарысы Москвада өткізілмек. (Б. С.) 2. Соңғы дәлеліне 
1885 жылы Орехово-Зуевода болып өткен Морозов байга қарсы ғаламат зор 
стачканы қызық әңгімелеп берді. (М. Ә.)  3. Ауылдарда көктемнен бастап 
жаңа үйлер салына бастайды. (С. М.) Бұл сөйлемдердегі Москвада, Орехово-
Зуевода, ауылдарда деген жатыс септік жалғаулы сөздер қ а й д а? деген 
сұраққа жауап беріп, етістік баяндауыштардағы айтылған қимылдық процесті 
орын, мекен жағынан пысықтап, тиянақтап тұр. 
Жатыс септік жалғауы кейбір мезгілдік мағынасы бар зат есім сөздеріне 
жалғанып, қ а ш а н? деген сұраққа жауап беріп тұрса, жатыс жалғаулы сөз 
сөйлемде мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы:
1Айында, жылында бір келіп кеткенім болмаса, оны көрмеймін де.
(Б. С.) 2) Атты күнде мінсең — тулақ, аптпада мінсең — қунақ, айында 
мінсең— ат, жылында мінсең — тұлпар. (М. М.) Бұл сөйлемдердегі күнде,


айында, жылында, күнде, аптада деген сөздер лексикалық мағынасында 
мезгілдік ұғымды білдіретін болғандықтан, қ а ш а н? деген сұраққа жауап 
беріп, мезгіл пысықтауыш қызметін атқарып тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет