Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


саманды жинаңдар деп жіберді. (Б. С.)



Pdf көрінісі
бет118/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

саманды жинаңдар деп жіберді. (Б. С.) 2) Менің ол өсиетті ұғынар жайым 
жоқ. (Ғ. Мүсір.) 
2) Табыс септік жалғауында тұруға тиісті жалпы есім сөзі мен оны мең-
геретін етістіктен болған мүшенің арасында өзге сөз айтылса, табыс септік 
жалғауының ашық түрі қолданылады. Мысалы: 1. Көзі әлі кетпеген, газетті 
көзілдіріксіз оқып жатыр. (Ғ. М.) 2. Осы кезде бақташылар малды өрістен 
айдап келді. 
3) Табыс септік жалғауында тұруға тиісті жалпы есім сөзі тәуелдік 
жалғаулы болып келсе, әрқашан да табыс септік жалғауының ашық түрі 
қолданылады. Мысалы: 1. Әулиеқыз әңгімесі тербеп басын көтеріп алды. (Ғ. 
Сл.) 2) Баймақан адамдарының тізімін алып үлгерді. (Ғ. М.) 3) Жиендігіңді 
істеп, менің бір жабағымды мін де қаш. (Б. С.) 
4) Жалқы есім сөздері көбіне табыс септік жалғаудың ашық турінде 
қолданылады. Мысалы: 1) Петрді ағаш басында бақылауда отырған Сергейге 
жібердім. (Ғ. Мүсір.) 2) Оразбай, Жиренше топтары жаңа болыс болған 


Күнтуды ортаға алды. (М. Ә.) 3) Ленинградты немістің әлі қоршап жатқан 
кезі. (Ғ. М.) 4) Осы мінезін айтып Мұхатты ажуалайтын. (Ғ. С.) 
5) Зат есім сөзінің орнына жүретін есімдіктер де табыс септік жалғауының 
ашық түрінде қолданылады. Мысалы: 1) Оны атамай, Қайырбек Баршагүлді 
қалайды. (Ғ. Сл.) 2) Соны іздеймін деп, түстен былайғы жұмысым қалды, (Ғ. 
М.) 3) Қазіргі шақта Базаралы келгелі бір жұмадай болса да, оны қала ішінде 
қарсы алған көңілдес ағайын күндіз-түн қонақ етеді. (М. Ә.) 
73-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, табыс жалғаулы сөздерді табыңдар. Олардың нсліктен 
ашық, жасырын түрде тұрғандығын түсіндіріңдер. 
Еламан ызылы еді, кітап оқып отырған Машаны көргесін ғана азырақ түсі 
жылыды (Ә. Нұрп.). Түс қайта қаруларымызды сайлап, резина қайықтарға 
отырдық («ҚӘ»). Снаряд жарылысынан пайда болған үйдей-үйдей толқындар 
қайықты аударып жіберді («ҚӘ»). Болған оқиғаны бастан-аяқ, ештеңесін 
жасырмай айтып берді (І.Е.). Бозторғай ертелі-кеш ән салып, көңілін көтеретін 
(М.Төр.). Терезенің алдында тұрған шамды ешкім өшірмепті. Нұрым басын 
көтеріп алды (Р.Тоқ.). Айғанша қолындағы балықты қамыс үстіне тастай 
салды да, екі жеңгесіне иек қақты (Ғ.Мұс.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет