б) сөз қатаң дауыссыз дыбыстардың біріне аяқталса, қосымша
-пыз,-піз
(ұшқыш + пыз, студент+піз) болып жалғанады.
Жіктік жалғаудың II жағының қосымшасы мына түрде жалғанады:
Ж е к е ш е к ө п ш е
А н а й ы т үр і
-сың -сің -сыңдар, сіңдер
(бала + сың, (бала + сыңдар,
( студент + сің) (студент + сіңдер)
С ы п а й ы т ү р і
-сыз, -сіз -сыздар, -сіздер
(бала + сыз, (бала + сыздар,
( студент + сіз) ( студент + сіздер)
Жіктік жалғаудың III жағының арнайы қосымшасы болмайды, баяндауыш
қызметінде қолданылған сөздің бастапқы тұлғасы жіктік
жалғаудың III жағы
ретінде түсініледі.
Есімдер болымды түрде де, болымсыз түрде де жіктеледі. Болымсыз түрде
жіктік жалғау қосымшасы есімдерден кейін қолданылатын
емес сөзіне
жалғанады.
Жіктік жалғау өзі жалғанған сөзді сөйлемнің баяндауыш мүшесі қызметіне
айналдырып, бастауышпен жақтастырып тұратын болғандықтан, ол сөздің тек
соңында ғана тұра алады. Жіктік жалғаудан кейін ешқандай қосымша
жалғанбайды, керісінше, жіктік жалғау қосымшасы өзге жалғау-лардан кейін
жалғана береді.
Жіктік жалғау қосымшасы тәуелдік жалғауының соңынан мынадай
тәртіппен жалғанады:
а) Тәуелдік жалғаудың біріиші жағының қосымшасы жалғанған сөзге тек
жіктік жалғаудың екінші жағының ғана қосымшасы жалғана алады. Өйткені,
ең алдымен, бірінші жаққа меншіктеу керек те, одан кейін екінші жақпен
теңдестіру керек. Мысалы:
Сен (менің) інімсің. Сендер (менің) оқушыларым-
Достарыңызбен бөлісу: