Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет120/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

75-жаттығу. Жатыс жалғаулы сөзді тауып, оның соңынан жақша ішіне сұрағын көрсетіп, 
сөйлем дерді көшіріп жазыңдар. 
1. Тәжірибе шуағында ақыл атаулы осылай жетіледі ғой. (Ғ. Сл.) 2) Мек-
тепте педкеңес болып жатыр. (Б. С.) 3) Мұншама жақсы жағдайда егіс 
жоспарын тез орындау — тек адамдардың ғана колындағы іс. (С. М.) 4) 
Айсұлтан енді өз жүрегінде екі қам-тілек, екі арман туғанын айтты. (Б. С.) 
 5) Бұл төрт жігіттің бірге тұратын отбасыларында жиырма бес адам бар.
(М. М.) 6) Ап-ашық күндерде де сахарада аяқ астынан қара құйын шыға 
келеді. (X. Е.) 7) Мал қораларда ақ саулық жоқ болып шыкты. (Р. Ә.) 
 8) Шалтай тура қарауға бата алмай, көз қырын тастап еді, Күлтайда 
жаңағының бірі жок. (Ә. Ә.) 9) Жоқ, әлде осы Базаралының ісінде қазақ 
сахарасындағы правосыз, қорлықта жүрген көп кедейдің бәрінің көңілін, 
тартысын білдірген шындық бар ма? (М. Ә.) 10) -Коммуналарыңда тәртіп 
қалай?— деді (Ғ. Мүсір.)
 
 6. Шығыс септік. Шығыс септік жалғауының зат есім сөзіне жалған-
ғандағы сөздің лексикалық мағынасына қосымша тудыратын грамматика-лық 
мағынасы, негізінде, барыс септік жалғауының мағынасына қарама-қарсы 
болып келеді. Барыс септік жалғауы қимылдық процестің бет алыс бағытын 
білдірсе, шығыс септік жалғауы қимылдың өкше ізін, қайдан басталғандығын 
білдіреді. Мысалы: Олар мектепке кетті. Олар мек-тептпен келді.  
Сонымен қатар, шығыс септік жалғауы белгілі нәрсенің, заттың неден, 
қандай материалдан жасалғандығын білдіреді. Мысалы: Үйді ағаштан да, 
тастан да салады. Алтыннан, күмістен істелген бұйымдар өте қымбат 
болады. 
Кейін, соң, бері, әрі шылаулары зат есім сөзіне тіркесіп айтылса, зат есім 
сөзінің шығыс септік жалғауда тұруын талап етеді. 
Әрі, бері шылаулары тіркесіп айтылған шығыс жалғаулы зат есім сөздері 
қимылдың орнын, мекенін білдіреді. Мысалы: Ауылдың барлық бойдақ малы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет