Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


§ 59 Зат есімнің жіктік категориясы және жіктік жалғаулары



Pdf көрінісі
бет127/337
Дата26.09.2023
өлшемі3.22 Mb.
#478549
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   337
аза тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис

§ 59 Зат есімнің жіктік категориясы және жіктік жалғаулары 
Зат есім сөздері сөйлемдегі өзге сөздермен синтаксистік байланысқа ену 
үшін тек көптеліп, тәуелденіп, септеліп қана қоймайды, сонымен қатар 
жіктеліп те қолданылады.Жіктік жалғаулары сөйлемнің баяндауышына 
жалғанатын қосымшалар болғандықтан, зат есім сөздерінің жіктік жалғаулары 
арқылы түрленуі оның синтаксистік қызметімен байланысты. Мысалы: Мен
студенттін, сен студентсің, ол студент дегенде сөйлеуші, тыңдаушы және 
бөгде адамдардың кім екендіктері көрсетіліп, бір-бірінен аралары ашылып, 
жіктеліп айтылып тұр. Бұны зат есімнің жіктік категориясы дейді және ол 
жіктік жалғаулары арқылы көрінеді. 
Жіктік жалғау, негізінде, зат есім сөздеріне жалғанатын морфологиялық 
косымша. Сонымен қатар, жіктік жалғау зат есімнің үлгісімен өзге есім 
сөздеріне де (сын есім, сан есім, есімдік), модальдық сөздерге де жалғанады. 
Мысалы: Мен жұмысшымын. Сен дәрігерсің. Мен жаспын. Сен егіншісің. 
Мұны істеген сенсің. Есепті бірінші болып шығарған менмін. Біз азбыз
Сендер көпсіңдер. 
Сөйтіп, есім сөздерінің жіктік жалғау қосымшаларының жалғануы 
арқылы түрленуін з а т е с і м н і ң ж і к т е л у і дейді. 
Жіктік жалғаудың үш жағы және жекеше, көпше түрлері болады. 
Жіктік жалғаудың I жағының қосымшалары буын үндестігі және дыбыс 
үндестігі бойынша мына сияқты болып құбылып жалғанады. 
Ж е к е ш е тү р і н д е : 
а) сөз дауысты және үнді дыбыстарының біріне аяқталса, жіктік жалғау 
қосымшасы -мын, -мін  (бала+ мын, іні+мін, адам+ мын, ер-\-мін) болып 
жалғанады; 
ә) сөз ұяң з, ж дыбыстарының біріне аяқталса, қосымша -бын, -бін (қыз+ 
бын, кербез+бін) болып жалғанады;
б) сөз қатаң дауыссыз дыбыстардың біріне аяқталса, қосымша -пын,- пін 
(ұшқыш + пын, студент + пінболып жалғанады. 
К ө п ш е т ү р д е: 
а) сөз дауысты және үнді р, л, й, у дыбыстарының біріне аяқталса, 
қосымша -мыз, -міз (бала+ мыз, іні + міз, оқушы +мыз, инженер+ міз) болып 
жалғанады; 
ә) сөз үнді м, н, ң дыбыстарының біріне аяқталса, қосымша -быз, -біз
(адам+ быз, тең+ бізболып жалғанады. 


б) сөз қатаң дауыссыз дыбыстардың біріне аяқталса, қосымша -пыз,-піз 
(ұшқыш + пыз, студент+піз) болып жалғанады. 
Жіктік жалғаудың II жағының қосымшасы мына түрде жалғанады: 
Ж е к е ш е к ө п ш е
А н а й ы т үр і -сың -сің -сыңдар, сіңдер 
(бала + сың, (бала + сыңдар, 
( студент + сің) (студент + сіңдер) 
С ы п а й ы т ү р і -сыз, -сіз -сыздар, -сіздер 
(бала + сыз, (бала + сыздар, 
( студент + сіз) ( студент + сіздер) 
Жіктік жалғаудың III жағының арнайы қосымшасы болмайды, баяндауыш 
қызметінде қолданылған сөздің бастапқы тұлғасы жіктік жалғаудың III жағы 
ретінде түсініледі. 
Есімдер болымды түрде де, болымсыз түрде де жіктеледі. Болымсыз түрде 
жіктік жалғау қосымшасы есімдерден кейін қолданылатын емес сөзіне 
жалғанады. 
Жіктік жалғау өзі жалғанған сөзді сөйлемнің баяндауыш мүшесі қызметіне 
айналдырып, бастауышпен жақтастырып тұратын болғандықтан, ол сөздің тек 
соңында ғана тұра алады. Жіктік жалғаудан кейін ешқандай қосымша 
жалғанбайды, керісінше, жіктік жалғау қосымшасы өзге жалғау-лардан кейін 
жалғана береді. 
Жіктік жалғау қосымшасы тәуелдік жалғауының соңынан мынадай 
тәртіппен жалғанады: 
а) Тәуелдік жалғаудың біріиші жағының қосымшасы жалғанған сөзге тек 
жіктік жалғаудың екінші жағының ғана қосымшасы жалғана алады. Өйткені, 
ең алдымен, бірінші жаққа меншіктеу керек те, одан кейін екінші жақпен 
теңдестіру керек. Мысалы: Сен (менің) інімсің. Сендер (менің) оқушыларым-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   337




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет