болжап көрсететін сан есімді б о л ж а л д ы қ с а н е с і м дейді. Болжалдық сан есім сөздері есептік сан есімдерден мына сияқты жолдармен
жасалады:
а) есептік сан есім сөздеріне–лаған, -леген, -даған, -деген,- таған, -теген; -лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Бұл
жұрнақтар көбінесе ондық, жүздік сандарға жалғанады. Мысалы: ондаған, жүздеген, мыңдаған,ондап, жүздеп, мыңдап; ә) есептік сан есімдерге көптік жалғау қосымшасы жалғанып, одан кейін
септік жалғау қосымшаларының бірі жалғану арқылы да болжалдық сан есім
жасалады. Мысалы: Педагогикалық практика қорытындысы бойынша конференция сағат екілерде басталады. б) Есептік сан есім сөздерін қосарлап қолдану арқылы да болжалдық сан
есім тудыруға болады. Мұндай сандар қос сөз ретінде дефис арқылы
жазылады. Мысалы:Екі-үш рет ескерту жасалды. Кейде қосарланып айтылған есептік сан есімнің соңғы сыңарына –лаған, -- даған, -таған, -лап, -дап, -тап жұрнақтары жалғанып та айтылады . Мысалы: бірді-екілеген он бес-жиырмалаған, алпыс-жетпістеп; в) Есептік сан есім сөздерінен кейін шақты, шамалы, қаралы, тарта, таман, жақын, жуық сияқты сөздердің тіркесіп айтылуы арқылы да
болжалдық сан есім жасалады. Мысалы: Жүзге тарта, екілерге таман, қырық шақты, жүз шамалы; 96-жаттығу. Төмендегі цифрмен жазылған есептік сан есімдерді сөзбен жазыңдар.
2 ,4, 6, 8, 11, 13, 15 ,22, 35, 46, 69, 71, 82, 93, 128, 236, 1959, 2736
173
98-жаттығу. Төмендегі берілген есептік сан есімдерден реттік, жинақтық және болжалдық
сан есім сөздерін жасаңдар.
1,2 , 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 15, 19, 26, 37, 66, 89, 178, 200, 500, 1000. 99-жаттығу. Төмендегі берілген есептік сан есімдерден топтау және бөлшектік сан есімдер
тудырып, әрқайсысына бес-бестен сөйлем ойлап жазыңдар.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 ,20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100.