§ 68. Сан есімнің түрлері
Сан есімдер тұлғалық құрылысына қарай дара және күрделі болып екіге
бөлінетіні сияқты, мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді: 1) есептік 2) реттік 3)
жинақтық 4) бөлшектік 5) топтау 6) болжалдық.
1.Есептік сан есім. Бірөңкей заттарды есептеп, нәрсенің дәл санын
көрсету үшін қолданылатын сандарды е с е п т і к с а н е с і м дейді.
Есептік сан есімдер н е ш е ?, қ а н ш а ? деген сұрақтардың біріне
жауап береді. Мысалы: Он бес оқушы, жиырма мектеп.
Есептік сан есім заттың дәл санын білдіру үшін қолданылатын болғандық-
тан, зат есім сөзімен тіркесіп айтылады. Сондықтан есептік сан есім белгілі
нәрсенің дәл санын көрсету үшін зат есім сөзімен тіркесіп айтылғанда,
септелмейді, тәуелденбейді, ешқандай өзгеріссіз қалып отырады. Мысалы: бес
оқушы, бес оқушының, бес оқушыға, бес оқушыны, бес оқушыда, бес
оқушыдан,бес оқушымен; бір кітабым бар,бір кітабың бар,бір кітабы бар.
Ал есептік сан есім зат есімге тіркесіп айтылмай, арифметикалық белгі
ретінде қолданса,зат есімнің үлгісімен септеледі. Мысалы: Бір жүз елуден
қырық бесті кемітсе,бір жүз бес қалады. Жетіні беске көбейтсе,отыз бес
болады.
Күрделі сан есімер бөлек жазылады: қырық алты,бір мың тоғыз жүз.
Цифрмен жазылған сан есімдерге қосымшалар дефис арқылы жалғанады.
Мысалы: Ол биыл 45-ке шығады. 60-ты 7-ге қалдықсыз бөлуге келмейді.
93-жаттығу
.
Мына цифрмен жазылған сандарды сөзбен көшіріп жазыңдар да, олардың
ішінен,таңдауларың бойынша,бес санды цифрмен жазып,әр түрлі қосымша жалғап
жазыңдар.
2,3,4,5,6,7,13,18,22,96,105,1874.
2.Реттік сан есім.Заттың қатар санын білдіретін сан есім сөзін р е т т і к
с а н е с і м дейді.
Есептік сан есім сөздеріне дауысты дыбыстардан кейін –ншы,-нші,
дауыссыз дыбыстардан кейін –ыншы,-інші жұрнақтары жалғану арқылы
реттік сан есім жасалады. Мысалы: алты-ншы,тоғыз-ыншы, екі-нші, бес-
Достарыңызбен бөлісу: |